АЛМАТЫ қаласының ресми интернет-ресурсы
 
МЕНЮ

Алда болатын оқиғалардың күнтізбесі

Кері

ҚҰРМЕТТІ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОРЫНАН ТҰРҒЫН ҮЙ АЛУҒА МҰҚТАЖДАРДЫҢ ЕСЕБІНДЕ ТҰРҒАН АЗАМАТТАР!

2020 жылға   дейінгі Өңірлерді   дамыту   бағдарламасының « Қазақстан ипотекалық компаниясы» ипотекалық ұйымы» акционерлік қоғамы тұрғын үйі» бағыты бойынша Алматы қаласы Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясының басқармасы 2016 жылдың «26» желтоқсанынан «30» желтоқсан аралығында e-gov.kz электрондық үкімет веб-порталы арқылы өтініштер мен құжаттарды қабылдайды.

Электрондық веб-порталы арқылы құжаттарды өткізу үшін халыққа қызмет көрсету орталығынан (ХҚКО) э лектронды сандық қолтаңбаны (ЭСҚ) алу қажет.

«Қазақстан ипотекалық компаниясы» ипотекалық ұйымы» акционерлік қоғамы Алматы қаласы, Алатау ауданының «Алғабас» ықшам ауданында орналасқан 1748 (бір бөлмелі-996, екі бөлмелі-560, үш бөлмелі-192) дайын пәтерлерді сату жоспарланған.

Пәтердің бір шаршы метрі, сатып алу арқылы жалға алғанда, жалдау мерзімі – 20 жыл болғанда, шамамен 1036 тенгені құрайды.

« Қазақстан ипотекалық компаниясы» ипотекалық ұйымы» акционерлік қоғамы тұрғын үйі» бағыты бойынша – жергілікті атқарушы органда кезекте тұрғандар, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 67-бабының 1-тармағының 1-1), 2), 3) тармақшаларында көрсетілген тұлғалар санатына жататындар, атап айтқанда:

көп балалы отбасылар;

толық емес отбасылар;

мүгедек балалары бар немесе тәрбиелеп отырған отбасылар;

жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

оралмандар;

мемлекеттiк қызметшiлер, әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi;

1 және 2-ші топтағы мүгедектер.

Аталған бағыттың қатысушыларын қалыптастыру мынадай кіші топтар мен критерийлер бойынша жүргізіледі:

1-кіші топ – жергілікті атқарушы органда осы санатта кезекте тұрғандар, кемінде 3 жыл некеде тұрған, балалары (баласы) бар және жұбайлардың екеуінің де жасы 35 жасқа толмаған (Бағдарламаға қатысуға өтініш беру сәтінде), сондай-ақ балаларды (баласы) жасы 35-ке толмаған, оның ішінде ажырасқан, жесір/тұл қалған ата-ананың бірі ғана тәрбиелеп отырған толық емес отбасы;

2 -кіші топ – 1-кіші топқа кірмейтін, көрсетілген санаттағы жергілікті атқарушы органда кезекте тұрғандар .

Бөлінетін тұрғын үй нормалары:

1-кіші топ қатысушылары үшін  50 % ;

2-кіші топ қатысушылары үшін  50 %.

Бағдарламаға қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар

1) Заңға сәйкес тұрғын үйге мұқтаждар есебіне тұрғанын және тұрғын үйге мұқтаж мәртебесін растау;

2) Бағдарламаның 3-кіші бөлімнің 1-тармағында көрсетілген тұрғын үйді сату талаптары бойынша міндеттемелерді тиісті кірістермен орындау мүмкіндіктерін растау.

Адам басына пайдалы алаңының көлемі кемінде он бес шаршы метр және он сегіз шаршы метрден аспайтын, бірақ кемінде бір бөлмелі пәтер немесе жатақханадағы бөлме болған кезде тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатымен тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған адамдар І топ ретінде Бағдарламаға қатысуға жіберілмейді.

Бағдаламаның негізгі талаптарына сәйкес келетін үміткерлер пәтердің белгілі бір түріне өтініш пен мынадай құжаттарды тапсырады:

1) өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжат;

2) неке қию (некені бұзу), жұбайының/зайыбының қайтыс болуы туралы, балаларының туу туралы куәліктері, өтініш берушінің некеде тұрмайтындығы туралы өтініш;

3) өтініш берушінің және онымен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасының аумағы бойынша меншік құқығы бар үйінің немесе кейіннен сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйдің болуы немесе болмауы туралы анықтама;

4) өтініш берушінің және онымен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінің тиісті елді мекенде тұратынын растайтын тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы мекенжай анықтамасы;

5) ө тініш берушінің жұмыс орнынан анықтамасы;

6) отбасы мүшелерінің мүгедектігін немесе кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрінің болуын растайтын анықтама;

7) Бағдарламаға қатысуға өтініш берген сәтте кезектілік нөмірін көрсете отырып, тұрғын үйге мұқтаждардың есебіне қою туралы анықтама;

8) өтініш иесінің табыстар алғанын растайтын анықтама.

Бағдарламаға қатысушыларды іріктеу сатылатын пәтерлердің санына сәйкес жүргізіледі.

Өтініш берушінің тиісті табысы расталмаған жағдайда, Бағдарламаның тиісті бағытындағы алдын ала тізімнен келесі өтініш берушілерден іріктеу жүргізіледі.

Бағдарлама бағыттары шегінде сатып алу құқығымен жалға алу арқылы тұрғын үй алған Бағдарламаға қатысушылар тұрғын үйге мұқтаждар есебінен алынады.


14.12

ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығын мерекелеу
14.12

«Ар-намысым, қасіретім, мақтанышым - Желтоқсан» патриоттық сағаты
14.12

«Тәуелсіздік тарландары» әңгімелесу-шолу
14.12

«Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» тарихи бейнеойын
14.12

«Тәуелсіз еліміздің ерлік жолы» тарихи сағаты
14.12

«Край мой Казахстан» зияткерлік конкурсы
14.12

ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған «Желтоқсан – тәуелсіздіктің таңы» көрмесі
19.12

Мұқан Иманжановтың 100-жылдығы құрметіне «Алғашқы айлар» оқырмандар конференциясы
20.12

ҚР Президентінің атынан Жаңажылдық Шырша
20.12

Мұқан Иманжановтың 100-жылдығы құрметіне «Даладағы от» атты әңгімелесу
21.12

Алматы қаласы Әкімінің атынан Жаңажылдық Шырша
21.12

ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған «Песня без границ» фестивалі
21.12

ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған Қайрат Нұртастың «Инновациялық шоу» атты концерті.
30.12

«Балалық шаққа – бал шығарма» әдеби сағаты
31.12

«Жаңа жыл, жаңа жыр!» Жаңа 2017 жылды қарсы алу (Источник: Управление культуры города Алматы)

ҚҰРМЕТТІ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОРЫНАН ТҰРҒЫН ҮЙ АЛУҒА МҰҚТАЖДАРДЫҢ ЕСЕБІНДЕ ТҰРҒАН АЗАМАТТАР!

2020 жылға   дейінгі Өңірлерді   дамыту   бағдарламасының « Қазақстан ипотекалық компаниясы» ипотекалық ұйымы» акционерлік қоғамы тұрғын үйі» бағыты бойынша Алматы қаласы Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясының басқармасы 2016 жылдың «26» желтоқсанынан «30» желтоқсан аралығында e-gov.kz электрондық үкімет веб-порталы арқылы өтініштер мен құжаттарды қабылдайды.

