^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Бейсенбі, 27 шілде 2017
 
     
 

Мегаполистердің шетелдік тәжірибесін де ескере отырып, Алматы қаласының экологиялық жағдайын жақсарту жөнінде шараларды іске асыру туралы ақпарат

Атмосфералық ауаны қорғау бойынша:

1) жеке тұрғын үй секторы мен жылу энергетика кәсіпорындарын газбен қамту жүргізілуде:

- жалпы сомасы 1 млрд. теңгеге шамамен 80 км газ желісі тартылды;

- 1-ЖЭО толық табиғи газбен жұмыс істейді;

- Алатау және Әуезов аудандарындағы білім және денсаулық сақтау объектілерінің 15 автономиялы қазандықтары табиғи газға көшірілді;

- Алматы қаласын үзіліссіз газбен жабдықтау үшін 2-ГТС қуаттылығын сыртқа шағыру бойынша жобаны іске асыру шеңберінде 2014-2015 жылдары қаланың шығыс бөлігінде 28 км айналма газ құбыры салынды;

- АГТС-дан Батыс жылу кешеніне дейін газ құбырын тарту бойынша жобаның 2-ші кезегі іске асырылуда. Бүгінгі күні 16 км газ құбыры (2014-2015жж.) тартылды, болжамды аяқтау мерзімі – 2016 жылдың тамызы.

2) көлік стратегиясын іске асыру шеңберінде қоғамдық жолаушылар және коммуналдық көлікті экологияландыру бойынша шаралар қабылдануда;

- 2015 жылдың 18 сәуірінде Алматы метрополитенінің тағы 2 стансасы пайдалануға берілді: Абай даңғылы мен Тілендиев көшесінің қиылысында «Мәскеу» және «Сайран» стансалары; метро вагонының 7 құрамы жұмыс істеуде, жолаушылар легі тәулігіне 40 мың адамға дейін артты (2014 жылы тәулігіне 24 мың адамды құраған). Метрополитенді пайдалану үшін 2015 жылы жергілікті бюджеттен 3,7 млрд. теңге бөлінді.

Метроның бірінші желісінің екінші кезегінің екінші іске қосу кешенін салу бойынша жұмыстардың шеңберінде (2017-2019 жж.) жер телімдерін алып қою және сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Жол Абай даңғылының астымен Алтынсарин даңғылынан Яссауи даңғылына дейін батысқа қарай салынатын болады (терең орналасқан «Сары арқа» стансасы және жер бетіне жақын орналасқан «Достық» стансасы);

- Троллейбус бағыттары оңтайландырылды, 11 троллейбус бағытының орнына 8-і жұмыс істеуде, онда 176 бірлік троллейбус (теңгерімдегі 215-тің) қызмет көрсетуде. Трамвайлардың қатысуымен орын алған жол-көлік оқиғаларына байланысты, сондай-ақ жолдарының жағдайы қанағаттанарлықсыз болғандықтан, оларды пайдалану уақытша тоқтатылды;

- тұрғындарға қызмет көрсету үшін КТГ-мен жүретін 400 бірлік такси сатып алынып, «Эко-Такси» жеке тасымалдаушыға берілді;

- ШЖҚ «Алматы тазалық» КМК-да 33 бірлік коммуналдық арнайы техника компримирленген газбен жұмыс істейді;

- 2013 жылғы 15 қаңтардан бастап қалаға кіре берісте көліктерден шығатын улы газ және түтіннің улылық нормасына бақылау жүргізетін 13 экологиялық пост жұмыс істейді. 2015 жылы 34 557 көлік жүргізушісі түтін мен улы газ нормасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды (оның ішінде қалалық – 10211 және сырттан кіргендер – 24346; қайтара ұсталғандар - 2333), жалпы сомасы 146 333 042 теңгеге әкімшілік айыппұл салынды, оның шінде өндірілгені 95 929 973 теңге (өткен жылдардағыны қоса есептегенде).

