АЛМАТЫ қаласының ресми интернет-ресурсы
 
МЕНЮ

Негізгі бет v2015

Кері
Алматыда Марат Оспановты еске алу кеші өтті

Абай атындағы опера және балет театрында мемлекет және қоғам қайраткері Марат Оспановтың 70 жылдығына арналған еске алу кеші өтті.

 

Марат Тұрдыбекұлы Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің тұңғыш Төрағасы болды. Ол «Тұрақтылықтан өсуге» атты экономикалық бағдарламаны жазды, алғашқы Салық кодексін, Қазақстанның тәуелсіздігі туралы Декларацияны әзірлеуге қатысты.

Кеш «Марат Оспановтың өмірінің кодексі» құжатты фильмін көрсетумен басталды.

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев құттықтау сөз сөйледі, Марат Тұрдыбекұлының айрықша саяси көрегендігін атап өтті.

- Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне алғашқы төрағалық еткен кезінде Марат Тұрдыбекұлы терең білімін көрсетті. Сол бір ауыр кезде еліміздің сәулетті болашағы үшін жаңа заңдар қабылдау өте маңызды еді. Марат Тұрдыбекұлы өміршең заңдардың қабылдануына тікелей жауап берді және оларды дер кезінде жүзеге асыра білді, - деді Алматы әкімі Б. Сағынтаев.

Абай атындағы опера және балет театрының сахнасында №4 соқырлар мен нашар көретін балалар мектеп-интернатының халық аспаптары оркестрі Серік Нұртазиннің дирижерлік етуімен «Өрлеу» күйін орындады. №4 соқырлар мен нашар көретін балалар мектеп-интернатының түлегі Ерхат Тәжібаев «Дударай» әнін орындады. І have nothing (Whitney Houston) әнін «Қазақстан дауысы» жобасының жеңімпаздары Дінмұхамед Дәулетов және Алена Когай айтты, Абай атындағы опера және балет театрынының артистері және басқалар өнер көрсетті.




08.11.2019

жоғары

Все права на материалы, размещенные на этом сайте, принадлежат Акимату г. Алматы
© 2005-2019 РК , 050001 г. Алматы, площадь Республики, 4
Информационное наполнение и сопровождение: Пресс-служба акима г. Алматы
Телефон Пресс-службы акима г. Алматы: +7 (727) 271-65-13
Email: smi@a-a.kz
Қаз   Рус   Eng