Электрондық веб-порталы арқылы құжаттарды өткізу үшін халыққа қызмет көрсету орталығынан (ХҚКО) э лектронды сандық қолтаңбаны (ЭСҚ) алу қажет.

«Қазақстан ипотекалық компаниясы» ипотекалық ұйымы» акционерлік қоғамы Алматы қаласы, Алатау ауданының «Алғабас» ықшам ауданында орналасқан 1748 (бір бөлмелі-996, екі бөлмелі-560, үш бөлмелі-192) дайын пәтерлерді сату жоспарланған.

Пәтердің бір шаршы метрі, сатып алу арқылы жалға алғанда, жалдау мерзімі – 20 жыл болғанда, шамамен 1036 тенгені құрайды.

« Қазақстан ипотекалық компаниясы» ипотекалық ұйымы» акционерлік қоғамы тұрғын үйі» бағыты бойынша – жергілікті атқарушы органда кезекте тұрғандар, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 67-бабының 1-тармағының 1-1), 2), 3) тармақшаларында көрсетілген тұлғалар санатына жататындар, атап айтқанда:

көп балалы отбасылар;

толық емес отбасылар;

мүгедек балалары бар немесе тәрбиелеп отырған отбасылар;

жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

оралмандар;

мемлекеттiк қызметшiлер, әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi;

1 және 2-ші топтағы мүгедектер.

Аталған бағыттың қатысушыларын қалыптастыру мынадай кіші топтар мен критерийлер бойынша жүргізіледі:

1-кіші топ – жергілікті атқарушы органда осы санатта кезекте тұрғандар, кемінде 3 жыл некеде тұрған, балалары (баласы) бар және жұбайлардың екеуінің де жасы 35 жасқа толмаған (Бағдарламаға қатысуға өтініш беру сәтінде), сондай-ақ балаларды (баласы) жасы 35-ке толмаған, оның ішінде ажырасқан, жесір/тұл қалған ата-ананың бірі ғана тәрбиелеп отырған толық емес отбасы;

2 -кіші топ – 1-кіші топқа кірмейтін, көрсетілген санаттағы жергілікті атқарушы органда кезекте тұрғандар .

Бөлінетін тұрғын үй нормалары:

1-кіші топ қатысушылары үшін  50 % ;

2-кіші топ қатысушылары үшін  50 %.

Бағдарламаға қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар

1) Заңға сәйкес тұрғын үйге мұқтаждар есебіне тұрғанын және тұрғын үйге мұқтаж мәртебесін растау;

2) Бағдарламаның 3-кіші бөлімнің 1-тармағында көрсетілген тұрғын үйді сату талаптары бойынша міндеттемелерді тиісті кірістермен орындау мүмкіндіктерін растау.

Адам басына пайдалы алаңының көлемі кемінде он бес шаршы метр және он сегіз шаршы метрден аспайтын, бірақ кемінде бір бөлмелі пәтер немесе жатақханадағы бөлме болған кезде тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатымен тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған адамдар І топ ретінде Бағдарламаға қатысуға жіберілмейді.

Бағдаламаның негізгі талаптарына сәйкес келетін үміткерлер пәтердің белгілі бір түріне өтініш пен мынадай құжаттарды тапсырады:

1) өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжат;

2) неке қию (некені бұзу), жұбайының/зайыбының қайтыс болуы туралы, балаларының туу туралы куәліктері, өтініш берушінің некеде тұрмайтындығы туралы өтініш;

3) өтініш берушінің және онымен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасының аумағы бойынша меншік құқығы бар үйінің немесе кейіннен сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйдің болуы немесе болмауы туралы анықтама;

4) өтініш берушінің және онымен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінің тиісті елді мекенде тұратынын растайтын тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы мекенжай анықтамасы;

5) ө тініш берушінің жұмыс орнынан анықтамасы;

6) отбасы мүшелерінің мүгедектігін немесе кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрінің болуын растайтын анықтама;

7) Бағдарламаға қатысуға өтініш берген сәтте кезектілік нөмірін көрсете отырып, тұрғын үйге мұқтаждардың есебіне қою туралы анықтама;

8) өтініш иесінің табыстар алғанын растайтын анықтама.

Бағдарламаға қатысушыларды іріктеу сатылатын пәтерлердің санына сәйкес жүргізіледі.

Өтініш берушінің тиісті табысы расталмаған жағдайда, Бағдарламаның тиісті бағытындағы алдын ала тізімнен келесі өтініш берушілерден іріктеу жүргізіледі.

Бағдарлама бағыттары шегінде сатып алу құқығымен жалға алу арқылы тұрғын үй алған Бағдарламаға қатысушылар тұрғын үйге мұқтаждар есебінен алынады.

Алматы аудандары әкімдерінің дәстүрлі есепті кездесулері 2017 жылдың 13-18 ақпан аралығында өтеді. Есепті кездесулер барысында жылдың қорытындысы жария етіледі, қала аумақтарын одан әрі дамыту мәселелері қаралады, қала тұрғындарының сұрақтарына жауап беріледі.

Алатау ауданының әкімі Б.Манзоров тұрғындармен есепті кездесулерді 13-17 ақпан аралығында өткізеді:

13 ақпан № 149 ОМ (Ленин көшесі, 34) сағат 11:00.

14 ақпан №169 ОМ (Өтемісұлы көшесі, 109) сағат 11:00.

15 ақпан №179 ОМ (Шаяхметов көшесі, 17) сағат 11:00.

16 ақпан №152 ОМ (Жалайыри көшесі, 48) сағат 11:00.

17 ақпан №178 ОМ (Суат к ө л көшесі, 41) сағат 11:00.

Алмалы ауданының әкімі Ж.Естенов аудан тұрғындарымен 13-17 ақпан аралығында кездеседі:

13 ақпан №62 МГ (Түркебаев көшесі, 4) сағат 11:00.

14 ақпан М. Әуезов атындағы №128 ОМ (Жароков көшесі, 18) сағат 11.00.

15 ақпан Абылайхан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар мен әлем тілдері Университеті (Мұратбаев көшесі, 200) сағат 11:00.

16 ақпан М. Тынышыбаев атындағы КазАТжК (Шевченко көшесі, 97) сағат 11:00.

17 ақпан ҚазМПҚУ (Гоголь көшесі, 114) сағат 11:00.

Әуезов ауданының әкімі А. Рахымбетов тұрғындармен есепті кездесулерді 13 -18 ақпан аралығында өткізеді:

13 ақпан Қазақ жол және жол қатынастары университеті (Мамыр-1, Шаляпин көшесі, 21/1) сағат 10:00.

14 ақпан №153 ОМ (Сәдуақасов көшесі, 27) сағат 10:00.

15 ақпан №2 Балалардың қалалық клиникалық ауруханасы (Алтынсарин көшесі, 54) сағат 10:00.

16 ақпан Алматының жаңа технологиялар колледжі (Төле би көшесі, 287а) сағат 10:00.

17 ақпан №158 ОМ (Степная көшесі, 8) сағат 10:00.

18 ақпан Алмат ының энергетика және электронды технология колледжі (Жандосов көшесі, 65) сағат 10:00.

Бостандық ауданының әкімі Б.Торғаевтың тұрғындармен есепті кездесулері 13- 18 ақпан аралығында өтеді:

13 ақпан №146 ОМ (Гагарин даң, 311 сағат 11.00.

