Қала әкімінің өкімімен Ардақ Самамбетов Алматы қаласы жер қатынастары басқармасының басшысы болып тағайындалды.
А. Самамбетов 1989 жылы 8 ақпанда туылған. Қазақ гуманитарлық заң университетін (бакалавр құқық), Қазақ гуманитарлық–техникалық академияны (экономика мен бизнес магистрі) тәмамдаған.
ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау Министрлігінде, ҚР Өңірлік даму министрлігінде, ҚР Ұлттық экономика министрлігінде тәжірибе жинақтаған.
2016 жылдың шілде айынан бастап Алматы қаласы жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарған.