АЛМАТЫ қаласының ресми интернет-ресурсы
 
МЕНЮ

Әкімдіктің нормативті шығармашылық қызметі

Кері
«№ 25, 34 және 36 сайлау округтері бойынша шығып қалғандардың орнына Алматы қаласы мәслихаты депутаттарының сайлауын тағайындау туралы» Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиясының 2018 жылдың 27 тамызындағы № 1/1 Қаулысы

«№ 25, 34 және 36 сайлау округтері бойынша шығып қалғандардың орнына Алматы қаласы мәслихаты депутаттарының сайлауын тағайындау туралы» Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиясының 2018 жылдың 27 тамызындағы № 1/1 Қаулысы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 101 бабының 4 тармағына сәйкес, қалалық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТТІ:

1. № 25, 34 және 36 сайлау округтері бойынша шығып қалғандардың орнына Алматы қаласы мәслихаты депутаттарының сайлауы 2018 жылғы 28 қазанға тағайындалсын.

2. Шығып қалғандардың орнына Алматы қаласы мәслихаты депутаттарының сайлауын өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін (қоса беріледі).

3. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 103 бабының 6 тармағына сәйкес, мәслихат депутаттығына кандидаттарды сайлау округтері бойынша ұсыну сайлау күніне екі ай қалғанда басталып, бір ай қалғанда аяқталады ( 2018 жылғы 28 тамызда басталып, 2018 жылғы 27 қыркүйекте аяқталады).

4. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 104 бабының 8 тармағына сәйкес, мәслихат депутаттығына кандидаттарды сайлау округтері бойынша тіркеу сайлау күніне екі ай қалғанда басталып, жиырма бес күн қалғанда аяқталады ( 2018 жылғы 28 тамызда басталып, және 2018 жылғы 2 қазанда аяқталады).

5. Сәйкес округтік сайлау комиссиялары шығып қалған депутат орнына Алматы қалалық мәслихаты депутаттарының сайлауының дайындығы мен оны өткізуді қамтамасыз етуі міндетті.

6.Осы қаулы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

7. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына жолдансын .

Алматы қаласы аумақтық

сайлау комиссиясының төрайымы Ж.Асанова

Алматы қаласы аумақтық
сайлау комиссиясының

2018 жылдың 27 тамызының № 1/1

Қаулысымен бекітілген

Шығып қалған депутаттар орнына № 25, 34 және 36 сайлау округтер бойынша Алматы қалалық мәслихаты депутаттарың

2018 жылғы 28 қазанға тағайындалған сайлауын

өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың

КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАРЫ

  • Мәслихат депутаттығына кандидаттарды сайлау округтері бойынша ұсыну.

Республикалық немесе жергілікті қоғамдық бірлестіктердің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің жоғары органдары және азаматтар өзін-өзі ұсыну жолымен.

2018 жылғы 28 тамызда басталады және 2018 жылғы 27 қыркүйекте аяқталады.

(103-бап)

2. Тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында сайлау учаскелері ні ң шекаралары туралы ақпаратты жариялау.

Алматы қаласы әкімдігі және аудандық әкімдіктері.

Сайлау тағайындалғаннан кейінгі жеті күннен кешіктірмей.

2018 жылдың 3 қыркүйегіненкешіктірмей .

(23-бап)

3. Бұқаралық ақпарат құралдарында учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарын жариялау.

 

Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиясы.

Сайлау тағайындалғаннан кейінгі жеті күннен кешіктірмей.

2018 жылдың 3 қыркүйегіненкешіктірмей.

(17-бап)

 

4. Тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында сайлау округтерінің тізімдерін, олардың шекараларын және округтік сайлау комиссияларының орналасқан орындарын көрсетіп жариялау.

 

Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиясы.

Сайлау тағайындалғаннан кейінгі он күннен кешіктірмей.

2018 жылдың 6 қыркүйегінен кешіктірмей.

(22-бап)

 

5. Тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында округтік сайлау комиссияларының құрамдарын жариялау.

 

Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиясы.

Сайлау тағайындалғаннан кейінгі он күннен кешіктірмей.