14 ақпан №60 ОМ (Орбита 1, 41 үй) сағат 11:00.

15 ақпан Орталық қалалық клиникалық аурухана (Жандосов көшесі, 6) сағат 11:00 ч.

16 ақпан Алматының Энергетика жәее байланыс Университеті (Байтурсынов көшесі, 126) сағат 11:00.

17 ақпан №189 ОМ (Алатау, Тәуелсіздік көшесі, 33) сағат 11:00.

18 ақпан Бостандық ауданы әкімінің аппаратында (Айманов көшесі, 191) сағат 11:00.

Жетісу ауданының әкімі Т.Разақовтың тұрғындармен есепті кездесулері 13- 18 ақпан аралығында өтеді:

13 ақпан №109 ОМ (Гончаров көшесі, 23) сағат 15:00.

14 ақпан №108 ОМ (А қ паев көшесі, 59) сағат 15 00.

15 ақпан №177 ОМ (К ө кжиек) сағат 15:00.

16 ақпан Мәдениет үйі (Бірінші май п оселкесі ) сағат 10:00.

17 ақпан №137 ОМ (Айнаб ұлақ -2) сағат 15:00.

18 ақпан Жет ісу ауданы әкімінің аппаратында (Сер іков көшесі, 2а) сағат 10:00.

Медеу ауданының әкімі Е.Жылқыбаевтың тұрғындармен есепті кездесулері 13- 18 ақпан аралығында өтеді:

13 ақпан №159 ОМ (Қабанбай батыр көшесі, 86) сағат 15:00.

14 ақпан Оқушылар сарайы (Достық даң, 124) сағат 15:00.

15 ақпан № 168 ОМ (З. Космодемьянск ая көшесі, 69) сағат 15:00.

16 ақпан №7 ОМ (Жетбаев көшесі, 15) сағат 12:00.

17 ақпан Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармони ясы (Қ алдая қов көшесі, 35) сағат 15:00.

18 ақпан №172 ОМ (Думан, Қ ар қ аралы көшесі, 15) сағат 10:00.

Наурызбай ауданының әкімі С.Сайфеденовтіңтұрғындармен есепті кездесулері 13- 17 ақпан аралығында өтеді:

13 ақпан №1МҚК (Қалқаман, Әуезов көшесі 2) сағат 11:00.

14 ақпан №188 ОМ (Таусамалы, Жандосов көшесі, 4) сағат 11.00.

15 ақпан №192 ОМ (Қарағайлы, Надыров көшесі, 50) сағат 11.00.

16ақпан №186 ОМ (Ақжар, Аба көшесі, 15) сағат 11.00.

17 ақпан №176 МГ (Қаламан-3, Мақатаев көшесі, 47) сағат 11.00.

Түрксіб ауданының әкімі В.Устюговтің тұрғындармен есепті кездесулері 13 - 17 ақпан аралығында өтеді:

13 ақпан №76 Ом (Чехов көшесі, 15) сағат 11.00.

14 ақпан әуежайдың Мәдениет үйі (Майлин көшесі, 42) сағат 11:00.

15 ақпан №32 ОМ (Красногвардейск тракт і, 505) сағат 11:00.

16 ақпан №84 ОМ (Тельман көшесі, 56) сағат 11:00.

17 ақпан №6 БМ (Сейфулин көшесі, 13) сағат 11:00.

«Жұлдызай-2017» мүмкіндігі шектеулі балалар шығармашылығының XII Республикалық фестивалінің басталуына арналған баспасөз конференциясы

Өткізілетін күні: 5 сәуір 2017 жыл

Өткізілетін орны: «Сұңқар» шаңғы тармплинының халықаралық кешені, әл-Фараби даңғылы, 128/8

Өткізілетін уақыты: 11.00

Шығармашыл балаларды анықтап, талаптарын шыңдауға қолдау көрсету мен әлеуметтендіру бойынша жыл сайын өтетін фестиваль, іс-шараның ұйымдастырушылары мен қатысушыларын ғана емес барша қазақстандықтарды да қуантуда. Алғаш рет Алматы қаласының бас сахнасында фестивальдың финалы мен гала-концерті өтеді, қала әкімдігі жобаның бас серіктесі болып табылады. Бұған дейін дәстүрлі фестиваль Астанада өтіп келді.

Қазылар алқасы 2017 жылдың 5-сәуірінен бастап жергілікті жерлерде іріктеу турларын өткізу үшін еліміздің 16 қаласын аралап шығады. Бұл Алматы, Талдықорған, Шымкент, Тараз, Қызылорда, Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Орал, Өскемен, Павлодар, Көкшетау, Петропавл, Қостанай, Қарағанды және Астана.

Жас дарындарды іріктеу 6 номинация бойынша өтеді: вокал, ымдау, аспаптық орындау, хореография, бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер. Іріктеудің екінші турынан өткен қатысушыларды қызықты да мазмұнды бағдарлама – Алматының бас сахнасында өнер көрсету, мастер-кластар, экскурсиялар, көрмелер, танымал отандық жұлдыздармен, жаңа достармен кездесу және тамаша мерекелік атмосфера күтіп тұр.

Естеріңізге сала кетейік, «Жұлдызай» мүмкіндігі шектеулі балалар шығармашылығының республикалық фестивалі ҚР Білім және ғылым министрлігі, облыстық білім беру басқармаларының қолдауымен 2005 жылдан бастап жыл сайын өтеді.

Аталған шараның негізгі мақсаты шығармашылық жағынан дарынды балаларды анықтау, олардың жеке ерекшеліктерін дамыту, әлеуметтік ортаға бейімделуін және қоғамға етене араласуына қолдау көрсету, мүгедек балалардың мәселелеріне қоғамның назарын аудару, олардың шығармашылық ынталарын дамытуды қолдау болып табылады.

Фестивальдың 11-жылдық тарихында оған Қазақстанның түкпір-түкпірінен 30 000-нан астам бала қатысты. 7000-ға жуық бала елордамыздың ең танымал сахналарында өнер көрсетті. Олардың көпшілігі осы жобаны іске асыру нәтижесінде еліміздің шығармашылық ЖОО-на оқуға түсті.

«Жұлдызай» республикалық фестивалі дәстүр бойынша 1-маусымда – Халықаралық балаларды қорғау күнінде гала-концертпен аяқталады. Осы жылы фестивальдың басты алаңы Алматы қ. Республика Сарай болады.

Ақпараттық серіктес ретінде жобаға қолдау көрсеткеніңіз үшін алғыс білдіреміз және ерекше қажеттілігі бар дарынды балаларды қолдауға өз үлесіңізді қосуға шақырамыз.

Баспасөзконференциясыныңспикерлері

"BI-Жұлдызай" директорының орынбасары - Танибергенова Алтынай Муратжановна

«МЖК-Алматы» дивизионының бас директоры - Мукатаев Айдос Оразович

Алматы қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Дөңбаев Әбіл Бекетович

Алматы қаласы білім басқармасының бастығының орынбасары - Айткулова Гульнар Молдагазиевна

«Жұлдызай» республикалық фестивалінің қатысушысы.

Елбасының кітапханасы және Қоры журналистерге арнап «Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы» конкурсын жариялайды

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы мен Қоры баспа және электрондық бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері арасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы» тақырыбы бойынша таңдаулы материалдарға жыл сайынғы ашық конкурс жариялайды.

