^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жұма, 18 тамыз 2017
 
     
 
Анықтама / Құқықтық ағарту

Ең көп қойылатын құқықтық сұрақтардың тізбесі

№ р/с

Сұрақтар

Жауаптар

1

Кезінде Үкімет әр отбасыға беруге уәде берген 10 соттық жерді қалай алуға болады?

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы №255 «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне құқықтар беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, аталған бұйрықтың ешбір тармағында жеке тұрғын үй құрылысы үшін қазақстандықтарға жер учаскелеріне құқықтар беру бойынша міндеттемелер бекітілмеген, тек Оларды жергілікті атқарушы органдарға беру тәртібі ғана нақтыланғанын атап өтеміз.

2

Үйімнің жанында қақтама сататын дүкенді қалай ашуға болады? Егер жер мемлекеттікі болса, жерді жалға алу мәселесі бойынша кімге жүгінуге болады?

Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 43 бабына сәйкес мемлекеттік меншіктегі жерден жер учаскесіне құқық беру келесі тәртіппен жүргізіледі:

1) жер учаскесіне тиісті құқық беру туралы өтініш білдіру;

2) берілген өтінішті қанағаттандыру мүмкіндігін анықтау (жер учаскесін алдын ала таңдау).

Жер учаскелерін меншікке немесе жер пайдалануға беруді жергілікті атқарушы орган Алматы қаласының әкімдігі өз құзыреті шегінде жүзеге асырады.

Жер учаскесін беру немесе жер учаскесін беруден бас тарту туралы шешімдер жергілікті атқарушы орган құратын Алматы қаласы Жер комиссиясының қорытындысы негізінде қабылданады.

Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 48 бабына сәйкес Сіз мемлекеттің меншігіндегі жер учаскелерін сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) сатып аласыз. Аукционды өткізу күні және шарттары туралы ақпарат «Вечерняя Алматы», «Алматы ақшамы» газеттерінде жарияланады.

Қазіргі уақытта Алматы қаласы бойынша коммерциялық объектіні ұйымдастыру жоспарларын іске асырудағы шынайы мүмкіндік аукционда (сауда-саттықта, конкурстарда жер учаскесін сатып алу болып табылады.

3

Алматы қаласы, Медеу ауданы, «Монтажник» бау-бақша серіктестігінде жер учаскем және оны 10 жылға жалдау құқығына арналған актім бар. Меншік құқығына арналған акт, бұл қалай болғаны: біріншісіне жеке меншігіне, екіншісіне 10 жылға, ал үшіншісіне 49 жылға беруге арналған. Бұл немен байланысты?

Нысаналы мақсаты «Бау-бақша шаруашылығы» болып табылатын учаскелерді уақытша жер пайдалануға беру бірнеше факторларға байланысты және олардың бірі жер учаскесінің күзет аймақтарында орналасуы болып табылады, бұл су қорғау белдеулері, ЭБЖ аймақтары, зираттардың санитарлық аумақтары және т.б. болуы мүмкін.

Мәселені мән-жайы бойынша қарау үшін Сіз учаскенің орналасқан жерін міндетті түрде көрсете отырып және Сіздің жер пайдалануыңыздағы жер учаскесінің құжаттарының көшірмелерін қоса бере отырып Алматы қаласының әкімдігіне өтініш білдіре аласыз.

4

Көршім өзінің учаскесін қоршай бастап, жалғыз жолды бөгеп тастады, ал маған тау мен дуалының арасынан үйге өтетін ені 3 м тар жолды қалдырды. Қоқыс машинасы, жедел жәрдем, өрт сөндіру машинасы, газ апатынан құтқару машинасы және басқа ірі көлік үйге өте алмайды. Не істеймін? Егер оның шекарасы біздің көшенің ортасымен өтетін болса, оның бұған құқығы бар ма?

