АЛМАТЫ қаласының ресми интернет-ресурсы
 
МЕНЮ

Мемлекеттік органдар

Кері
Қала әкімі Б. Сағынтаев «Егемен Қазақстан» газетінің ұжымын мерейтоймен құттықтады

Салтанатты шара Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында өтті. Мұнда 1919 жылдан бастап газеттің даму экспозициясы ұсынылды.

 

Еліміздің бас газетінің ұжымын құттықтаған Бақытжан Сағынтаев «Егемен Қазақстанның» тарихы «Ұшқын» газетінің бірінші нөмірінен бастау алатынын атап өтті.


«Бүгін газеттің 29 696 нөмірі жарық көрді. Әрбір нөмірде Тәуелсіз Қазақстан Республикасының қалыптасуының қиын жолы сипатталады. Кезінде бұл басылымды Смағұл Сәдуақасов, Жүсіпбек Аймауытов, Бейімбет Майлин, Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезов, Тұрар Рысқұлов, Ораз Жандосов, Ғабит Мүсірепов, Қасым Шәріпов, Сапар Байжанов, Балғабек Қыдырбекұлы, Шерхан Мұртаза, Әбіш Кекілбаев сынды тұлғалар басқарып еді. Олар газеттің әр нөміріне қайталанбас қолтаңбасын қалдыра білді. Бұл тұлғаларды Отанға деген махаббат пен оқырманға деген құрмет біріктірді», – деп атап өтті шаһар басшысы.


Қала әкімі «Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторларының бірі болған Нұрлан Оразалин мен газеттің қазіргі басшысы Дархан Қыдырәліні Алматының дамуына қосқан үлесі «Енбегі үшін» үшін деген төсбелгімен марапаттады. Газеттің бірқатар ардагерлері мен журналистері Алматы әкімінің Құрмет грамоталарымен марапатталды. Бұл күні салтанатты түрде «Егемен Қазақстан» газетінің мемориалдық тақтасының ашылуы өтті. Онда 1987 жылдан 1999 жылға дейін Гоголь және Зенков көшелерінің қиылысында газеттің редакциясы орналасқан. Ескерткіш тақтаның ашылуына Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров қатысып, басылымның ғасырлық тарихындағы Алматының рөлін атап өтті.


«1929 жылы газет ұжымы Қызылордадан біздің қалаға көшті. Сондықтан Алматыдағы мемориалдық тақтаның ашылуы-тарихи заңдылық пен біздің азаматтық парызымыз», – деді Ержан Бабақұмаров.


Сондай-ақ, шараға Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, журналист-ардагер Сарбас Ақтаев, қазақ баспасөзінің ардагері Жақып Мамадияр, жазушылар, зиялы қауым өкілдері мен танымал журналистер қатысты. Бұған дейін Алматыда «Егемен Қазақстан» газетінің 100 жылдығын мерекелеу аясында бірқатар салтанатты іс-шаралар өтті. Соның ішінде жазушы Әбіш Кекілбаев атындағы көшенің ашылуы, сондай-ақ, жазушы Шерхан Мұртаза тұрған үйге мемориалдық тақта орнатылды.






08.11.2019

жоғары

Все права на материалы, размещенные на этом сайте, принадлежат Акимату г. Алматы
© 2005-2019 РК , 050001 г. Алматы, площадь Республики, 4
Информационное наполнение и сопровождение: Пресс-служба акима г. Алматы
Телефон Пресс-службы акима г. Алматы: +7 (727) 271-65-13
Email: smi@a-a.kz
Қаз   Рус   Eng