- жанар-жағармай құю стансаларында (ЖҚС) сатылатын көлік жанармайларының сапасына мониторинг жүргізілуде, 2015 жылы 179 жанармай құю стансасынан жанармайдың және дизельді отынның сынамалары сатып алынды. Оның ішінде 36 ЖҚС-дан алынған 48 сынымада (30 сынама – бензин, 18 сынама дизельді отын бойынша) жанармайдың октан саны және жарқылдау температурасы бойынша нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес еместігі анықталды. Қабылданған өзара іс-қимыл тетіктеріне сәйкес заң бұзушылар туралы мәліметтер мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасына жіберілді;

3) Қоғамдық жолаушылар көлігі инфрақұрылымын дамыту бағдарламасы шеңберінде:

- жаңа коммуналдық автобус паркінің құрылысына ЖСҚ әзірленді, мемлекеттік сараптаманың қорытындысы алынды. Экономикалық жағдайға және құрылысты қаржыландырудың болмауына байланысты уақытша тоқтатылды;

- қаланың шекараларында әрқайсысы 5000 орындық автотұрағы бар 3 жаңа автовокзал салу жоспарланып отыр: Батыс автовокзалы - Райымбек даңғылының солтүстігі Әуезов көшесінің қиылысы (Қалқаман шағынауданы); Шығыс автовокзалы - Құлжа күре жолы Рысқұлов даңғылының шығысы, «Жетісу» базарына қарама-қарсы; Солтүстік автовокзалы - Қапшағай жолынан батысқа қарай. «Алматы қаласы Алатау ауданында «Батыс» автовокзалының құрылысы» жобасының ТЭН-і әзірленді, мемлекеттік сараптаманың қорытындысы алынды, жобаны іске асыру үшін инвесторлар іздестірілуде. «Шығыс» автовокзалының құрылысына ТЭН дайындалуда.

- жергілікті бюджет қаражаты есебінен (250 млн. теңге) 2014 жылы жеңіл рельсті көлік (ЖРК) жобасының ТЭН-і әзірленді, мемлекеттік сараптаманың қорытындысы алынды. Бағыттың жолы анықталды: батыс автовокзалы (Қалқаман шағынауд. солтүстігі) - Райымбек даңғылы - Момышұлы – Төле би – Панфилов – Мақатаев – Жетісу көшелері. Сондай-ақ, бекітілген сызбаға сәйкес қаланың экологиясын жақсарту және тұрғындарға қолайлы болу үшін Панфилов көшесі Төле би көшесінен Мақатаев көшесіне дейін жаяу жүргіншілер аймағы болып белгіленді.

ЕҚҚжДБ және БҰҰ Даму бағдарламасының қолдауымен бұл жобаны мемлекеттік - жеке меншік әріптестік негізінде қаржыландырудың нұсқалары пысықталуда;

- Алматы қаласының аумағында Бірыңғай автоматтандырылған паркинг жүйесін құру бойынша жұмыс жүргізілуде. Солтүстік айналым көшесінің бойында, сауда базарларының іргелес аумақтарында 2797 орындық көлік қоюға арналған алаңдық үлгідегі 9 тұрақ ұйымдастырылды және пайдалануға берілді. Пайдаланушы ұйым «Алматы ХХІ ғасыр» ЖШС (алаңдық үлгідегі автотұрақтың жалпы алаңы - 3,5578 га, 600 көлік орны) жергілікті бюджетке 2014 жылғы шілдеден 2015 жылғы желтоқсан аралығында 9 963 000 теңге аударды. «Байсат» ЖШС және «Рикеа» ЖШС автотұрақтарынан жергілікті бюджетке ақша қаражаты жылдың соңына дейін түседі деп күтілуде.

Алматы қаласының аумағындағы ақылы тұрақтар жүйесін жетілдіру, соның ішінде Алматы қаласының аумағындағы ақылы тұрақтарды басқарудың бірыңғай жүйесін ұйымдастыру бойынша ұсыныстар әзірленуде. Бірыңғай жүйе қабылданғанға дейін көшедегі коммуналдық тұрақтардағы төлем алынып тасталды. Көп деңгейлі паркингтер құрылысына ұсыныстар мен инвесторлар іздестірілуде.

