АЛМАТЫ қаласының ресми интернет-ресурсы
 
МЕНЮ

Негізгі бет v2015

Кері
Б. Сағынтаев студенттерге Алматыны дамытудың стратегиясы туралы айтып берді

Бүгін Алматы әкімі Б. Сағынтаев әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де қаланың студент жастарымен кездесіп, «Алматы-2050» ұзақ мерзімді даму стратегиясының негізгі бағыттары туралы айтып берді.

 

Бақытжан Сағынтаев өзінің сөзінде стратегияның негізгі қағидаларына тоқталды, олар - экология, креативтілік, ілгерілеу, бірдей мүмкіндіктер, қауіпсіздік, мәдениет пен білімнің жоғары деңгейі, көпорталықтандыру және адамдарды бірдей шоғырландыру.

«Жастар барлық бастамалардың бел ортасында жүруі әрі басталған қала өзгерісінің қозғаушы күші болулары тиіс. Біз өз тарапымыздан идеяларды іске асыруға көмектесіп, креативті, инновациялы жобалар жасау үшін жастар кәсіпкерлігінің экожүйесін құратын боламыз», - деді қала әкімі.

Стратегия мәтіні әкімдіктің сайты мен газеттерде жарияланатын болады. Б. Сағынтаев қалалықтарды бағдарламалық құжатты талқылауға шақырды. Түпнұсқа желтоқсанда Урбан-форумде ұсынылатын болады.

Мегаполис әкімі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де болған кезде студенттерді оқыту жүйелерімен танысты, процессті инновациялар және Жерді қашықтықтан бақылау орталықтары бар IT-Технопаркін көрді. Жоғары оқу орнының ғылыми әлеуетінің қалаға тигізер пайдасы бар.

Б. Сағынтаевтың студенттермен кездесу кезінде сөйлеген сөзінің мәтіні.




09.10.2019

жоғары

Все права на материалы, размещенные на этом сайте, принадлежат Акимату г. Алматы
© 2005-2019 РК , 050001 г. Алматы, площадь Республики, 4
Информационное наполнение и сопровождение: Пресс-служба акима г. Алматы
Телефон Пресс-службы акима г. Алматы: +7 (727) 271-65-13
Email: smi@a-a.kz
Қаз   Рус   Eng