^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жексенбі, 22 қаңтар 2017
 
     
 
Әлеуметтік қорғау
Беттер: 1 2 »

Әлеуметтік көмек
Атаулы әлеуметтік көмек. 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі № 246-II «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек» туралы Заңына сәйкес отбасының жан басына шаққандағы орташа айлық табысы белгіленген кедейлік шегінен төмен отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек көрсетіледі. Кедейлік шегі әр тоқсан сайын ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бұйрығымен бекітіледі және нақты аймақтағы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 40 %-ын құрайды. Алматы қаласы бойынша 2015 жылдың 4 тоқсанына күнкөріс деңгейі 22 593 теңгені, кедейлік шегі – 9 037 теңгені құрайды. Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін өтініш иесі тұрақты тіркеуде тұратын жері бойынша Басқарманың аудандық бөліміне келесі құжаттарды тапсырады:

1) отбасы құрамы туралы мәліметтер;
2) адамның (өтініш берушінің отбасы мүшелерінің) тапқан табысы туралы мәліметтер;
3) жеке қосалқы шаруашылығының бар-жоғы туралы мәліметтер;
4) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысқан жағдайда, әлеуметтік келісімшарттың көшірмесі;
5) өтініш берушінің (отбасы мүшелерінің) тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі.

 Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына көрсетілетін әлеуметтік көмек .

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы                             № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына (бұдан әрі – Үлгілік қағида), Алматы қаласы мәслихатының 2013 жылғы 12 қыркүйектегі № 175 «Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы», 2013 жылғы 28 қарашадағы № 183 «Әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешімдеріне (бұдан әрі – шешімдер) сәйкес, Алматы қаласы бойынша келесі әлеуметтік көмектер көрсетіледі:

 1. Жарты жылда бір рет көрсетілетін мөлшері 6 айлық есептік көрсеткішті құрайтын (немесе 11 892 теңге) әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысы күн көріс деңгейінің 3 есе мөлшерінен аспайтын азаматтардың келесі санаттарына көрсетіледі:
арнайы мемлекеттік жәрдемақы алмайтын зейнет жасына жеткен зейнеткерлерге;
арнайы мемлекеттік жәрдемақы алмайтын, бірақ жас ерекшелігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатындарға;
бүйректің жеткіліксіздігі созылмалы ауруы бар бірінші топтағы мүгедектерге;

Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз жауынгерлік қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы ордендерімен және медальдарымен марапатталған тұлғаларға, 1941 жылдың 22 маусымы мен 1945 жылдың 9 мамыры аралығында кем дегенде алты ай еңбек еткен (қызмет атқарған) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз жауынгерлік қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған және аталған санат бойынша арнайы мемлекеттік жәрдемақы алатын тұлғаларға;
2. Әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысы күн көріс деңгейінің алты есе мөлшерінен аспайтын азаматтардың келесі санаттарына ай сайын 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі:

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;
Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге тұрмаған жесірлеріне;
Ауғанстандағы соғыс қимылдары кезінде қаза тапқан (хабарсыз кеткен) немесе жаралану, контузия алу, мертігу, аурудың салдарынан қайтыс болған әскери қызметшілердің ата-аналарына, зайыбына (жұбайы);
3. Өрттің немесе табиғи зілзаланың салдарынан зардап шеккен азаматтарға ақшалай төлемдер тұрғын үйінен айрылғанда, бүлінгенде, елеулі зиян келгенде отбасына 100 айлық есептік көрсеткішке дейін әлеуметтік көмек көрсетіледі. Әлеуметтік көмек төтенше жағдай туындаған күннен бастап алты айдан кешіктірілмей көрсетіледі;
4. Жан басына шаққанда орташа табысы күн көріс деңгейінің екі есе мөлшерінен аспайтын азаматтарға әлеуметтік көмек 7 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі;
5. Үлгілік қағида мен шешімдерге сәйкес ыстық және (немесе) суық сумен жабдықтаудың жеке есептеуіш құралдарын сатып алу, орнату немесе тексеруден өткізу шығындарын өтеуге арналған әлеуметтік көмек жан басына шаққанда орташа табысы күнкөріс деңгейінің үш есе мөлшерінен аспайтын төменде көрсетілген азаматтарға бір құрал үшін 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспайтын көлемде көрсетіледі:
1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және (немесе) тұрғын үй көмегін алатын тұрмыс жағдайы төмен азаматтарға (отбасыларға);
2) бірге тұратын төрт немесе одан да көп кәмелет жасына толмаған балалары бар көпбалалы отбасыларына;
3) бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектерге;
4) зейнет жасына жеткен зейнеткерлерге.

Әлеуметтік көмектің аталған түрі 2013 жылдың 1 тамызынан бастап ыстық және (немесе) суық сумен жабдықтаудың сатып алынған, орнатылған немесе тексеруден өткізілген жеке есепке алу құралдарына көрсетіледі.
Жоғарыда аталған әлеуметтік көмекті алу үшін өтініш білдіруші тіркелген мекен-жайы бойынша аудандық бөліміне келесі құжаттармен бірге өтініш толтырады:
1) жеке басын куәландыратын құжат;
2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат;
3) адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтерді;
4) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтер;
5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын құжаттар. 