Конкурстың мақсаты – елдің тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерін көрсету, Қазақстан мемлекеттілігінің негізі ретінде «Назарбаев моделін», Елбасының идеялары мен бастамаларын танымал ету.

Конкурс төрт номинация бойынша өткізіледі:

  • «Үздік теледидар материалы» ;
  • «Үздік радиоматериал» ;
  • «Газеттер мен журналдардағы үздік мақала» ;
  • «Ғаламтор-БАҚ-тағы үздік жарияланым» .

Номинациялардың әрқайсысы бойынша жеңімпаздарға 1 миллион теңге мөлшерінде ақшалай жүлде беріледі, ал екінші және үшінші орындар үшін тиісінше – 500 мың және 200 мың теңге беріледі. Одан басқа, барлық жүлдегерлерге дипломдар мен омырауға тағатын белгілер тапсырылады.

Конкурсқа кәсіпқой журналистер жеке және ұжымдық негізде де қатыса алады.

Конкурсқа 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап 10 қазан мерзімі бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде ресми жарияланған (басылған, эфирге шығарылған, ғаламторда орналастырылған) бірегей материалдар қабылданады.

Конкурстың қорытындысын құрамына белгілі журналистер, Қазақстанның көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері енген Конкурс комиссиясы шығарады.

Жеңімпаздарды марапаттаудың салтанатты рәсімі Тәуелсіздік күні қарсаңында өткізіледі.

Конкурсқа қатысуға өтінімдер 2017 жылғы 1 маусымнан бастап 10 қарашаға дейінгі мерзімде әкеліп беру тәртібімен немесе поштамен жөнелту арқылы мына мекен-жайда: Z05S5X1, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Ә. Бөкейхан көшесі, 10, 213-каб., «Қазақстан тәуелсіздігі және Елбасы» конкурсына» деген белгісімен қабылданады (байланыс тел.: (7172) 69-30-57, 69-30-54, 69-30-56).

Конкурсты өткізудің шарттары мен уақыты туралы барлық ақпаратпен www.presidentlibrary.kz , www.presidentfoundation.kz сайттары арқылы танысуға болады.

Ақпарат

2017 жылдың 3 мен 5 Қазан аралығында Алматы қаласында стандартау бойынша бірқатар іс-шаралар өткізіледі. 54-ші Ғылыми-техникалық стандарттау комиссиясы жұмыс тобының 37-ші ақпараттық технологиялар бойынша бірлескен жалпы отырысы және жұмыс тобының ұйымдастыруымен 1-ші отырыс Мемлекетаралық техникалық комитеттің ТМД елдерінің өкілдері қатысады.

Осы отырыс барысында бірқатар маңызды мәселелер, сондай-ақ мемлекетаралық стандарттау құжаттарының Келісім-шарт жобаларын тарату туралы және мемлекетаралық стандарттау құжаттарының тарату тәртібі жөнінде, 2018-2019 жылдарға арналған ЖТ МТК жұмыс Жоспарының жобасы, сонымен қатар, мемлекетаралық стандарттау бойынша құжаттардың тізбелер жобаларын, т.б. ұсыныстарды қарастыру.

 

БАСПАСӨЗ БАЯНЫ

Алматы қаласы Мәдениет және архивтер басқармасының қолдауымен ағымдағы жылдың 13 сәуір күні сағат 14.00-де ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен «Қазақфильм» және «Алматыфильм» киностудиялары бірлесіп, Гүлсім Оразалиеваның «Нұртас Оңдасынов» атты кітабының желісі бойынша түсірген, Қазақстан Үкіметін ең ауыр жылдарда (1938-1951) 13 жыл табан аудармай басқарған республикамыздың экономикасы мен өнеркәсібінің, мәдениеті мен ғылым-білімінің дамуына ұланғайыр үлес қосқан мемлекет және қоғам қайраткері Нұртас Дәндібайұлы Оңдасыновтың өмірі мен қызметін баяндайтын деректі фильмнің тұсаукесері өткізіледі. Режиссеры: Оңласын Тастанов.

Деректі фильмнің мақсаты халқы үшін қалтқысыз еңбек еткен ердің атын ұмытпай, оның өнегелі істерін бүгінгі өскелең ұрпаққа дәріптеп үлгі ету.

Деректі фильмнің тұсаукесеріне жазушы-драматург Д. Исабеков, ақын, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Т. Медетбеков, академик С. Қирабаев, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, Оңдасыновтанушы Г. Оразалиева т.б. бірқатар беделді тұлғалар қатысады.

Нұртас Оңдасынов Қазақстан Үкіметін ең ауыр –Ұлы Отан соғысы кезінде және соғыстан кейінгі жылдарда республиканың ішкі экономикасы мен мәдениетінің, ғылым-білімінің дамуына барынша күш сала отырып жан-жақты дамыта басқарған дара басшы.

Ол 1938 жылы Шығыс Қазақстан облысы Атқару комитетінің төрағасы, 1938-1951 жылдар аралығында (13 жыл) Қазақ ССР Үкіметінің Төрағасы, 1951-1953 жылдары КПСС ОК жанындағы Жоғары партия мектебінде оқып, 1953-1954 жылы Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумының Төрағасы, 1955-1962 жылдары Гурьев облыстық Атқару комитетінің төрағалық қызметінен кейін 5 жыл облыстық КП ОК бірінші хатшысы қызметін атқарды.

Соғыс жылдарында, республикамызда Ғылым Академиясының жеке шаңырақ көтеруіне, Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық институты мен Ұлттық Консерваториясын құруға, Шет тілдер, Дене тәрбиесі және барлық облыс орталықтарында Мұғалімдер институтының ашылуына бірден бір ұйтқы болған қайраткер тұлға.

Сонымен қатар, еліміздегі ірі құрлыстар: Ертіс-Қарағанды, Арыс-Түркістан, Мырзашөл каналдарының, Атырау, Теміртау, Жезқазған, Балқаш, Ақтөбедегі ірі зауыттардың, сонымен қатар Мойынты-Шу темір жолының салынуына басшылық жасап, ерекше іскерлігімен танылды.

Ал, бүгінгі «Қазақфильмнің» де негізі сол уақыттан бастау алады. Басқа республикаға эвакуациямен кетіп бара жатқан «Мосфильм» мен «Ленфильмді» Қазақстан Үкіметі атынан арнайы Қазақстанға шақыртқан Нұртас Оңдасынов екенін қазір біреу біліп, көбіміз білмейміз. Екі киностудияның хас шеберлерінің қолдауымен «Райхан», «Абай әндері» фильмдері түсірілді.

«Зейнеткерлікке шыққаннан соң шығармашылық қызметпен айналысып, 1969 жылы «Арабша-қазақша түсіндірме сөздігі», 1974 жылы «Парсыша-қазақша түсіндірме сөздігі» жарық көріп, қалың оқырманның ыстық ықыласына бөленді» — дейді Д. А. Қонаев өзінің «Өтті дәурен осылай» кітабында.

Н.Д. Оңдасынов - үш рет Ленин, екі рет Еңбек Қызыл Ту орденімен, көптеген медельдармен, Құрмет грамоталармен марапатталған.

Өтетін орны: Алматы қаласы, «Алатау дәстүрлі өнер театры».

Мекен-жайы: Алғабас-1, 6 үй. Т. Рысқұлов және Б. Момышұлы көшелерінің қиылысы.