2018 жылдың 6 қыркүйегінен кешіктірмей.

(15-бап)

 

6. Бұқаралық ақпарат құралдарында аумақтық сайлау комиссияларының құрамдарын жариялау.

 

Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиясы.

Сайлау тағайындалғаннан кейінгі он күннен кешіктірмей.

2018 жылдың 6 қыркүйегінен кешіктірмей.

(13-бап)

 

7. Сайлаушылардың тізімдерін жасау.

 

Жергілікті атқарушы органдар, халықты есепке алуды жүзеге асыратын органдар ұсынған мәліметтердің негізінде.

(24-бап)

 

8. Сайлаушылардың тізімдерін тиісті сайлау комиссиясына акт бойынша тапсыру.

 

Аудан әкімдері.

Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын -2018 жылғы 08 қазаннан кешіктірмей.

(24-бап 5-тармақ)

 

9. Ұсыну туралы шешімді мәслихат депутаттығына ұсынылған кандидаттың назарына жеткізу.

 

Қоғамдық бірлестіктердің немесе олардың құрылымдық бөлімшелерінің жоғары органдары.

(103-бап 3-тармақ 1) тармақша)

 

10. Мәслихат депутаттығына кандидат етіп ұсыну туралы тиісті қоғамдық бірлестіктердің шешімді кандидаттың дауысқа түсуге келісімі туралы өтінішімен бірге немесе кандидат болып дауысқа түсу ниеті туралы өтініш беру жолымен округтік сайлау комиссиясына тапсыру.

 

Қоғамдық бірлестіктердің жоғары органдары, олардың құрылымдық бөлімшелері, депутаттыққа кандидаттар.

(103-бап 3, 4-тармақтары )

 

11. Мәслихат депутаттығына кандидаттың Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында оған қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау.

 

Округтік сайлау комиссиясы.

Азаматтың өзін-өзі ұсыну жолымен дауысқа түсуге өтінішін берген немесе қоғамдық бірлестіктің жоғарғы органы кандидатты ұсыну туралы хаттамасының үзінді көшірмесімен бірге кандидаттың дауысқа түсуге келісімі туралы өтінішін тапсырған сәттен бастап үш күн ішінде.

(103-бап 8-тармақ)

 

12. Тұрғылықты жері бойынша салық органдарына ұсыну мерзімі басталатын айдың бірінші күні 2018 жылдың 1 тамызына келетін Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы белгілеген тәртіппен және нысанда табысы мен мүлкі туралы декларация ұсыну.

 

Кандидат және оның (жұбайы) (зайыбы).

Кандидатты тіркегенге дейін.

(104-бап 1-1-тармақ)

 

13. Мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу, хаттама жасау және әрқайсысына тиісті куәлік беру.

 

Округтік сайлау комиссиясы.

2018 жылғы 28 тамызда басталып, сайлау күніне жиырма бес күнқалғанда -2018 жылғы 02 қазанда аяқталады.

(104-бап 8-тармақ)

 

14. Мәслихат депутаттығына кандидатты тіркеу туралы хаттамасын тиісті аумақтық сайлау комиссиясына тапсыру.

 

Округтік сайлау комиссиясы.

Бес күн мерзім ішінде.

(104-бап 5-тармақ)

 

1 5 . Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу туралы хабар жариялау.

 

Округтік сайлау комиссиясы.

Кандидаттарды тіркегеннен кейінгі жетінші күннен кешіктірмей.

(104-бап 6-тармақ)

 

16. Кандидат пен оның (жұбайы) (зайыбы) декларацияда көрсеткен табысы мен мүлкі туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру.

 

Салық қызметі органдары.

Кандидат тіркелген күннен бастап он бес күн ішінде.

(104-бап 1-1- тармақ)

 

17. Округтік сайлау комиссиясында сайлау қорларын тіркеу.

 

Округтік сайлау комиссиясы.

Мәслихат депутаттығына кандидаттар, олардың сенім білдірілген адамдары.

Мәслихат депутаттығына кандидат округтік сайлау комиссиясына өтінішпен келген сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде

(34-бап 2-тармақ)

 

18. Мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлау қорларының арнаулы уақытша шоттарын ашу.

