АЛМАТЫ қаласының ресми интернет-ресурсы
 
МЕНЮ

Негізгі бет v2015

Кері
Алматының бір бұрышында «Гагарин» пайда болды

Алматыда фирмалық орындықта отырған скафандрдағы космонавт Юрий Гагариннің бейнеленген инсталляция пайда болды. Әзілге құрылған композиция қоладан жасалған және Гагарин даңғылы мен Абай даңғылының оңтүстігіне орналасқан.

Бұрындары жұмыс сапары кезінде қала әкімі Бауыржан Байбек тұрғын үй құрылысы қарқынын тексеріп жүріп, жаңадан салынып жатқан тұрғын кешендерінің ауласынан осыған ұқсас инсталляцияны көріп қалып, толыққанды бейнені жасап, оны Гагарин даңғылына орнатуды тапсырған еді.

Бұл арт-объект селфи үшін тартымды ғана емес, сонымен қатар өткен күннің белгісі болып табылады, өйткені адамзат тарихында алғаш рет Юрий Гагарин Қазақстан жерінен ғарышқа аттанған болатын. Жоба авторлары Жүргенов атындағы Қазақ өнер академиясының жас студенттері Азамат Қабыл мен Ақылбек Шәкен. Жобаны жүзеге асыруға «BI Group» құрылыс компаниясы қолдау көрсетті.

«Біздің ойымызша скульптура қала ландшафтымен жақсы үндестік тауып тұр, аллеяны жандандыра түсуде. Алматыда мұндай объектілер көп болады деген үміттемін. Себебі олардың өзіндік қайталанбас ерекшеліктері бар. Оның үстіне бұл жас суретшілердің қалыптасуына оң ықпал етеді», - деді Азамат Қабыл.

Еске салсақ, бұрындары Төлебаев көшесінің бойына «Кино» тобының солисі Виктор Цойға ескерткіш қойылған еді. Бұл дестинация қазір қала тұрғындары мен Алматы қонақтары жиі келетін орынға айналды.

27.12.2018

жоғары

Все права на материалы, размещенные на этом сайте, принадлежат Акимату г. Алматы
© 2005-2019 РК , 050001 г. Алматы, площадь Республики, 4
Информационное наполнение и сопровождение: Пресс-служба акима г. Алматы
Телефон Пресс-службы акима г. Алматы: +7 (727) 271-65-13
Email: smi@a-a.kz
Қаз   Рус   Eng