Балалы отбасыларына берілетін мемлекеттік жәрдемақылар. 

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы № 63-III «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Заңына сәйкес, 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға жәрдемақы тағайындау мен төлемін жүргізеді. 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға жәрдемақы, отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы табысы азық-түлік себетінің құнынан төмен болған жағдайда тағайындалады. Азық-түлік себетінің құны ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 %-ын құрайды. Алматы қаласы бойынша 2015 жылдың 4 тоқсанына күнкөріс деңгейі 22 593 теңгені, азық-түлік себетінің құны– 13 556 теңгені құрайды. Аталған жәрдемақының мөлшері 1,05 айлық есептік көрсеткішті құрайды немесе әр балаға 2 082 теңге.

Балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау үшін өтініш иесі тұрақты тіркеуде тұратын жері бойынша Басқарманың аудандық бөліміне келесі құжаттарды тапсырады:
1) белгіленген үлгідегі өтініш;
2) баланың (балалардың) тууы туралы куәлігінің (куәліктерінің) көшірмесі (көшірмелері);
3) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
4) отбасының тұрғылықты жерін растайтын құжаттың көшірмесі (азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекенжай бюросының анықтамасы, не ауылдық (селолық) округ әкімінің анықтамасы);
5) отбасының құрамы туралы мәлімет;
6) өткен тоқсандағы отбасы мүшелерінің табысы туралы мәлімет. 

Тұрғын үй көмегінің көлемі және көрсету тәртібі   

Алматы қаласында тұрақты тұратын және тіркелген аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарды, ағымдағы тұрғын үй коммуналдық қызметтерді, телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін, жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысын, тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын өтеу үшін V сайланған Алматы қаласы мәслихатының XXVІІ сессиясының 2014 жылғы 2 маусымдағы № 232 шешімімен бекітілген Алматы қаласындағы тұрғын үй көмегінің мөлшерін анықтау және көрсету Ережесінің негізінде тұрғын үй көмегі көрсетіледі. Бұл көмек жоғарыда аталған қызметтерді төлеуге арналған шығындар отбасы бюджетінің жалпы табысының 10 пайыздық үлесінен асатын жағдайда көрсетіледі.

Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) уәкілетті органға өтініш береді және мынадай құжаттарды ұсынады:
1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) тұрғын үйге құқық беретін құжаттың көшірмесі;
3) өтініш берушінің тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі немесе мекенжай анықтамасы;
4) отбасының табысын растайтын құжаттар. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртібін тұрғын үй қатынастары саласындағы уәкілетті орган белгілейді;
5) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттың көшірмесі;
6) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттың көшірмесі;
7) телекоммуникация қызметтеріне арналған түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
8) жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шоттың көшірмесі;
9) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұратындарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге қолданылатын түбіртек-шоттың көшірмесі. 

Үйде  оқытылатын мүгедек балалардың отбасыларына берілетін жәрдемақы 

V сайланған Алматы қаласы мәслихатының 2013 жылғы                       19 желтоқсанындағы XXIII сессиясының № 196 «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы» шешіміне сәйкес кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде жұмсаған шығындарын өндіру үшін жергілікті бюджет есебінен тоқсанына 6,5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, 12 883 теңге әлеуметтік көмек төлемі жүргізіледі.

Аталған көмекті алу үшін Басқарманың аудандық бөлімдеріне мынадай құжаттарды ұсынады:
1) алушының жеке басын куәландыратын құжаты;
2) баланың туу туралы куәлігі;
3) алушы мен баланың тұрақты тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттары;
4) Алматы қаласы Білім басқармасының қалалық психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссиясы беретін Алматы қалалық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес тұжырымы;
5) мүгедектігі туралы анықтама;
6) банк шотының болуы туралы құжат.

Санаторий-курорттық емделуге әлеуметтік көмек

Алматы қаласы мәслихатының «Санаторий – курорттық емделуге мұқтаж азаматтардың жекеленген санаттарына әлеуметтік көмек туралы» 2011 жылдың 29 сәуірінде № 425 шешіміне сәйкес белгіленген тәртіпте тіркеуге алынған және Алматы қаласында тұрақты тұратын азаматтардың келесі санаттарына санаторий-курорттық емделуіне жолдама беру жолымен әлеуметтік көмек белгіленген:

1)            Ұлы Отан соғысы қатысушылары мен мүгекдетеріне тегін;
2)    Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдарға, сондай-ақ мемлекеттік наградалармен марапатталмаған, 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырға дейінгі кезеңде кемінде 6 ай жұмыс істеген (қызмет атқарған) адамдарға мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің есебінсіз алатын зейнетақысының 25 % мөлшерінде;
3)    жасына байланысты зейнетке шыққан зейнеткерлерге мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің есебінсіз алатын зейнетақысының 25 % мөлшерінде.


Беттер: 1 2 »
 
     
   
 
   
Сервисы Казпочты
 
 
 
 
Все права на материалы, размещенные на этом сайте, принадлежат Акимату г. Алматы
© 2005-2015 РК , 050001 г. Алматы, площадь Республики, 4 Информационное наполнение и сопровождение: Пресс-служба акима г. Алматы Телефон Пресс-службы акима г. Алматы: +7 (727) 271-65-13
Email: smi@a-a.kz