АЛМАТЫ қаласының ресми интернет-ресурсы
 
МЕНЮ

Әкімдіктің нормативті шығармашылық қызметі

Кері
Алматы қаласының Бостандық ауданында жылдам автобус көлігі жүйесімен көше-жол желісін қайта жаңғырту үшін қауымдық сервитут белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 16 және 69 баптарына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлкеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27 бабына сәйкес және Алматы қаласы Жер комиссиясының 2018 жылғы 16 тамыздағы қорытындысы негізінде, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Альдина» ТК (кондоминиумға қатысушылар) Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Щепкин көшесі, 35А үй (кадастрлық нөмірі 20-313-036-330) мекенжайы бойынша орналасқан аумағы – 0,0261 га, жылдам автобус көлігі жүйесімен көше-жол желісін қайта жаңғырту үшін.

2. Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы заңнамамен белгіленген тәртіпте:

1) жер учаскесінің меншік иелеріне және жер пайдаланушыларға қабылданған қаулы туралы хабарласын;

2) осы қаулыны Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары С. Мәкежановқа жүктелсін.

Алматы қаласының әкімі Б. Байбек

жоғары

Все права на материалы, размещенные на этом сайте, принадлежат Акимату г. Алматы
© 2005-2019 РК , 050001 г. Алматы, площадь Республики, 4
Информационное наполнение и сопровождение: Пресс-служба акима г. Алматы
Телефон Пресс-службы акима г. Алматы: +7 (727) 271-65-13
Email: smi@a-a.kz
Қаз   Рус   Eng