Анықтама телефондары: 8 7 0 7 47 47 300, 8 705 879 67 26. 272-22-08, 271-65-34.

Эл. почта : undasinova 86@ mail . ru

Алматы да ROADSHOW – 2017 көрмесі өтеді

Ақпараттық хабарлама

Алматы да ROADSHOW – 2017 көрмесі өтеді

Алматыда 2017 жылдың 19 сәуірінде “KITF -2017” халықаралық туристік көрме аясында " ROADSHOW " көрмесі өтеді. Бұл шара жергілікті туристік ұйымдардың шетелдік серіктестермен тәжірбие алмасу алаңы болып табылады.

Биылғы роудшоу толығымен
«ЭКСПО-2017» -ге арналады, соның арқасында көрмеге қатысушылар мен келген қонақтар «Астана   ЭКСПО-2017» туралы терең мағлұмат алып, ресми туроператорлармен тікелей байланыстар орнатады.

«Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ-ы Көрмеге қатысты түрлі шаралар өткізеді, соның ішінде "ROADSHOW" тұсаукесері де бар. «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ-ының тапсырысы бойынша компаниялар ЭКСПО тұсаукесерлерін Берлинде, Мәскеуде, Пекинде, Шанхайда, Стамбулда және басқа да көптеген қалаларда өткізді.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

ХАБАРЛАНДЫРУ

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – Комитет) 2017/2018 жылдарға арналған Ресей Федерациясы Федералды кеден қызметiнiң Ресейлік кеден академиясына күндізгі оқу нысанына түсу үшін алдын ала конкурс өткізетіні туралы хабарлайды.

Ресейлік кеден академиясының филиалына мынадай мамандықтарға «Кеден ісі» (маман), «Заңгер» (бакалавр), «Экономика» (бакалавр) күндізгі оқу нысанына қабылдау жүргізілетін болады:

Академия (Москва обл ы с ы, Люберцы қаласы );

В.Б. Бобков атындағы Санкт-Петербург тік филиал ы ;

Ростов тік филиал.

ТМД мемлекеттерінің қатысушы азаматтары Академияға түсетін кезде:

- «Кеден ісі» (маман) мамандығы бойынша мынадай пәндерден: орыс тілінен, шет тілінен, қоғамтанудан және дене шынықтыру бойынша кәсіби бағыттағы қосымша жазбаша тестілеу нысанында оқуға түсу сынақтарын тапсырады;

- «Заңгер» (бакалавр) дайындау бағыттары бойынша мынадай пәндерден: орыс тілінен, қоғамтанудан, тарихтан жазбаша тестілеу нысанында оқуға түсу сынақтарын тапсырады;

- «Экономика» (бакалавр) дайындау бағыты бойынша мынадай пәндерден: орыс тілінен, математикадан, қоғамтанудан жазбаша тестілеу нысанында оқуға түсу сынақтарын тапсырады.

Академияға оқуға түсу үшін толық көлемде оқу бағдарламасын табысты игеруі және жоғары үлгерім деңгейі мен орыс тілін жақсы білуі қажетті шарттар болып табылады.

Академияда оқу мерзімі күндізгі оқу түрінде «Кеден ісі» мамандығы бойынша – 5 жыл, «Экономика», «Юриспруденция» мамандықтары бойынша – 4 жыл.

Қабылдау ережесі, сондай-ақ Академияға түсу сынақтары үшін бағдарламалар туралы егжей-тегжейлі ақпараттар: www.rta.customs.ru сайтына орналастырылған.

Алдын-ала конкурстық іріктеуге қатысуға үміткерлер 2017 жылдың 1 мамырына дейінгі мерзімде жазбаша нысандағы өтінішті, жеке куәлік көшірмесін, мектепті бітіргені туралы аттестаттың және ҰБТ нәтижелерінің көшірмелерін, 2017 жылғы түлектері үшін – бірінші-үшінші тоқсанның үлгерімі туралы табельдерінің көшірмелерін shberdenova@mgd.kz электрондық мекенжайға жолдауы қажет. Барлық сұрақтар бойынша: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 10-үй мекенжайына, мына телефонға 8-717-2-70-98-06 хабарласуға болады.

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

( Бейбітшілік 10 )

Ақпарат

Қазіргі уақытта Қазақстанның қалаларының инфрақұрылымы «Ақылды қала» («Smart City») тұжырымдамасын іске асыруға белсенді қатысады.

«Smart City» жобасы кіші және үлкен қалалардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларын кеңінен қолдану, сапалы қызмет көрсету және қалалық өмірдің барынша қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.

Жобамен қойылған міндеттерді шешу кезінде Smart City үшін халықаралық тәжірибені және халықаралық стандарттарды пайдалану өте маңызды, себебі стандарттау стратегиялық және техникалық деңгейде тиімді өзара әрекеттесуге қол жеткізуге көмектесетін инновациялық технологияларды енгізу мен дамытудың ең тиімді құралы болып табылады.

Бүгінгі таңда халықаралық стандарттар негізінде 9-ы мақұлданды және даму мен жоспарлаудың әртүрлі кезеңдерінде тағы 7 негізгі ұлттық стандарт бар , олардың дамуы қала көшбасшылары үшін арналған және «Smart City» саласындағы жүйелік міндеттерді шешуге бағытталған.

2017 жылғы Дүниежүзілік стандарттар күнінің ұраны: «Стандарттар қалаларды ақылды етеді».

Осыған байланысты Сіздерді 2017 жылдың 13 қазанында Алматы қ., Абай даңғылы, 8 үйде сағат 10.00-де Қазақ ұлттық аграрлық университеті бас ғимаратының артында орналасқан GPIIIR білім беру инновациялық орталығында, Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті және «ҚазСтИн» РМК Оңтүстік филиалы бірлесуімен ұйымдастырылған Дүниежүзілік стандарттар күніне арналған дөңгелек үстелге қатысуға шақырамыз.

Қатысушылардың толық аты-жөні, лауазымы мен презентация тақырыбын (егер сөз сөйлеймін десе) : almaty_kazinst@mail.ru электрондық поштаға жіберулеріңізді немесе 3039162 телефон арқылы хабарласуларыңызды сұраймыз.

Қосымша ақпарат алу үшін бізбен хабарласыңыз: 3039162, 3039152.

 

Ақпарат

Жыл сайын 1989 жылдан бастап, әр жылдың екінші бейсенбісінде әлемдік қауымдастық Дүниежүзілік сапа күнін атап өтеді.

Әлемнің көптеген елдерінде экономикадағы негізгі проблемалардың бірі сапа болып табылады, ол өмір сүру сапасымен тығыз байланысты және қоршаған ортаны, адамның физикалық және эмоционалдық әл-ауқатын қамтиды.

Сапа - әрбір нарық субъектісінің бизнестің дамуы мен тұрақтылығын қамтамасыз етудегі табыстың кепілі, оған қарамастан өнімдері/қызметтерді, әзірлейді, өндіреді, пайдаланады немесе сатады.

Бүгінде сапа өнім/қызметтер сапа менеджменті жүйелеріне арналған халықаралық стандарттармен реттеледі. Екі ұйымның қолданылуы ұйым мен өнімдерді / қызметтерді бәсекеге қабілетті етіп, халықаралық нарыққа апарады.

