^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жексенбі, 28 мамыр 2017
 
     
 
Баспасөз қызметі / Баспасөз-релиз
23 мамыр 2017
«Сәтті қадам» бос жұмыс орындар жәрмеңкесінің өткізілуі бойынша пресс-релиз
19 мамыр 2017
«Сымбат» сән академиясы 70 жылдық мерейлі мерекесін атап өтті

Алматы «Сымбат» сән академиясының мерейлі жасына орай салтанатты кеш өтті. Қазақстанда ұлттық әрі эксклюзивті киім тігу индустрияысының негізін қалаған, кезінде тарихы мен шығармашылық қызметін тігін атльесі ретінде бастаған жоғары оқу орны бүгінгі күні Жоғары сән саласындағы отандық ірі кәсіпорынға айналған.

19 мамыр 2017
Алматыдағы орталық ипподромда ұлттық спорт түрлерінен «Ұлы дала ойындары» республикалық фестивалі өтуде

«Ұлы дала ойындары» ұлттық спорт түрлерінен өтіп жатқан республикалық фестивальге Қазақстанның әр аймағынан спортшылар қатысуда. Фестиваль «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында өтуде, оған қатысушылар саны рекордтық көрсеткішке, 600-ге жуық спортшыға жетуде.

15 мамыр 2017
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру
11 мамыр 2017
Алматы әкімі Наурызбай ауданындағы әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылыс барысын тексерді

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Наурызбай ауданын дамыту бойынша көшпелі жиын өткізді, мұнда жақын арада жаңа әкімшілік орталықтың, 1200 орынды мектептің, күніне 500 және 200 адам қатынайтын екі емхананың құрылыс жұмыстары аяқталатын болады.

28 сәуір 2017
Алматының қалақұрылысы кеңесі бірқатар жобаларды бекітті

Қала құрылысы кеңесінде арнайы жеке мектептің және екі мыңнан астам жұмыс орнын ашатын, кейін оның 100-і тұрақты болатын көппәтерлі төрт тұрғын үй кешендерінің құрылысын салу жобалары мақұлданды. Бұлардан өзге, жеке қаржы есептерінен мектеп жанынан қосалқы нысан және төрт бала бақша салынады, оның екеуі коммуналды меншікке беріледі. Құрылысты жүргізушілер бір жарым мың орынды көлік тұрағын салуға, қаланың екі мың гектардан астам аумағын жасылдандыруға міндеттенді.

21 сәуір 2017
Б.Байбек - Алматыда құрылыс нысандарын салудың басты әлеуеті сапа мен сейсмикалық төзімділік болуы тиіс

Алматы әкімі типтік және жеке жобаларды жасайтын, нысандардың сейсмикалық төзімділігін анықтайтын, құрылыста заманауи ақпараттық технологияны қолдануды зерттейтін Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми -зерттеу, жобалау институтының жұмысымен танысты. Бауыржан Байбек қала басшылығы үшін Алматыда құрылыс нысандарын салудың басты әлеуеті сапа мен сейсмикалық төзімділік болуы тиіс екендігін ерекше атап өтті.

20 сәуір 2017
Алматы әкімі Бауыржан Байбек сингапурлық бизнесмендерді Қазақстанға инвестиция салуға шақырды

Бүгін Алматыда «Алматы-Сингапур» бизнес – форумы өтіп, оның жұмысына Сингапур Республикасының сауда, индустрия және ұлттық дамудың мемлекеттік министрі Ко По Кун, Сингапур Республикасының денсаулық сақтау, коммуникация және ақпарат жөніндегі мемлекеттік министрі Чи Хун Тат, Сингапурдың экономикалық даму кеңесінің басшысы Льюнг Фиона және ірі сингапурлық компаниялардың басшылары мен бизнес өкілдері қатысты.

19 сәуір 2017
Алматыда XVII қазақстандық халықаралық «Туризм және саяхат» көрмесі ашылды

Алматыда XVII қазақстандық халықаралық «Туризм және саяхат» көрмесі жұмысын бастады. KITF 2017 туризм мен саяхат саласында Қазақстан мен Орта Азиядағы ірі форум болып табылады. Көрменің ашылу салтанатына Алматы әкімі Бауыржан Байбек, Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, ҚХР-ның туризм істері жөніндегі Мемлекеттік басқармасы басшысының орынбасары Ду Цзян, көрмелер компанияларының басшылары, дипломатиялық корпус өкілдері және басқалары қатысты.

18 сәуір 2017
Алматы қалалық «Нұр Отан» Партиясымен бірлесіп Алматы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, Дін істері жөніндегі басқармаларымен және Алматы қалалық халықты жұмыспен қамту орталығы Жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 -2021 жылдарға арналған Бағдарламасы шеңберінде жұмыс іздеуші азаматтарға арналған Бос жұмыс орындар жәрмеңкесін өткізеді.
Беттер: 1 2 3 4 5 6 »
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2017 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13