АЛМАТЫ қаласының ресми интернет-ресурсы
 
МЕНЮ

Мемлекеттік органдар

Кері
Б. Сағынтаев: Алматыда шамамен 620 мың жаңа жұмыс орындарын құру қажет

19 қыркүйекте Kazakhstan Growth Forum 2019 сөйлеген сөзінде Б. Сағынтаев Елбасының тапсырмасы бойынша қазіргі кезде ұзақ мерзімді перспективаға арналған Алматыны дамытудың жаңа стратегиясын жасау бойынша жұмыс жүріп жатқанын хабарлады.

Құжат жобасына сәйкес, қаланың төменгі аудандарындағы 6 аумақты дамыту жоспарлануда: жаңа қалалық орта Downtown, Солтүстік қақпалар, Шығыс қақпалар, Батыс қақпалар, Оңтүстік қақпалар, «Алатау» ПИТ АЭА.

Бұл аймақтарда тұрғындардың едәуір өсімі шоғырланатын болады. Шамамен 620 мың жұмыс орындарын құру қажет.

Мұнда ауқымды тұрғын үй құрылысы басталады, әлеуметтік инфрақұрылымдар мен сауда орындары қажет, бизнес үшін үлкен мүмкіндіктер бар.

Бұлардан өзге, қазанда көпшілікке алдағы үш жылға арналған «Жаңа Алматы» концепциялық жоспары ұсынылады.

Жаңа Алматыны дамыту жоспарында ең маңызды және тұрғындарды толғандыратын өзекті мәселелерді шешу жолдары көрініс табады.

Біріншіден, сумен қамту, сыртқы жарық, жолдарды салу мен жөндеу, қолайлы қоғамдық көлік.

Екіншіден, дамыған әлеуметтік экономика және инфрақұрылымды жаңарту.

«Дамыған мегаполистегі тапшылықты жою және жаңа қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін инвестиция көлемін еселеп арттыру қажет. Ол үшін МЖӘ және жеке секторды тарту механизмдері ұтымды пайдаланылады. Мұнда бизнестің қатысуына даңғыл жол ашылған, серіктестік үшін жақсы мүмкіндіктер бар», - деді Б. Сағынтаев.

19.09.2019

жоғары

Все права на материалы, размещенные на этом сайте, принадлежат Акимату г. Алматы
© 2005-2019 РК , 050001 г. Алматы, площадь Республики, 4
Информационное наполнение и сопровождение: Пресс-служба акима г. Алматы
Телефон Пресс-службы акима г. Алматы: +7 (727) 271-65-13
Email: smi@a-a.kz
Қаз   Рус   Eng