АЛМАТЫ қаласының ресми интернет-ресурсы
 
МЕНЮ

Негізгі бет v2015

Кері
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев әлеуметтік инфрақұрылымға ерекше назар аударуды тапсырды

Жұмыс сапары кезінде Б.Сағынтаев Бостандық ауданының әлеуметтік-экономикалық жағдайымен танысты және бірқатар әлеуметтік инфрақұрылымдарда болды.

 «Тұрғын үй құрылыстарының жоғары қарқыны әлеуметтік инфрақұрылымдарды дамытуымен үндесуі тиіс: жаңа мектептер, бала бақшалар, емханалар қажет», - деп атап өтті қала басшысы.Аудан әкімі А.Рахымбетовке тұрғын үй салған кезде нысанның бірінші қабаттарында әлеуметтік объектілердің орналасуын қарастыруды тапсырды. Бұрыннан бар мектептердің жанынан қосалқы нысандар салу керек.Ерменсай, Ремизовка, Ақтөбе, Бағанашыл, Нұрлытау, Алатау, Көкшоқы, Алма-Арасан, Жайлау ықшам аудандарының тұрғындарын таза әрі сапалы судың болмауы, электр жарығының кейде өшіп қалуы, газбен қамтудағы келеңсіздіктер алаңдатады.Абаттандыру мәселесінде аудан әкімдігі балалар алаңдары, орындықтар мен жарығы бар жаңа аймақтар мен демалыс орындарын жасауды қарастырғаны жөн.Алдағы аппараттық жиында аудан әкімі тұрғындарды алаңдатын барлық мәселелерді шешудің нақтылы шараларын ұсынуы тиіс.ҚР Тұңғыш Президентінің саябағында мегаполис әкіміне парктің инфрақұрылымын жөндеу туралы айтылды.«Тенгиз Тауэрс» ТК тұрғындарымен кездесу кезінде олар Б.Сағынтаевты меншік құқын рәсімдеудеуге және құрылысы аяқталмаған паркингке қатысты орын алған проблемалар туралы хабардар етті.«Mega Center Almaty» СОС орталығының қарсы бетіндегі жер учаскесін көрген кезде қала басшысына Бостандық ауданында жалпы алаңы 149,13 га болатын 373 игерілмеген жерлердің бар екені баяндалды. 55 жер телімдерінің иелеріне мақсатсыз пайдаланғандары үшін шара қолданылатындығы туралы ескерту жасалды.Қала басшысы «Сұңқар» шаңғы кешенінде болды, оның қазіргі жағдайымен және одан әрі дамыту бойынша жүзеге асатын шаралармен танысты.Урбанистика орталығында Алматы әкімі қаланың құрылыс ұйымдарының басшыларымен кездесті, саланы одан әрі дамытудың және ескі үйлердің проблемаларын талқылады, бұл істе тұрғындардың пікірлерін ескере отырып, баланс мүддесін қамтамасыз ету маңызды екені айтылды.Дәл осы жерде Б.Сағынтаев Алматыны дамыту бойынша көшпелі кеңес өткізді. Сервистік экономиканы дамыту, ең алдымен қалаға қосылған елді мекендердегі қызмет көрсетуді жетілдіруге басты назар аударылды. Қалаға «Шеті жоқ қала» принципіне негізделген бизнесті дамытудың жеке бағдарламасы керек. Жеке істі бастау үшін гранттар мен қолжетімді несие қажет. Осы мәселелер ойдағыдай шешілсе алматылықтар үшін жаңа жұмыс орындары ашылады. 

09.07.2019

жоғары

Все права на материалы, размещенные на этом сайте, принадлежат Акимату г. Алматы
© 2005-2019 РК , 050001 г. Алматы, площадь Республики, 4
Информационное наполнение и сопровождение: Пресс-служба акима г. Алматы
Телефон Пресс-службы акима г. Алматы: +7 (727) 271-65-13
Email: smi@a-a.kz
Қаз   Рус   Eng