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 26 бабына сәйкес жол учаскелері, елді мекендердегі өтетін жолдар ортақ пайдаланудағы аумақ болып табылады, және жеке меншікке ресімдеуге жатпайды, сондықтан сіз Мәселеңізді мән-жайы бойынша қарау үшін аталған учаскенің орналасқан жерін нақты көрсете отырып, Жер қатынастары басқармасына жүгіне аласыз.

Мемлекеттік қордың жерін заңсыз басып алу фактісі бойынша уәкілетті орган Алматы қаласы Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы болып табылады.

Осыған байланысты, Сіз кәнілі адамдарды әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін жоғарыда аталған мекемеге өтініш білдіре аласыз.

5

Жер учаскесінің иесі «қызыл сызықта» тұрған, ортақ пайдаланудағы аумақтың есебінен өз шекарасын кеңейтуге құқығы бар ма?

Ол ортақ пайдаланудағы жер, бұл оның мемлекеттің меншігінде (ҚР Жер кодексінің 26 бабы) және аталған жер пайдаланушының осы жер учаскесіне құқығы жоқ екенін білдіреді.

ҚР Жер кодексінің 144, 145 баптарына сәйкес жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылауды Алматы қаласы Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы жүзеге асырады, Сіз осы жерге жүгіне аласыз.

ҚР «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 6 бабының 2 тармағына сәйкес жеке тұлғаның өтiнiшiнде – оның тегi, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесiнiң аты, пошталық мекенжайы, заңды тұлғаның өтiнiшiнде оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі, күні көрсетiлетіні белгіленген.

 Шағым жасалған кезде iс-әрекетiне шағым жасалып отырған субъектiнiң атауы немесе лауазымды тұлғалардың лауазымы, тегi және аты-жөнi, өтiнiш жасау себептерi мен талаптары көрсетiледi.

6

Тұрғындар өз көліктерін қою үшін көп пәтерлі тұрғын үйлердің аулаларында шынжырмен және құлыппен бағандар орнатуға құқығы бар ма?

 

Мұндай әрекеттер заңсыз болып табылады, себебі аула аумағын кондоминиумның барлық қатысушылары пайдалануға құқылы (ҚР Жер кодексінің 62 бабы).

Мемлекеттік қордың жерлерін заңсыз басып алу фактісі бойынша Уәкілетті орган Алматы қаласы Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы.

Осыған байланысты, кінәлі адамдарды әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін жоғарыда аталған мекемеге өтініш білдіре аласыз.

7

Қазір 0,1 га жер учаскесін қалай ресімдеуге болады? Меншік құқығымен заңдастыру керек пе? Әлде бұл жерді жалға алуға болады ма? Бұл учаскеде менің гүл сататын дүңгіршегім орналасқан, онда мен кәсіпкерлік қызметпен айналысамын. Егер бізге заңдастырудан бас тартылған болса, қайда жүгінуге болады?

Жер учаскесін беру немесе беруден бас тарту туралы шешім жергілікті атқарушы орган, яғни қалалық әкімдік құратын Алматы қаласының Жер комиссиясы қорытындысының негізінде қабылданады.

Жер учаскесін беруден бас тартуға ҚР Жер кодексінің 167 бабына сәйкес сот тәртібінде шағымдана аласыз. 167 бапта жер құқығы қатынастарынан туындайтын даулар сот тәртібімен қаралады деп белгіленген.

 

8

Жалға берілетін тұрғын үй қалай беріледі, жалға берілетін тұрғын үй алу үшін қайда кезекке тұру қажет?

Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 74 бабына сәйкес жалға берілетін тұрғын үй пәтер кезегінде тұрған азаматтарға кезек тәртібімен беріледі. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй алуға мұқтаж азаматтарды есепке алуды Алматы қаласы Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясының басқармасы жүзеге асырады.

Тұрғын үйге мұқтаждар есебіне бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, мемлекеттiк қызметшiлер, әскери қызметшiлер және халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына жататын азаматтар алынады.

9

Мүгедектікті қандай ұйым белгілейді?

