АЛМАТЫ қаласының ресми интернет-ресурсы
 
МЕНЮ

Әкімдіктің нормативті шығармашылық қызметі

Кері
Алматы қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 6 желтоқсан дағы № 4/571 қаулысы Алматы қаласының Әділет Департаментінде 2016 жылдың 21 желтоқсанында тіркелген, № 1334

Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласы Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясының басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» 2015 жылғы 15 маусымдағы № 2/354 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  • Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласы Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясының басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» 2015 жылғы 15 маусымдағы №2/354 қаулысының(нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1179 болып тіркелген, 2015 жылғы 4 шілдеде «Алматы ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

2. «Алматы қаласы Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясының басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;

2) осы қаулыны мемлекеттік тіркелгеннен кейін «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Алматы қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін жіберуді;

3) осы бұйрықтың Алматы қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 . Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы М. Сембековке жүктелсін.

4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Алматы қаласының әкімі Б. Байбек

жоғары

Все права на материалы, размещенные на этом сайте, принадлежат Акимату г. Алматы
© 2005-2019 РК , 050001 г. Алматы, площадь Республики, 4
Информационное наполнение и сопровождение: Пресс-служба акима г. Алматы
Телефон Пресс-службы акима г. Алматы: +7 (727) 271-65-13
Email: smi@a-a.kz
Қаз   Рус   Eng