АЛМАТЫ қаласының ресми интернет-ресурсы
 
МЕНЮ

Негізгі бет v2015

Кері
Алматы Қалалық мобилділік басқармасының басшысы тағайындалды

Алматы Қалалық мобилділік басқармасының басшысы болып Сағындық Телібаев тағайындалды.

Мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасында жол инфрақұрылымы бөлімінің маманы болып бастаған. Барлық баспалдақтардан өткен, соңғы бірнеше жылдар ішінде аталған басқарма басшысының орынбасары болған.

Қала әкімі жаңа басқарма алдына бірқатар нақтылы міндеттер қойды. Олар – жол-көлік инфрақұрылымын дамыту, жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жақсарту, автомобиль жолдарында қауіпсіздік деңгейін арттыру, үздік әлемдік практика бойынша ақылды көлік жүйесін құру. Бұлардан өзге, қала маңына қатынауды, балама көлік түрлерін (каршеринг, такси және басқалары), тұрақ кеңістігі жүйесін дамытуға және велосипед пен жаяу жүргінші мобилділігін құруға ерекше назар аудару қажеттігі атап көрсетілді.

Айта кетерлігі, бұрындары Алматыда 524 көше жөнделген еді. Биылғы жылы 120-дан астам көше орташа жөндеуден өтеді. Бұлардан өзге алты ықшам аудандарда жаңа жолдар салынады. Абай даңғылы мен Сайын көшесін үңгілеу жалғасады, бірнеше жолайрығы салынады.

Көлік реформасы аясында тек өткен жылы қала бағыттары бойынша 500 жаңа автобустар жүре бастады. Биылғы жылы автобус парктерін жаңарту жалғасады. Мысалы, өз қаржысы есебінен «Алматыэлектротранс» ЖШС газбен жүретін тағы 200 жаңа автобус сатып алуды жоспарлаған.

07.02.2019

жоғары

Все права на материалы, размещенные на этом сайте, принадлежат Акимату г. Алматы
© 2005-2015 РК , 050001 г. Алматы, площадь Республики, 4
Информационное наполнение и сопровождение: Пресс-служба акима г. Алматы
Телефон Пресс-службы акима г. Алматы: +7 (727) 271-65-13
Email: smi@a-a.kz
Қаз   Рус   Eng