АЛМАТЫ қаласының ресми интернет-ресурсы
 
МЕНЮ

Негізгі бет v2015

Кері
Алматыда бас сәулетші тағайындалды

Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасының жаңа басшысы болып Алмасхан Ахмеджанов тағайындалды.

Алматы қаласында туылған. Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасында 19 жылдан астам уақыт бойы қызмет етіп келеді, еңбек жолын бас маман ретінде бастаған. Соңғы 10 жыл бойына аталған басқарма басшысының орынбарасы болды. Абай атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің, М.Тынышбаев атындағы көлік және коммуникация академиясының түлегі, мамандығы бойынша «Инженер-құрылысшы».

Қаланың бас сәулетшісінің алдына бірқатар міндеттер қойылды, олар «Қала адамдар үшін» концепциясы аясында халықаралық тәжірибелер мен инновациялық технологияларды қолдана отырып жұмыс тиімділігін арттыру және жайлы әрі экологиялы қала кеңістігін қалыптастыру.

Бұлардан өзге, құрылыс жобаларын жасауға барынша креативті архитекторлар мен жобалаушыларды тарту, қалада әлеуеті жоғары білімді әрі тәжірибелі кадрлар потенциалын қалыптастыру қажет. Ол үшін «АлматыБАСЖОСПАР» ҒЗИ базасында жас мамандарға қолдау көрсететін креативті идеялар Орталығы құрылатын болады.

Айта кетерлігі, бұрындары Алматы әкімі Бауыржан Байбек келер жылдың басында қаланы дамытудың шеберлік жоспарының ашық жарияланатынын айтқан еді. Қаланың әрбір тұрғыны және бизнес өкілі жобамен танысып, өз ұсынысын айта алады.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «АлматыБАСЖОСПАР» даму Институты құрылды, ол негізінен «Шеберлік-жоспарын» жүзеге асырумен айналысатын болады. Енді қала стихиялы түрде дамымайды. «Адамдар инфрақұрылымға» принципі бойынша болашақта құрылыс жүргізу аймақтары айқындалады, орталықтандыру қағидасы бойынша біз барлық инфрақұрылымы бар жайлы небәрі 20 минуттық қадамда орналасқан қоғамдық нысандарды, жұмыс орындары мен мектептерді салатын боламыз. Қаланы басқаруда цифрлы технология кеңінен қолданылады. Қазірдің өзінде 20 қалалық желі жалғасқан Ситуациялық орталық алаңы құрылды. Сондай-ақ big data қолға алынды. Нақтылы уақыт кестесі бойынша көлік және жаяу жүргінші ағындарына, қоғамдық көліктің жиілігіне, балалар бақшалары мен мектептердің, қала бюджетінің жүктемесіне сараптама жүргізілуде, қала дамуының 1200 астам индикаторына мониторинг жасалуда», - деп атап өтті мегаполис басшысы.

Жайлы қала кеңістігін қалыптастыру мақсатында соңғы екі жыл ішінде Алматының тарихи орталығының үштен бірі модернизацияланды. Келер жылы «Қала адамдар үшін» принципі бойынша жаңа жаяу жүргіншілер аймақтары абаттандырылады, оның ішінде Жібек Жолы, Байсейітова, Төле би көшелері жаңарады. Қаланың жеті ауданында тротуарлары кеңейген бір көшеден реконструкцияланады, көше жиһаздары қойылады, бес парк пен сквер күрделі, ал тоғыз саябақ пен сквер ағымдағы жөндеуден өтеді.

2019 жылы алматылық аулаларды ауқымды жөндеу жұмыстары одан әрі жалғасады. Егер соңғы екі жылда 1400 аула жөнделсе, 2019 жылы тағы да 600 аула жаңарады.

27.12.2018

жоғары

Все права на материалы, размещенные на этом сайте, принадлежат Акимату г. Алматы
© 2005-2015 РК , 050001 г. Алматы, площадь Республики, 4
Информационное наполнение и сопровождение: Пресс-служба акима г. Алматы
Телефон Пресс-службы акима г. Алматы: +7 (727) 271-65-13
Email: smi@a-a.kz
Қаз   Рус   Eng