АЛМАТЫ қаласының ресми интернет-ресурсы
 
МЕНЮ

Негізгі бет v2015

Кері
Бауыржан Байбек Әуезов ауданындағы әлеуметтік инфрақұрылымының даму барысын тексерді

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Әуезов ауданын аралаған жұмыс сапары кезінде Таугүл-3 елді мекеніндегі «Белсенді ұзақ өмір» орталығының жұмысымен танысты және Елбасының «Туған жер» бағдарламасы бойынша Мамыр-5 ықшам ауданында жеке инвестиция есебінен салынған жаңа бала бақшада болды.

«Белсенді ұзақ өмір» қалалық бағдарлама аясында ашылған екінші Орталықта егде жандарға күн сайын медициналық-әлеуметтік, білім кешенді қызметтері көрсетіледі, психологиялық тренингтер өткізіледі, құқықтық кеңес беріледі, дұрыс тамақтану жолдары үйретіледі, қарттар емдік денешынықтырумен, иогамен, хореографиямен айналысып, ағылшын тілі және компьютерлік сауаттылық бойынша дәріс алады. Егер өткен жылы Алмалы ауданында ашылған алғашқы осындай орталықта 9 мыңнан астам адамға түрлі қызмет көрсетілсе, ал мұнда небәрі бірнеше ай ішінде ғана 4 мыңнан астам қалалықтар қамтылған.

«Қазіргі кезде Алматы тұрғындарының 12%-ы - аға ұрпақ өкілдері. Біздің міндетіміз - оларға қажетті барлық жағдайды жасау, қамқорлыққа алу, зейнетке шықса да белсенді өмір сүрулеріне, жаңа достар, жаңа ізденістер табуларына ықпал ету. Жақын арада Алатау және Бостандық аудандарында осындай орталықтар ашылады. Тағы бірі Әуезов ауданындағы Тастақ-1 елді мекенінде іске қосылады. Аға ұрпақ өкілдері белсенді әрі ұзақ өмір сүріп, балалары мен немерелерін қуанышқа бөлей берсін!», - деді Бауыржан Байбек.

Қарт адамдардың өздерін әлеуметтік жағынан жақсы сезінулері және денсаулықтарын нығайтулары үшін қаланың барлық аудандарында тегін бассейндер мен фитнес залдар ұйымдастырылған, 50-ден астам әлеуметтік клубтар ашылған. Жаңа мекеменің қолжетімді болуы үшін қала әкімі 104-ші бағытты ұзартуды тапсырды.







Дәл осы күні Бауыржан Байбек «Туған жер» бағдарламасы бойынша «BI Group» компаниясы Мамыр-5 мөлтек ауданында салған 120 орынды жаңа бала бақшаны аралап көрді.

Қала әкімдігі жер учаскесін берді, инженерлік желілерді жүргізді, ал құрылысты жүргізуші өзінің 600 миллионнан астам теңгесін жұмсап, ғимаратты салды. Жалпы, соңғы жылдар ішінде қалада 553 мемлекеттік және жеке бала бақшалар ашылды, балаларды 83% дейін қатуға мүмкіндік берді.

Айта кетерлігі, халық тығыз орналасқан осы мөлтек ауданда әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту аясында жаңа бала бақшаның шығыс жағында 1200 орынды мемлекеттік мектеп құрылысы басталды. Ал батыс жағына жаңа емхана салу үшін жер телімі бөлінді.






07.06.2019

жоғары

Все права на материалы, размещенные на этом сайте, принадлежат Акимату г. Алматы
© 2005-2019 РК , 050001 г. Алматы, площадь Республики, 4
Информационное наполнение и сопровождение: Пресс-служба акима г. Алматы
Телефон Пресс-службы акима г. Алматы: +7 (727) 271-65-13
Email: smi@a-a.kz
Қаз   Рус   Eng