Мүгедектікті тұрғылықты жері бойынша аудандық емханалардың жанындағы медициналық-әлеуметтік сараптама (МӘС) бөлімшелері белгілейді.

10

Балалардың қандай санаттарына үйде әлеуметтік қызмет көрсетіледі?

2003 жылдан бастап қалалық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация (ҚПМПК) және аудандық емханалардағы медициналық-әлеуметтік сараптама (МӘС) бөлімінің қорытындысына сәйкес мүмкіндігі шектеулі балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсету қарастырылған.

11

Жалғыз тұратын қарттарға және мүгедектерге кім қызмет көрсетеді?

Жалғыз тұратын қарттарға және мүгедектерге әлеуметтік қызметкерлер қызмет көрсетеді. Қала аудандары әкімдерінің аппараттарына өтініш білдірген адам көмек ала алады.

12

Кәмелетке толмаған баланы девиантты мінез-құлықтағы балаларға арналған әлеуметтік білім беру ұйымына қалай анықтауға болады?

Қазақстан Республикасының «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Заңының 13 бабының 2 тармағына сәйкес кәмелетке толмағандарды арнаулы бiлiм беру ұйымдарына жiберудiң орындылығы туралы шешiмдi кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның ұсынуы бойынша сот қабылдайды.

13

Аула ішіндегі аумақтардағы жасыл желектерді кесу, санитарлық қырқу және пішіндеу жұмыстарын жүргізу кімнің құзыретіне жатады?

Алматы қаласы мәслихатының ХІ сессиясының 2008 жылғы 2 шілдедегі №119 шешімімен бекітілген Алматы қаласындағы жасыл желектерді қорғау мен күту Ережесінің 18 тармағына сәйкес ...тұрғын ықшам аудандарында, тұрғын үйлердің алдындағы көшелерде құрылыстан жаяусоқпаққа дейін - ішкі аула аумағы шегінде тұрғын үй қорының иелеріне жүктеледі.

Санитарлық қырқу және құрғаған ағаштарды кесу заңнамамен белгіленген тәртіпте Алматы қаласы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасында (Алматы қаласы, Республика алаңы, 4) ресімделген рұқсаттың негізінде жүргізіледі. Рұқсат алғаннан кейін санитарлық қырқу мен кесу үшін авариялық ағаштардың тізіміне қосу үшін қаланың тиісті ауданы әкімі аппаратының абаттандыру бөліміне рұқсаттың көшірмесін беру қажет.

Ағаштың үйлердің шатырларына, терезелеріне, балалар алаңдарына салбырап тұрған қауіпті бұтақтарын кесу аса қажет болған жағдайда «Алматы қаласының құтқару қызметі» МКК жүгінуге болады.

14

Біздің үйдің кіреберісіне жөндеу жүргізіліп жатыр. Кіреберістерге жөндеу жүргізу мерзімін реттейтін қандай да бір құжаттар бар ма?

Кіреберістерге жөндеу жүргізу мерзімін реттейтін құжаттар жоқ. Бірақ, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес бір тұрғын үйде орналасқан үй-жайлардың меншік иелері оны күтіп-ұстау жөніндегі ортақ шығыстарға қатысуға міндетті. Әрбір меншік иесінің шығыстарының мөлшері егер меншік иелерінің келісімінде өзгеше белгіленбесе, дара (бөлек) меншіктегі тұрғын үй-жайлардың пайдалы алаңының немесе тұрғын үйдегі тұрғын емес үй-жайлардың алаңының тұрғын үйдің жалпы алаңына қатынасымен анықталады.

15

Менің бірнеше пәтерім бар. Мен бір ғана пәтерде тіркелгенмін. Мен қай жерде қоқыстың шығарылуына ақы төлеуім қажет? ҚТҚ шығару үшін төлемақы пәтердегі әрбір тіркелген адамға есептеледі. Сіз өзіңіз тіркелген пәтердегі ҚТҚ шығару үшін ақы төлеуге тиіссіз.
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2017 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13