АЛМАТЫ қаласының ресми интернет-ресурсы
 
МЕНЮ

Негізгі бет v2015

Кері
Президент тапсырмасы: ТЖ кезінде табысынан айырылған қазақстандықтар өзінің төлемдерін қалай ала алады?

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тарапынан ТЖ кезінде табыс көзінен айырылған қазақстандықтар үшін жаңа әлеуметтік төлем тәртібі енгізілді, деп хабарлайды "Қазинформ" тілшісі.

 

Микро, шағын және орта бизнес нысандарының еңбекақысыз демалысқа жіберілген жұмыскерлері төлемдерін қалай алады; жеке кәсіпкерлер; жеке тәжірибедегі (нотариус, жеке сот орындаушы, адвокат, кәсіби медиатор) тұлғалар; бірреттік төлем жиынтығын төлеушілер ақысыз еңбек демалысына шыққан қызметкерлерінің тізімін жасайды.

Министрліктің түсіндіруінше, жұмыс істеп жүріп, елдегі бүгінгідей төтенше жағдайға байланысты мәжбүрлі түрде ақысыз демалысқа кеткен қызметкерлер тиісті төлемді Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) алады. Бір адамға айына төленетін әлеуметтік төлемнің көлемі ең төменгі жалақы мөлшерін немесе 42,5 мың теңгені құрайды.

МӘСҚ-дан төленетін бұл жаңа төлемақы Қазақстан аумағында жұмыс істеген ҚР азаматтарына, төмендегі талаптарға сәйкес беріледі:  

– әлеуметтік төлемақы жұмыстан шығарылмаған, тек төтенше жағдайға байланысты ақысыз еңбек демалысына жіберілген жұмыскерлерге;

  – төлемақыны алу үшін қызметкерлерінің жұмыстан ақысыз еңбек демалысына шығарылғаны туралы мәліметті (жеке кәсіпкерлер өздері үшін) МӘСҚ-қа төтенше жағдай енгізілген уақыттан бастап 12 айға дейінгі аралықты 3 ай ішінде өткізуі тиіс;   

– әлеуметтік төлем тек орта, шағын және микробизнес қызметкерлері үшін төленеді.  Жаңа әлеуметтік төлемақыны тағайындау үшін жұмыс берушілер тез арада жергілікті органдардың жұмыспен қамту бөлімдеріне хабарласып, қызметкерлерінің төтенше жағдайға байланысты табысынан айырылғандығын растайтын құжаттарын (қызметкерлерінің тізімі және олардың ақысыз еңбек демалысына шыққандығын дәлелдейтін бұйрықтың көшірмесін) ұсынуы тиіс.   

Жұмыс берушілердің (немесе жеке кәсіпкерлердің) өтінімдері негізінде аудандық (қалалық) халықты жұмыспен қамту жөніндегі басқарма жұмыс берушіні әлеуметтік қолдау туралы шешім қабылдайды, ал «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының бөлімдері МӘСҚ жалақы төлейтін қызметкерлердің тізімдерін дербес жасайды.  Әлеуметтік төлем қызметкерге айлық жалақысы сақталмаған еңбек демалысы кезінде, бірақ төтенше жағдайдың ұзақтығынан аспайтын мерзімге төленеді.

Жұмыстан босатылған жұмысшылар қалай жалақы алады?  

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жұмыстан босатылған қызметкерлерге 1 айдан 6 айға дейін жұмысынан айрылғаны үшін әлеуметтік төлемдер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіндегі жұмыс өтілі мен соңғы 24 айдағы кірісіне байланысты тағайындалады.  Төлем Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры есебінен жоғалған кірістің 40% мөлшерінде жүзеге асырылады. Ол үшін жұмыстан босатылған  қызметкер жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз ретінде тіркеліп, әлеуметтік жәрдемақы тағайындау үшін бір ғана өтініш беруі керек.  Төлем автоматты түрде жасалады.  Сондай-ақ, егер азамат жұмыссыз ретінде тіркелген болса, әлеуметтік төлемдерді тағайындау туралы өтінішті «электрондық үкіметтің» веб-порталы (www.egov.kz) немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы беруге болады.

Жұмыскерлердің басқа санаттары жеңілдіктер ала ма?

Қазіргі уақытта қазақстандықтардан төтенше жағдай кезінде жалақысы қысқартылған жұмысшылар санатына төлемдер төлене ме деген сұрақтар келіп түсуде. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл мәселенің пысықталып және нақтыланып жатқандығын түсіндірді. Нақты жауабын тиісті мекеме кейінірек береді. Жалпы, Еңбек министрлігі төтенше жағдай кезінде басқа да санаттағы жұмысшыларға қатысты қосымша шаралар қарастыруда.

26.03.2020

жоғары

Все права на материалы, размещенные на этом сайте, принадлежат Акимату г. Алматы
© 2005-2019 РК , 050001 г. Алматы, площадь Республики, 4
Информационное наполнение и сопровождение: Пресс-служба акима г. Алматы
Телефон Пресс-службы акима г. Алматы: +7 (727) 271-65-13
Email: smi@a-a.kz
Қаз   Рус   Eng