^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Бейсенбі, 19 қаңтар 2017
 
     
 
Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру жөніндегі Кеңесі

Алматы қаласы әкімдігі жанындағы мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру жөніндегі Кеңестің қызметі туралы ақпарат.

2015 жылы мемлекеттік жастар саясаты саласындағы елеулі міндеттерді шешудегі әдіс-тәсілдерді жаңғырту және уақыт талабының есебімен бастамашылық етілген Алматы қаласы әкімдігі жанындағы мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру жөніндегі Кеңес қызметінің жаңа тұжырымдамасы енгізілді. Ең алдымен, Кеңестің сапалы құрамы өзгерістерге ұшырады.

Аталған консультативтік-кеңесші органның қоғамдық сипатын назарға ала отырып, оның жаңартылған форматына жастар, студенттер және үкіметтік емес ұйымдары өкілдерінің 95%-на дейін, Алматы қаласы Мәслихатының депутаттары, ғылым, білім, өндіріс пен бизнестің түрлі салаларынан тәуелсіз сарапшылар мен мамандар енгізілді. Онлайн-дауыс беру арқылы өткізілген кандидатуралардың (100-ден аса) айтарлықтай санын қарағаннан кейін мемлекеттік жастар саясатын іске асыру мәселелері жөніндегі Кеңестің жаңа құрамына дауыс берудің 35 қатысушысы таңдап алынды.

Бірқатар басым міндетті есепке ала отырып, тиісті жұмысшы топтарды бекітумен Кеңестің жұмысы төмендегідей 4 негізгі бағыт бойынша ұйымдастырылған:

- азаматтық-патриоттыққа және құқыққа тәрбиелеу;

- білім, мәдениет, спорт, туризм және экология мәселелері бойынша;

- ғылым, инновациялық даму және жастар кәсіпкерлігін қолдау бойынша;

- әлеуметтік және шығармашылық жобалар бойынша.

Сарапшы топтар Кеңестің қарауына енгізілетін ұсыныстар мен жобаларды әзірлеуде, қажетті ұсыныстар енгізіп, олардың жүзеге асырылуы мен тиімділігін бағалауда, сондай-ақ қаржылық қаражаттарды пайдалану тетігінің ашықтығы мен үлестірудің легитимділігі бойынша қоғамдық бақылау жүргізуде.

Кеңес отырыстарын өткізу кезеңділігі – қажеттілік деңгейі бойынша жылына 2 реттен аспайды. Жұмысшы топтардың қызметі алматылық жастарының өміріндегі барынша өзекті мәселелері бойынша Кеңестің шешімдері мен ағымдағы міндеттеріне сәйкес тұрақты түрде іске асырылады.

2015 жылы Алматы қаласы әкімдігі жанындағы мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру жөніндегі Кеңестің 5 отырысы өтті. Кеңестің сапалы құрамының өзгеруіне байланысты аталған консультативтік-кеңесші органның кезекті отырысы 2016 жылдың 2 тоқсанына жоспарланған.


 
     
   
 
   
Сервисы Казпочты
 
 
 
 
Все права на материалы, размещенные на этом сайте, принадлежат Акимату г. Алматы
© 2005-2015 РК , 050001 г. Алматы, площадь Республики, 4 Информационное наполнение и сопровождение: Пресс-служба акима г. Алматы Телефон Пресс-службы акима г. Алматы: +7 (727) 271-65-13
Email: smi@a-a.kz