2015 - әртүрлі өндірістер мен экономикадағы басқару жүйелеріне қолданыстағы және актуальды жаңа халықаралық стандарттарды құрудың жылы болды. Қайта қаралған стандарттар тәуекелдерді басқаруды енгізеді, оларды құру және өнім/қызмет сапасы мен қауіпсіздігіне зиян келтірместен оларды кәсіпорындар мен ұйымдарда қолдану тәртібін жеңілдетеді.

Осыған байланысты сіздерді 9 қарашада 2017 ж., Алматы қ., Сатпаева к., Масанчи қ, мекен-жайы бойынша, Мұнай және газ корпусындағы бірінші қабатында, конференц-залында өтетін Дүниежүзілік сапа күніне арналған дөңгелек үстелге қатысуға шақырамыз.

Ұйымдастырушылар «ҚазСтИн» РМК Оңтүстік филиалы және Алматы қ. ТРМКД.

Қатысушыларға үміткерлерді эл. поштаға жіберуге болады: almaty_kazinst@mail.ru.

Проблемалық мәселелер бойынша тт. 3039162, 3039152. байланысыңыз.

2018 жылдың 21 ақпанында Республика Сарайында Алматы қаласы әкімінің тұрғындармен жыл сайынғы есепті кездесуі өтеді.
Шара барысында қала басшысы өткен жылды қорытындылап, тұрғындардың сұрақтарына жауап береді, сонымен қатар мегаполистің 2018 жылғы әлеуметтік- экономикалық даму жоспарлары туралы айтады.
Қала тұрғындарына ыңғайлы болу үшін осы күні 220-66-55 нөмірі бойынша тікелей желі ұйымдастырылады.
Кездесу барысы www.almaty.gov.kz сайтында, әлеуметтік желілердегі Алматы әкімдігінің ресми аккаунттарында жарияланады. Бұлардан өзге, «Алматы» телеарнасы арқылы тікелей көрсетіледі.
Уақыты: 21 ақпан, сағат 10:00.
Өтетін орны:. Алматы, Достық даңғылы,56

Ақпарат

Қазақстан Республикасы инвестиция және даму жөніндегі Министрлігінің теxникалық реттеу және метрология комитеті «ҚазСтИн» РМК Оңтүстік филиалы ҚР Үкіметінің 2014 жылдың 10 шілдедегі № 635 бекітілген қаулысына сәйкес 2020 жылға дейінгі теxникалық реттеу және метрология жүйесін жетілдіру үшін «Техникалық реттеу, метрология және менеджмент жүйелері саласындағы мамандарды даярлау және біліктілігін арттыру» тақырыбында 3 күндік аймақтық (салалық) тегін оқыту семинарын өткізеді. Оқыту семинары құрылыс материалдарын өндіру жұмысында істейтін мамандарға арналған.

Жоспарланған тақырып аясында Қазақстан Республикасындағы техникалық реттеудің негіздері мен ерекшеліктері, стандарттау, басқару жүйелерін басқару, сәйкестікті бағалау (растау) саласындағы жаңа бағыттар туралы ақпарат берілетін болады.

Семинар «ҚазСтИн» РМК, «КазИнМетр» РМК, «НЦА» ЖШС еңбек сіңірген қызметкерлері мен жетекші мамандардың қатысуымен өткізіледі. Сонымен қатар семинарға, Интеграцияланған басқару жүйесі: интеграцияланған жүйелерді қалыптастыруға, дамытуға және пайдалануға қатысты көзқарас, ISO 19011 «Басқару жүйелерінің аудиті бойынша басшылық» тақырыбы бойынша «Беларусь мемлекеттік стандарттау және сертификаттау институтының» ҒӨ РУК (БелГИСС) халықаралық сарапшысы қатысады.

Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар беріледі.

Семинар 2018 жылғы 3-5 сәуір аралығында өтеді. Мекен жайы: Алматы қ., Райымбек д. 348/4, (Фурката к. қ.), Алматы технологиялық университеті, 2Б корпусы, акт залы (2 қабат).

Қатысушылардың ақпаратын 2018 жылдың 26 наурызына дейін almaty_kazinst@mail.ru электрондық мекен жайына жіберуіңізді сұраймыз.

Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қоры

Ашық есік күніне шақырады

«БЖЗҚ» АҚ барша қауымды 2018 жылдың 20 маусымында 10:00 мен 17:00 аралығында келесі мекенжайларда өтетін «Ашық есік күніне» шақырады:

№1 бөлімше Алматы қ., Әуезов ауданы, Аксай-1 ы/а, Төле би көшесі, 15 «Б»

№6 бөлімше Алматы қ., Медеу ауданы, Толебаева, 38/61 көшесі, литера «В» (Қонаев көшесі, Мақатаев көшесінің қиылысы)

№7 бөлімше Алматы қ., Алмалы ауданы, Шевченко көшесі, 153/1, (Әуезов көшесінің қиылысы)

Тақырыбы: «Зейнетақы жарналары. Жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы хабарлау әдістері».

Шараға қатысушыларға келесі зейнетақы жинақтарының түрлері туралы жан-жақты ақпарат беріледі:

- міндетті зейнетақы жинақтары;

- міндетті кәсіби зейнетақы жинақтары;

- ерікті зейнетақы жинақтары туралы.

Бұған қоса, жеке зейнетақы шотыңыздың (ЖЗШ) жай-күйі туралы мәлімет алу әдістері туралы біле аласыздар:

- пошта арқылы;

- электрондық пошта арқылы;

- www.enpf.kz сайтында «Жеке кабинет» ашу арқылы;

- «e-mail–ге ЖЗШ-дан үзінді-көшірме алу» электрондық сервисі арқылы;

- ENPF мобильді қосымшасы арқылы;

- EGOV.KZ электрондық үкіметінің порталы арқылы.

Сонымен қатар, біздің мамандарымыз зейнетақымен қамтамасыз ету саласына қатысты сауалдарыңыз бойынша жеке кеңес беруге дайын.

enpf.kz

«Төлеген мен Қыз Жібек» ескерткішінің ең үздік жобасына ашық конкурсы туралы

2018 жылғы 6 шілде - 6 тамыз аралығында Алматы қаласының Мәдениет және архивтер басқармасының «Төлеген мен Қыз Жібек» ескерткішінің ең үздік жобасына ашық конкурс өткізіледі.

Мақсаты: Қазақстан Республикасында орнатылатын ескерткiштер мен монументтер жөніндегi Мемлекеттiк комиссияға ұсыныс енгізу мақсатында «Төлеген мен Қыз Жібекке» арналған ескерткіштің үздік мүсіндік-көркемдік шешімін анықтау.

Ескерткіш (мүсіндік туынды) «Қыз Жібек» лиро-эпостық дастанының, Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсының идеялық мағынасын, көркемдік образдық мазмұнын кеңінен ашуы, айналадағы сәулеттік және ландшафтық көрініспен үйлесуі, мәңгілік құндылықтар – ерлік пен махаббатты мадақтау.

Конкурсқа жеке авторлар және авторлық ұжымдар қатыса алады.

Жобалар 2018 жылдың 6 тамызынан кешіктірілмей мына мекенжайға: 050000, Алматы қаласы, Республика алаңы,4, Алматы қаласы Мәдениет және архивтер басқармасы, 444 кабинетке тапсырылады.

Қосымша ақпараттар мен анықтамаларды 8 (727) 272-11-09 телефоны арқылы алуға болады.

