АЛМАТЫ қаласының ресми интернет-ресурсы
 
МЕНЮ

Негізгі бет v2015

Кері
«Алматы» ӘКК басшысы тағайындалды

Асқар Білісбеков «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ басқармасының төрағасы болып тағайындалды.

 

А. Білісбеков 1984 жылы 6 сәуірде туылған. KIMEP-те «Бизнесті басқару және бухгалтерлік есеп» мамандығы бойынша оқыған, University of Westminster, Westminster Business School магистрі дәрежесі бар, АҚШ-тағы IREM жылжымайтын мүлікті басқару Институтының «Жылжымайтын мүлікті басқаруды сертификаттау» курсында сырттай оқиды.

Тағылымгерден ірі компаниялардың бірінші басшысына дейінгі жолдардан өткен: «Астана Моторс» КМК, «GGC» дистрибуторлық компаниясы, «КазНТЕВ» СК, бизнестің иесі атанған (SNC журналы, ресейлік франшиза, Rock Of AI жарнама агенттігі). 2018 жылдан «Estate Management Company» АҚ-ы басқармасының төрағасы, директорлар кеңесінің мүшесі болған.

Жыл сайын қоғамдық негізде KIMEP-те шақырылған спикер ретінде лекциялар оқиды, кәсіби (Colliers, CREW) шараларда баяндамалар жасайды, коммерциялық жылжымайтын мүлік саласында Қазақстанның басқару Ассоциациясы мен сервистік компанияларының атқарушы директоры болып табылады.

13.08.2019

жоғары

Все права на материалы, размещенные на этом сайте, принадлежат Акимату г. Алматы
© 2005-2019 РК , 050001 г. Алматы, площадь Республики, 4
Информационное наполнение и сопровождение: Пресс-служба акима г. Алматы
Телефон Пресс-службы акима г. Алматы: +7 (727) 271-65-13
Email: smi@a-a.kz
Қаз   Рус   Eng