4) қоғамдық көлік қозғалысының сызбасын оңтайландыру және жаяу жүргіншілер аймақтарын және веложолдар жасау жүргізілуде:

- қоғамдық көлік қозғалысының жылдамдығын арттыру, кедергісіз жүруін, және жолдардағы жеке көліктердің санын онтайландыру мақсатында 2015 жылғы 15 маусымнан бастап автобустар мен троллейбустар үшін арнайы жолақтар енгізілді (Абай даңғылы және Солтүстік айналым көшесі бойы);

- Алматы қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 17 ақпандағы №1/194 қаулысымен «Алматы қаласында жылдамдығы жоғары автобуспен тасымалдау (ЖЖАТ) жүйесі құрылысының» ТЭН-ін әзірлеуге 149 600 мың теңге бөлінді. Орбита шағынауданы - Мұстафин - Сүлейменов - Жандосов - Тимирязев - Желтоқсан - Қабанбай батыр - Қалдаяқов - Төле би көшелері - Шығыс айналма көлік жолы - Шығыс автовокзалы пилоттық дәлізі таңдап алынды. БҰҰДБ - ЖЭҚ-ның «Алматы қаласының тұрақты көлігі» бағдарламасының шеңберінде «ЖЖАТ жүйесі бойынша жылдамдығы жоғары қоғамдық көлікті» дамытудың (автобустардың арнайы бөлінген қозғалыс жолағымен жүруі) алдын ала ТЭН-і әзірленді. ТЭН әзірленуде. Жобаны іске асыру 2017-2018 жылдарға жоспарланған;

- қаланың орталығында көлік қозғалысын шектеуді енгізудің нұсқалары пысықталуда. Я.Гейлдің ұсыныстарына сәйкес қаланың барлық аудандарында велосипед жолдарымен, спорттық жабдықтарымен 9 жаяу жүргіншілер аймағы, аумақтары көріктендіріле отырып, ұйымдастырылды. Алматы қаласындағы веложолдардың жалпы ұзындығы шамамен 24 км құрайды, соның ішінде қаланың орталық бөлігінде Абай даңғылының бойында - 2,4 км, Достық даңғылы - Жолдасбеков көшесі - Сәтбаев көшесі - Достық даңғылы шаршысындағы көшелердің бойында - 2,4 км, Орталық мәдениет және демалыс саябағында жалпы ұзындығы 2,6 км велосипед жолдары ұйымдастырылған, Момышұлы көшесінің бойында 11,7 км, Рысқұлов даңғылы 3,0 км, Үлкен Алматы каналының бойында 1,1 км. Велотұрақтар орнату бизнес - құрылымдар және қоғамдық бірлестіктерді тартумен жүзеге асырылуда - барлығы сыйымдылығы 700-900 вело орын болатын шамамен 120 велотұрақ бар, соның ішінде Б. Шолақ атындағы Спорт сарайының алдында (14 орынға) және Абай мен Абылай хан даңғылдарының қиылысында (16 орынға) велосипедті жалға берудің автоматтандырылған пункті жұмыс істеуде. Болашақта кезең-кезеңмен жалға беру желісін 200 пунктке дейін кеңейту жоспарлануда.

- демеушілердің қаражаты есебінен жалпы сомасы 700 млн. астам теңгеге, жалпы пайдаланудағы жерлерде және аула ішіндегі аумақтарда 110 астам балалардың спорттық және ойын алаңдарын құру ұйымдастырылды. Оның 70 %-дан астамы қосылған аумақтарда және қаланың төменгі бөлігінде салынды.

Қала аумақтарының санитарлық жағдайын және көріктендірілуін қамтамасыз ету бойынша:

- қалдықтарды басқару бойынша: COWI кеңесші-компаниясы Алматы қаласының әкімдігі мен Еуропа қайта құру және даму банкі (ЕҚҚжДБ) арасындағы келісім шеңберінде әзірленген «Алматы қаласында қалдықтарды басқару жөніндегі жобаның» ТЭН-ін пысықтауда. Қ оқысты өңдеу көлемін арттыру мүмкіндігімен, қуаттылығы жылына 300 мың тонна ҚТҚ өңдейтін зауыт салу; зауытты Алматы қаласының Кәріздік тазарту құрылғылары (КТҚ) аэрация стансасы аумағында орналастыру; биогаз ала отырып, 360 мың тонна КТҚ-ның лайлы қалдықтарын бірге өңдеу жоспарлануда.

Кеңесшілер қоқысты шығару бойынша қызмет көрсетуде әлеуметтік теңгерімді тариф саясатын қамтамасыз ету мақсатында жобаның қаржы бөлігін пысықтауда. Жобаның мөлшерлі құны 7,9 млрд. теңгеден астам. Енгізілген түзетулердің негізінде инвесторларды іздеу үшін инвестициялық ұсыныстар қалыптастырылатын болады. Жобаны іске асырудың түрлі нұсқалары қарастырылуда.

- қауіпті қалдықтарды басқару шеңберінде тұрғындардан құрамында сынабы бар пайдаланылған шамдар мен өнімдерді жинау бойынша пилоттық жоба іске асырылуда - ПИК маңындағы 10 учаскеге қауіпті қалдықтарды жинау үшін арнайы контейнерлер орнатылды. ШЖҚ «Алматыэкологияқұрылыс» МКК 100 мыңнан астам (соның ішінде тұрғындардан -3000 шам) шам жинады және құрамында сынабы бар 80520 мың шамды қайта өңдеді. Шамамен 2,1 кг сынап қауіпсіз сақтауда тұр.

«Сынап +» ЖШС заңды тұлғалармен 223 шарт жасап, 376 мың шам мен 60-тан астам термометр жинады және қайта өңдеді. 2015 жылы Ресейге шамамен 300 кг бұдан бұрын жиналған сынап өңдеуге жіберілді, шамамен 27 кг сынап қауіпсіз сақтауда тұр.

Пилоттық режимде ҮЕҰ мен орта және шағын бизнес кәсіпорындарын қатыстыра отырып, тұрғындардан пластик қалдықтарын қабылдау басталды, ол үшін Медеу және Әуезов аудандарындағы контейнерлік алаңдарда арнайы контейнерлер орнатылды. «Азия – Утиль» ЖШС 3 айдың ішінде 6 тонна пластик қалдықтар жинап, «Ordarecyling» ЖШС-ға өңдеуге жіберді.

- Алматының өзіндік имидждік келбетін («бейнесін») қалыптастыру мақсатында Қала аумағын көріктендірудің бірыңғай тұжырымдамасы әзірленді. Жобаның шеңберінде электрмен жарықтандырудың заманауи технологияларын қолдана отырып, қаланың негізгі объектілерін қайта жаңғырту қарастырылуда, шағын сәулет пішіндерін бірыңғай үлгіде безендірудің регламенті қабылданатын болады;

- энергия мен суды үнемдеу қағидаттарында тік әсемдік - гүлді көгалдандырудың қондырғыларында тамшылап суару қарастырылған (биіктігі 7 метрден астам 4 ірі құрылғыда, биіктігі 2 метрге дейінгі 3 құрылғыда). Автоматтандырылған суару жүйесі құрылысының жобалау - сметалық құжаттамасы әзірленуде;

- «Алматы қаласының көшелік жарықтандыруын жаңғырту (қолданыстағы натрий шамдарды энергия үнемдеуші жарық диодты шамдарға ауыстыру)» жобасы бойынша: 2014 жылғы 10 маусымда Алматы қаласының әкімдігі, «Алматы Қала Жарық» КМК және Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚҚжДБ) арасында 34 миллион доллар сомасына несиелік келісімге қол қойылды. Қазіргі уақытта ЕҚҚжДБ бірге көшелік жарықтандыруды жаңғырту үшін инвесторлар іздестірілуде. 2015 жылғы сәуірде ЕҚҚжДБ мен ШЖҚ «Алматы Қала Жарық» КМК (АҚЖ) арасында Гранттық келісім жасалды және АҚЖ мен сатып алу және тендерлік сүйемелдеу бойынша кеңесші - Tynrich Co Ltd компаниясы (Тайвань) арасында Кеңесшілік шартқа қол қойылды.

ЕҚҚжДБ жобаны іске асыру бойынша тендерге қатысушылардың алдын ала біліктілігін анықтау рәсімін өткізді. Жақын арада ЕҚҚжДБ сайтында Алматы қаласында көшелік жарықтандыруды жаңғырту үшін жабдықтарды әлеуетті жеткізушілердің конкурсы жарияланатын болады.

 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2017 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13