АЛМАТЫ қаласының ресми интернет-ресурсы
 
МЕНЮ

Негізгі бет v2015

Кері
«Алматы-1» теміржол вокзалы қалай өзгереді

Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары кезінде «Алматы-1» теміржол вокзалын аралап көрді, қаланың коммуналды меншігіне берілген соң мұнда биылғы жылы реконструкциялау басталады.

Мегаполис басшысы вокзалды модернизациялау барысында арзан, бірақ сапалы материалдар пайдаланылуы және заманауи архитектуралық шешімдер қабылдануы тиіс екенін атап көрсетті.

Мысалы, қайта жоспарлау есебінен күн сайын 11-ден 16 мыңға дейін жолаушы өткізілетін болады. Ал күту орындарының саны төрт есе артады.

Бұлардан өзге, адамдардың қауіпсіздігі мен жайлылығы үшін келетін және кететіндердің легі екшеленеді. Заманауи конкорлы өткелдер салынып, бұрынғы жер асты жолы кеңейтіледі және эскалаторлар қойылады.

Бұрындары «ҚТЖ» АҚ «Алматы-1» және «Алматы-2» теміржол вокзалдарын қала балансына беуі туралы шешім қабылдаған еді. Нәтижесінде Алматы әкімідігі обьектілерге қажетті реконструкция жүргізіп, бұларды мегаполистің көлік инфрақұрылымының бір бөлігі ретінде одан әрі дамытатын болады.

Жергілікті бюджет есебінен 2018 жылы екі теміржол вокзалдарының айналасы жаңарды және вокзалдардың алды қоғамдық көлікке негізделіп қайта жасақталды, жаяу жүргіншілер жүретін жерлер абаттандырылды, қауіпсіздік күшейтіліп, видео камералар орнатылды.

Айта кетерлігі, биылғы жылы Алматыда жайлы қала кеңістігін дамыту жұмыстары жалғасады. Бүгінгі күнге дейін қаланың тарихи орталығының үштен екісі модернизацияланды, 524 көше,1400 ескі аула жөнделді. Көше жарығының үштен бірі диодты және энергия жинақтаушы шамдарға ауыстырылды, 300 км арық және 1000 км инженерлік желі қайта жасалды. Қаланың барлық жер асты өтпелі жолдары жаңғырды.

Көлік реформасын жүзеге асыру барысында өткен жылы қала бағыттарына 500 жаңа автобустар шықты. Биылғы жылы автобус парктерін жаңарту жалғасатын болады.



12.02.2019

жоғары

Все права на материалы, размещенные на этом сайте, принадлежат Акимату г. Алматы
© 2005-2019 РК , 050001 г. Алматы, площадь Республики, 4
Информационное наполнение и сопровождение: Пресс-служба акима г. Алматы
Телефон Пресс-службы акима г. Алматы: +7 (727) 271-65-13
Email: smi@a-a.kz
Қаз   Рус   Eng