«БЖЗҚ» АҚ Ашық есік күніне шақырады!

ТАҚЫРЫБЫ: «ҚР ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНЕ 20 ЖЫЛ: ТАРИХЫ МЕН ДАМУ БАҒЫТТАРЫ»

«БЖЗҚ» АҚ барлық ниет білдірушілерді 2018 жылдың 20 қыркүйегінде өтетін Ашық есік күніне шақырады. Сіздерді  сағат 10:00 мен 17:00 аралығында «БЖЗҚ» АҚ Алматы филалының төмендегі мекен жайлар бойынша кеңселерінде күтеміз:

№1 бөлімше Алматы қ., Әуезов ауданы, Аксай-1 ы/а, Төле би көшесі, 15 «Б»

№6 бөлімше Алматы қ., Медеу ауданы, Толебаева, 38/61 көшесі, литера «В» (Қонаев көшесі, Мақатаев көшесінің қиылысы)

№7 бөлімше Алматы қ., Алмалы ауданы, Шевченко көшесі, 153/1, (Әуезов көшесінің қиылысы)

Шараға қатысушыларға Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесінің тарихы мен дамуы туралы мәлімет беріледі. Сонымен қатар  қатысушылар Қор қызметкерлерінен жеке кеңес ала алады.

enpf.kz

Құрметті Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары!

 

Алматы қаласының әкімдігі Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) ұйымдастыру мен өткізу, оның ішінде электрондық түрде ұйымдастыру мен өткізу ережесіне сәйкес келесі жер учаскелерінің жалдау құқықтарын

сату жөніндегі аукционды өткізеді

 

Аукцион өткізілетін күн: 2018 жылғы 12 қазан, сағат 11:00

Аукцион өткізілетін орын: Республика алаңы, 4, № 4 конференц-залы

 

Жер учаскесінің орналасқан жері

Жер учаскесі-нің алаңы, ш.м.

Жер учаскесінің нысаналы мақсаты

Иеліктен шығарылатын құқықтың түрі

Жер учаскесінің ауыртпалықтары (шектеулері)

Жер учаскесінің жыл сайынғы жалдау төлемінің көлемі, теңге

Жер учаскесін жалға алу құқығының бастапқы бағасы (кадастрлық (бағалау) құнынаң 6 %), теңге

Кепілдік жарна сомасы

(50 АЕК), теңге

1

2

3

4

5

6

7

8

9

  •  

Түрксіб ауданы,

«Жас қанат» шағынауданы, 1 учаске

181

халыққа қызмет көрсету ғимаратының

құрылысы үшін

3 жылға уақытша өтеулі қысқа мерзімді жер пайдалану құқығы (жалға алу)

иеліктен шығару құқығынсыз, техникалық қызмет көрсету және инженерлік желілерді жөндеу үшін пайдаланушы қызметтердің және кәсіпорындардың жер учаскелеріне кедергісіз өтуін қамтамасыз етуге, сонымен қатар Кіші Алматы өзенінің су қорғау аймағындағы жер учаскесін пайдалану талаптарын сақтауға міндетті

7 986

69 352

120 250

  •  

Түрксіб ауданы,

«Жас қанат» шағынауданы, 2 учаске

195

халыққа қызмет көрсету ғимаратының

құрылысы үшін

3 жылға уақытша өтеулі қысқа мерзімді жер пайдалану құқығы (жалға алу)

иеліктен шығару құқығынсыз, техникалық қызмет көрсету және инженерлік желілерді жөндеу үшін пайдаланушы қызметтердің және кәсіпорындардың жер учаскелеріне кедергісіз өтуін қамтамасыз етуге, сонымен қатар Кіші Алматы өзенінің су қорғау аймағындағы жер учаскесін пайдалану талаптарын сақтауға міндетті

8 604

74 716

120 250

  •  

Түрксіб ауданы,

«Жас қанат» шағынауданы, 3 учаске

213

халыққа қызмет көрсету ғимаратының

құрылысы үшін

3 жылға уақытша өтеулі қысқа мерзімді жер пайдалану құқығы (жалға алу)

иеліктен шығару құқығынсыз, техникалық қызмет көрсету және инженерлік желілерді жөндеу үшін пайдаланушы қызметтердің және кәсіпорындардың жер учаскелеріне кедергісіз өтуін қамтамасыз етуге (қажет болған жағдайда инженерлік желілерді шығарумен), сонымен қатар Кіші Алматы өзенінің су қорғау аймағындағы жер учаскесін пайдалану талаптарын сақтауға міндетті

9 398

81 613

120 250

  •  

Түрксіб ауданы,

«Жас қанат» шағынауданы, 4 учаске

173

халыққа қызмет көрсету ғимаратының

құрылысы үшін

3 жылға уақытша өтеулі қысқа мерзімді жер пайдалану құқығы (жалға алу)

иеліктен шығару құқығынсыз, техникалық қызмет көрсету және инженерлік желілерді жөндеу үшін пайдаланушы қызметтердің және кәсіпорындардың жер учаскелеріне кедергісіз өтуін қамтамасыз етуге, сонымен қатар Кіші Алматы өзенінің су қорғау аймағындағы жер учаскесін пайдалану талаптарын сақтауға міндетті

7 633

66 287

120 250

  •  

Түрксіб ауданы,

«Жас қанат» шағынауданы, 5 учаске

580

мектепке дейінгі тәрбие беру ғимаратының құрылысы үшін

3 жылға уақытша өтеулі қысқа мерзімді жер пайдалану құқығы (жалға алу)

иеліктен шығару құқығынсыз, техникалық қызмет көрсету және инженерлік желілерді жөндеу үшін пайдаланушы қызметтердің және кәсіпорындардың жер учаскелеріне кедергісіз өтуін қамтамасыз етуге, сонымен қатар Кіші Алматы өзенінің су қорғау аймағындағы жер учаскесін пайдалану талаптарын сақтауға міндетті

25 592

222 233

120 250

  •  

Түрксіб ауданы,

«Жас қанат» шағынауданы, 6 учаскеі

318

медицина орталығының құрылысы үшін

3 жылға уақытша өтеулі қысқа мерзімді жер пайдалану құқығы (жалға алу)

иеліктен шығару құқығынсыз, техникалық қызмет көрсету және инженерлік желілерді жөндеу үшін пайдаланушы қызметтердің және кәсіпорындардың жер учаскелеріне кедергісіз өтуін қамтамасыз етуге, сонымен қатар Кіші Алматы өзенінің су қорғау аймағындағы жер учаскесін пайдалану талаптарын сақтауға міндетті

14 031

121 845

120 250

 

Аукционды өткізу шарттары: Аукционды аукционшы өткізеді және оны өткізу тәртібін жариялайды. Аукцион ағылшындық әдіс (бастапқы бағаның ұлғаюы) бойынша өткізіледі. Аукцион әр объект бойынша аукционшының оның атауын, қысқаша сипаттамасын, бастапқы баға мен бағалардың өзгеру қадамын хабарлауынан басталады. Бұл ретте, қадам объектінің ағымдағы бағасының 5-10 пайызына дейінгі шектерде өзгереді.

Аукционшы объектінің бастапқы бағасы мен бағаның ұлғаю қадамын хабарлайды. Аукционшы қолайлы болуы үшін объект бағасын осы қадамның жартысынан аспайтын шамаға дейін дөңгелектейді. Аукционшы объект бойынша аукционға қатысушылардың аукциондық нөмірлерін хабарлайды, бағаны бекітеді және оны өсіруді ұсынады. Сауда-саттыққа қатысушылардың нөмірді көтеруі бастапқы бағаны өсіреді, бірақ ол хабарланған қадамнан кем болмауы керек.