 

Округтік сайлау комиссиялары.

Кандидат тіркелгеннен кейін.

(34-бап 6-тармақ)

 

19. Мәслихат депутаттығына кандидаттардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу және әрқайсысына тиісті куәліктер беру.

 

Округтік сайлау комиссиясы.

Тиісті сайлау комиссиясына өзінің сенім білдірілген адам болуға келіскені туралы өз өтінішін және сенім білдірілген адамдар ретінде ұсынған адамдардың тізімін ұсынғаннан кейін

(31-бап)

 

20. Сайлау алдындағы үгіт.

 

Кандидаттар тіркелген мерзім аяқталған кезден басталып, сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.

(2018 жылдың 3 қазанында басталып, 2018 жыл 26 қазан сағат 24.00-де аяқталады).

(27-бап 2-тармақ)

 

21. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын белгілеу және оларды жарақтандыру.

 

Алматы қаласы әкімдігі

Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиясы.

Сайлау жарияланған күннен бастап, сайлау алдындағы үгіт басталғанға дейін.

(28-бап 6-тармақ)

 

22. Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жай беру.

Бөлінген үй-жайда кандидаттардың сайлаушылармен кездесуінің кестесін жасау және оны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

 

Жергілікті атқарушы мен жергілікті өзін өзі басқару органдары

Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде.

(28-бап 4-тармақ)

 

23. Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылар тізімдерін сайлаушыларға танысу үшін беру.

 

Учаскелік сайлау комиссиялары.

Дауыс беретін күнге он бес күн қалғаннан - 2018 жылғы 13 қазаннан кешіктірмей.

(26-бап 1-тармақ)

 

24. Сайлаушыларды сайлау учаскелерінде дауыс берудің уақыты және орны туралы хабардар ету.

 

Учаскелік сайлау комиссиялары.

Дауыс беретін күнге дейінгі он күннен - 2018 жылғы 18 қазаннан кешіктірмей.

(38-бап 2-тармақ)

 

25. Қажет болған жағдайда кейбір учаскелерде дауыс беруді бастайтын және аяқтайтын басқа уақытты белгілеу, комиссиялардың осы шешімдерін сайлаушылардың назарына жеткізу.

 

Округтік сайлау комиссиясы.

Дауыс беру күніне жеті күн қалғаннан - 2018 жылғы
21 қазаннан кешіктірмей.

(38-бап 1-тармақ)

 

26. Сайлау округi бойынша сайлау нәтижелерiн анықтау жөніндегі округтiк сайлау комиссиясының отырысын өткізу үшін, сайлау учаскелерiнiң бірін анықтау. Отырыс орны мен уақыты туралы мәлiметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

 

Округтік сайлау комиссиясы

Дауыс берiлетiн күннен кемiнде он күн бұрын,

2018 жылғы 18 қазанынан кешіктірмей.

(43-бап 8-1-тармақ)

 

27. Учаскелік сайлау комиссияларына сайлау бюллетеньдерін жеткізу.

 

А умақтық және округтік сайлау комиссиялары.

Сайлауға бір күн қалғаннан кешіктірмей - 2018 жылғы
26 қазаннан кешіктірмей.

(37-бап 3-тармақ)

 

28. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерінің ашылуы және тиісті хаттаманы жасау.

 

Учаскелік сайлау комиссиялары.

Дауыс беруге бір сағат қалғанда(2018 жылғы 28 қазанда жергілікті уақыт бойынша сағат 6.00-де).

(40-бап)

 

29. Дауыс беруді өткізу.

 

Учаскелік сайлау комиссиялары.

Дауыс берудің басқа уақыты белгіленбесе, сайлау күні, 2018 жылғы 28 қазанда жергілікті уақыт бойынша сағат 7.00-ден 20.00-ге дейін.

(38-баптың 1-тармағы, 42-бап)

 

30. Сайлау учаскесінде дауыстарды санау және дауыстарды санау туралы хаттама жасау.

 

Учаскелік сайлау комиссиялары.

Дауыс беретін уақыт өзгертілмесе, жергілікті уақыт бойынша сағат 20.00-де басталады.

