АЛМАТЫ қаласының ресми интернет-ресурсы
 
МЕНЮ

Негізгі бет v2015

Кері
Жыл соңына дейін Алматыда алғаш рет 208 көше жарықтандырылады

Алматы қаласының әкімі Б. Сағынтаевтың төрағалығымен өткен жиында көше жарықтандыру желілері құрылысының барысы қаралды.

 

Бірнеше ай бұрын әкімнің тапсырмасымен көшелер мен аулаларды жарықтандыру бойынша ауқымды жұмыстар басталған болатын. Бүгінде бұрын жарық жүйесі болмаған 208 көшеге жарық орнату жұмыстары аяқталуға жақын. Шамамен төрт мыңға жуық жарық нүктелері қазан айының соңына дейін орнатылады.

Сонымен қатар, Б. Сағынтаевтың тапсырмасына сәйкес сынған және зақымдалған жарық нүктелерін анықтау үшін күнделікті тексеру жұмыстары жүргізілуде. Жиналыста қала әкімі атап өткендей, сапа мен қызмет көрсету үнемі бақылауда болмақ.

Келесі жылдың соңына дейін қаланың жарықтандыру деңгейін жүз пайызға жеткізу жоспарлануда.







10.10.2019

жоғары

Все права на материалы, размещенные на этом сайте, принадлежат Акимату г. Алматы
© 2005-2019 РК , 050001 г. Алматы, площадь Республики, 4
Информационное наполнение и сопровождение: Пресс-служба акима г. Алматы
Телефон Пресс-службы акима г. Алматы: +7 (727) 271-65-13
Email: smi@a-a.kz
Қаз   Рус   Eng