Аукционшы объект үшін неғұрлым жоғары баға ұсынған қатысушыны хабарлайды. Аукционшы объектінің соңғы бағасын үш рет қайталайды және басқа көтерілген аукциондық нөмірлер болмаған кезде балға соғу арқылы аталған объектінің сатылғаны туралы хабарлайды.

Сауда-саттық жеңімпазы анықталғаннан кейін, сатушы сауда-саттық өткізу рәсімдерін, сондай-ақ сатып алу-сату шартын жасасу және оның талаптарын орындау жөніндегі тиісті міндеттерді орындамаған жағдайда, сатушы объектіні сатып алу құқығын сауда-саттықта осы объект үшін шамасына қарай екінші баға берген қатысушыға (екінші сатып алушы) береді .

 

Жер учаскелерін сату шарттары: Міндетті түрде нысаналы мақсатына сәйкес пайдалану, жер учаскесін жалдау құқығын сатып алу-сату шартын жасасу, объектіні жобалау үшін сәулет-жоспарлау тапсырмасын алу, сервитуттар беру, жер учаскесінің жалдау құқығын сату құнын, жер учаскесінің пайдалану төлемін (жалдау төлемін) бюджеттің кірісіне дер кезінде енгізу.

 

Қатысушының аукционға қатысуға арналған өтінімге қоса ұсынатын құжаттарының тізбесі: 1)кепілдік жарна енгізілгенін растайтын төлем құжаты; 2) өкілдің өкілеттіліліктерін куәландыратын құжат.

Көшірмелердің дұрыстығын растау үшін салыстырып тексеру үшін түпнұсқалар ұсынылады.

Шетелдіктер немесе шетелдік заңды тұлғалар қазақ және (немесе) орыс тілдерінде нотариалды куәландырылған аудармасы бар шетелдік паспорттың немесе құрылтай құжаттарының нотариалды расталған көшірмелерін ұсынады.
Шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар және шетелдік заңды тұлғалардың құжаттары, егер сауда-саттыққа шығарылатын объектілер Жер кодексіне сәйкес осы тұлғалардың жеке меншік құқығында немесе жалдау құқығында болу қарастырылған жағдайда, сауда-саттыққа қатысушы ретінде тіркелу үшін қабылданады.

Аукционға қатысу туралы өтінімді қабылдаудан бас тартылған жағдайда, ұйымдастырушы жазбаша өтінім берушіге мұнадай бас тартудың себебін жазып, өтінім түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде хабарлайды.

Сауда-саттыққа қатысу үшін кепілдік жарна келесі реквизиттер бойынша қолма-қол ақшасыз жолымен есеп айырысу шотына аударылады:

«Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» КММ , БИН 050240007111

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті» РММ

БИК ККМFKZ2A, ИИК KZ580705023513751001, КНП 171.

Аукционға қатысушылардың өтінімін тіркеу конкурс өткізу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап келесі мекенжайда: Алматы қаласы, Төле би көшесі, 155, 5 қабат, 519 кабинет жүргізіледі және конкурс өткізуден 24 сағат бұрын аяқталады. Өтінімдерді қабылдау және тіркеу мерзімі аяқталғаннан кейін түскен өтінімдер қаралмайды.

 

Сауда-саттық объектісін сатып алу құнын төлеу тәртібі: 1) аукцион барысында белгіленген бағаның 50 % мөлшерінде аванстық төлем сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап банктік бес күннен кешіктірілмейтін мерзімде енгізіледі. Кепілдік жарна тиесілі аванстық төлемнің шотына есептеледі;

2) қалған сома сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап күнтізбелік 30 күннен кешіктірілмей енгізіледі.

 

Аукционға қатысушыларды (қатысушы билеті болған жағдайда) тіркеу 2018 жылғы 12 қазанда сағат 10.00-де және аукцион басталғанға дейін Алматы қаласы, Республика алаңы, 4 мекенжайы бойынша № 4 конференция залында жүргізіледі.

 

Қосымша ақпарат және анықтама келесі телефондар арқылы беруледі: 8 727 378-46-47 (519 кабинет).

 

ХАБАРЛАМА

Алматы қаласының әкімдігі, «Алматы қаласының спорт басқармасы» ҚММ атынан МЖК жобасы үшін жекешілік әріптестікті анықтау бойынша байқаудың басталғанын хабарлайды және әлеуетті жеке серіктестерді ««Алматы Арена» және «Халық Арена» көпқызметті кешендердіі басқаруды ұйымдастыру» байқауына шақырады.

Шарт аясында «Алматы Арена» және «Халық Арена» көпқызметті кешендерін 5 (бес) жыл бойы мемлекеттік- жекешілік әріптестік шарттық үлгісі бойынша сенімді басқару жоспарланған.

Қызмет аясы - дене шынықтыру және спорт, саласы- спорттық құрылыстарды басқару.

МЖК түрі: шарттық МЖК.

Шарт мерзімі: 2019 жылдың 1 шілдесінен 2024 жылдың 30 маусымынадейін (5 жыл).

Байқауға ҚР «Мемлекеттік-жекешілік әріптестік туралы» Заңының 32 бабында және байқау құжаттарында көрсетілген біліктілік талаптарына сай барлық әлеуетті қатысушылар қатыса алады.

Байқау құжаттарының көшірмелерін сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін және сағат 14.00-ден 18.00- ге дейін төмендегі мекенжай бойынша алуға болады: Алматы қ., Республика алаңы, 4 үй, 5 қабат, № 517 кабинет. Байқау құжаттары тегін беріледі.

Әлеуетті жеке серіктестердің құжаттарды көрсетуі, олардың қойылатын біліктілік талаптарына сай екендігін анықтау 2019 жылдың «19» сәуірінде сағат 18.00 дейін жүзеге асырылады.

Байқауға қатысуға өтініштер, сондай-ақ конвертке салынған біліктілік талаптарына сай құжаттарды іріктеу әлеуетті қатысушылармен көрсетілген мекенжай бойынша жеткізіледі.

Байқау өтініштері бар конверттерді ашу көрсетілген мекенжай бойынша, 6 қабат, № 5 залда 2019 жылдың «23» сәуірінде сағат 15.00- же жүзеге асырылады.

Неғұрлым анық ақпаратты Басқармадан, көрсетілген мекенжай бойынша алуға болады, байланыс иесі: Али Рахим, тел:264-60-68.

Бұрын 8 наурыз 2019 жылы№ 18 (3143)«Заң газетінде»жарияланған«Алматы Арена» және «Халық Арена» көпқызметті кешендердіі басқаруды ұйымдастыру» МЖК жобасы үшін жекешілік әріптестікті анықтау бойынша байқауы басталғаны туралы хабарлама, жарамсыз деп танылады.

жоғары

Все права на материалы, размещенные на этом сайте, принадлежат Акимату г. Алматы
© 2005-2019 РК , 050001 г. Алматы, площадь Республики, 4
Информационное наполнение и сопровождение: Пресс-служба акима г. Алматы
Телефон Пресс-службы акима г. Алматы: +7 (727) 271-65-13
Email: smi@a-a.kz
Қаз   Рус   Eng