АЛМАТЫ қаласының ресми интернет-ресурсы
 
МЕНЮ

Негізгі бет v2015

Кері
Жылжымалы медициналық кешендер арқылы 6 мыңға жуық адам қаралды

Бүгін, 13 тамызда Алматы әкімдігінің баспасөз-орталығында Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы денсаулық айлығын және медмекемелердің жабдықталуына орай аудит өткізуге қатысты журналистер қойған сұрақтарға жауап берді.

 

Қанат Төсекбаев өзінің сөзінде қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша сапалы медициналық қызметке қолжеткізу үшін басқарманың мобильді топтарды жасақтағанын айтты. Басқармаға бағынышты Алматы қаласындағы медициналық мекемелер 1-30 тамыз аралығында өтіп жатқан айлыққа қатысуда.

 

Басты мақсат – бір қадам жақын медициналық қызметті қамтамасыз ету. Сонымен қатар, азаматтардың денсаулығын сақтау және қолдау көрсету, аурудың алдын алу мен дамуына жол бермеу міндет етілді.

Қаланың шет аймағындағы ықшам аудандар тұрғындарына баса назар аударылды, оларға кеңес берілді және бір қадам жақын медициналық көмек көрсетілді.

Жылжымалы кешендер халықты дұрыс қарау үшін заманауи қондырғылармен жабдықталды. Жоғары маманданған медицина қызметкерлері, олардың ішінде терапевтер, педиаторлар, кардиологтар, хирургтер, лор және басқа кәсіби дәрігерлер қабылдаулар жүргізді.

Айлық барысында пациенттер холестерин деңгейін, қандағы қант мөлшерін білді, экспресс-тестілеу жүргізу арқылы ВИЧ-инфекциясы мен терінің созылмалы ауруларының бар-жоғы және антропометрия арқылы дене массасының индексі анықталды, көз қысымы өлшенді, ФГ-тексеру жүргізілді, фтизиатр және басқалары қабылдаулар жасады.

Айлық аясында медицина қызметкерлері халыққа Регистр арқылы тіркелу және мобильді қосымшалар орнату бойынша ақпараттық–түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

1 -13 тамыз аралығында қаланың 20-дан астам шет аймақтарындағы 5704 тұрғын бірқатар медициналық тексеруден тегін өтті және түрлі кеңестер алды.

Қоғамдық Денсаулық басқармасының басшысы Алматы әкімінің тапсырмасы бойыншамедмекемелердің жабдықталуына орай аудит жүргізілгенін айтты. Аудит 71 емдеу мекемесін, оның ішінде 14 стационарды, ЖМЖЖ-нің 38 ұйымын, 7 босану және 12 басқа да мекемелерді қамтыды.

Мониторинг 4 критерий бойынша жүрді, олар: санитарлық-гигиена, емдеу мекемелері мен олардың бөлімшелерінің эпидемиологиялық жағдайы, медицина қалдықтарын жинаудың, залалсыздандыру мен сақтаудың санитарлық–эпидемиологиялық талаптарының орындалуы, қабылдау бөлімдерінің «3H» жүйесіне сай болуы, ЖМЖЖ мен стационарлардың жарақтанудың минималды стандарттарына сай болуы.

Қала емханалары мен ауруханаларының жоғары дәлдікті көрсететін қондырғылармен жабдықталуы 60 %-ке жуық. № 20, 21, 25, 26, 27 емханаларда бұл көрсеткіш 22 %-ға жетпейді. Биылғы жылы осы емханалар үшін жоғары технологиялы диагностикалық қондырғылардың 35 бірлігі алынды: УЗИ, рентген, флюорограф және маммограф, тағы басқалары.

2022 жылдың соңына дейін қала медицина мекемелерінің жабдықталуы 90 %-дан кем болмауы тиіс.

Сонымен қатар, биыл және келер жылы МЖӘ жобаларын белсенді жүзеге асыру жоспарланған.

Мысалы, инвестициялық шығынды қайтармай-ақ, қаланың медицина ұйымдарында қымбат диагностикалық қондырғыларды орнатуға мүмкіндік бар. №7 қалалық клиникалық аурухананың кардиохирургиялық бөлімінде 5 жылға дейінгі мерзімге МЖӘ жобасы жасалуда.

Жедел медициналық қызмет көрсетудің жарақтануына келетін болсақ, мұнда тозығы жеткен автокөлік 70 %-ды құрайды. 2020 жылы санитарлық автокөліктің 70 бірлігін сатып алу жоспарланған және аталған қызметтің жабдықталуы 88 %-ға дейін жететін болады.

13.08.2019

жоғары

Все права на материалы, размещенные на этом сайте, принадлежат Акимату г. Алматы
© 2005-2019 РК , 050001 г. Алматы, площадь Республики, 4
Информационное наполнение и сопровождение: Пресс-служба акима г. Алматы
Телефон Пресс-службы акима г. Алматы: +7 (727) 271-65-13
Email: smi@a-a.kz
Қаз   Рус   Eng