(43-бап)

 

31. Хаттаманың көшірмесін жалпыжұрттың танысуы үшін сайлау учаскесінің үй-жайындағы арнайы белгіленген орынға ілу.

 

Учаскелік сайлау комиссия с ы.

Дауыс тарды санау аяқталысымен дереу.

(43-бап 8-тармақ)

 

32. Сайлау бойынша дауыс берудің қорытындылары туралы хаттаманы округтік сайлау комиссиясына тапсыру.

 

Учаскелік сайлау комиссиялары.

Дауыс беру аяқталысымен және хаттама жасалысымен

дереу.

(108-бап 1-тармақ)

 

33. Сайлау округі бойынша мәслихат депутатын сайлаудың нәтижелерін анықтау, тиісті хаттама жасау және оны тиісті аумақтық сайлау комиссиясына жіберу.

 

Округтік сайлау комиссиясы.

Сайлау өткізілген күннен бастап екі күннен аспайтын мерзімде 2018 жылғы 30 қазаннан кешіктірмей.

(108-бап 2-тармақ)

34. Сайлау округі бойынша сайлау нәтижелері туралы хаттаманың көшірмесін жалпыжұрттың танысуы үшін отырыс өткізілген сайлау учаскесінің үй-жайында ілу.

 

Округтік сайлау комиссиясы.

Дауыс беру аяқталысымен және хаттама жасалысымен –

дереу.

(43-бап 8-1-тармақ)

 

35. Отырыс өткізілген сайлау учаскесінің үй-жайында сайлау учаскелеріндегі дауыстарды санаудың нәтижелері туралы жиынтық тізімдемені жалпыжұрттың танысуы үшін ілу.

 

Округтік сайлау комиссиясы.

Дауыс беру күнінен бастап бес күннен - 2018 жылғы 2 қарашадан кешіктірмей.

(43-бап 8-2-тармақ)

 

36. Округ бойынша сайлау нәтижелері туралы хабарды жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

 

Округтік сайлау комиссиясы.

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен аспайтын мерзімде 2018 жылғы 4 қарашадан кешіктірмей.

(16-бап 9) тармақша, 44-бап 4-тармақ 2) тармақша)

 

37. Мәслихаттар депутаттары сайлауының қорытындыларын анықтау.

 

Алматы қалалық сайлау комиссиясы.

Сайлау өткізілген күннен бастап бес күн мерзімнен -
2018 жылдың 2 қарашасынан кешіктірмей.

.

(111-бап 1-тармақ)

 

38. Мәслихат депутаттарын сайлаудың қорытындылары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

 

Алматы қалалық сайлау комиссиясы.

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен 2018 жылғы -04 қарашадан кешіктірмей.

(44-бап 4-тармақ 2 тармақша)

 

39. Сайлау қорларына келіп түскен қаражаттың пайдаланылуы туралы кандидаттардың есебін округтік сайлау комиссиясына тапсыру

 

Сайлау қорларын негіздеген мәслихат депутаттығына кандидаттар

Сайлау қорытындылары жарияланғаннан кейін бес күннен кешіктірмей.

(34-бап 9-тармақ)

 

40. Кандидаттардың сайлау қорларына келіп түскен ақшаның жалпы сомасы және оның көздері туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

Округтік сайлау комиссиялары.

Сайлау қорытындылары жарияланғаннан кейінгі он күн ішінде

(34-бап 4-тармақ)

41. Мәслихаттардың сайланған депутаттарын тіркеу, тиісті куәліктер және омырауға тағатын белгі беру.

Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиясы.

(46-бап 3 тармақ, 112-бап 1-тармақ)

Ескерту: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.

жоғары

Все права на материалы, размещенные на этом сайте, принадлежат Акимату г. Алматы
© 2005-2019 РК , 050001 г. Алматы, площадь Республики, 4
Информационное наполнение и сопровождение: Пресс-служба акима г. Алматы
Телефон Пресс-службы акима г. Алматы: +7 (727) 271-65-13
Email: smi@a-a.kz
Қаз   Рус   Eng