АЛМАТЫ қаласының ресми интернет-ресурсы
 
МЕНЮ

Ветеринариялық бақылау

Кері

Алматы қ. Ауыл шаруашылығы басқармасының ШЖҚ «Алматы қ. ветеринария орталығы» КММ

Алматы қ., Бостандық ауданы, Абай д., 125 Жароков к. қиылысы мекенжайы бойынша орналасқан. Директоры Бектемисов С.А. (байланыс телефондары 269-90-11, 269-90-06).

Кәсіпорын Алматы қ. аумағында эпизоотияға қарсы шаралар өткізеді.

Қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін қызметтердің келесі түрлерін жүзеге асырады:

- жануарлардың аса қауіпті және энзоотикалық ауруларына қарсы ветеринариялық шаралар өткізу;

- ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіруді жүргізу;

- жануарларды қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер көрсету;

- жануарлардың аса қауіпті және энзоотикалық ауруларына қарсы ветеринариялық препараттарды тасымалдау (жеткізу), сақтау бойынша қызметтер көрсету, сондай-ақ ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды тасымалдау (жеткізу);

- мал қорымын (биотермикалық шұңқырлар), мал сою алаңдарын күтіп-ұстау;

- қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою;

- Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге қызметтер түрлері.

Кәсіпорынның диспетчерлік қызметі қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау бойынша жұмыстарды үйлестіреді.

Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау мәселелері жөнінде 385-53-05 телефоны бойынша хабарласу қажет.

«Алматының ветеринария орталығы» ҚҚК

Мына мекенжайда орналасқан: Төле би 155 Байзақов көшесінің бұрышы. Изолятор:Спасск көшесі 150/1 321-00-02 8727-269-90-06 пошта: centr_veterinarii@mail.ru

Кәсіпорынның атқаратын негізгі функциялары:

- жануарлардың аса қауіпті, жұқпалы емес және энзоотехникалық ауруларының алдын алу шараларын жүргізу;

- ауыл шаруашылық жануарларының идентификациясын жүргізу;

- ауыл шаруашылық жануарларын жасанды жолмен ұрықтандыру;

- жануарлардың аса қауіпті, жұқпалы емес және энзоотехникалық ауруларының алдын алу шараларына қолданылатын дәрі- дәрмектерді жеткізу, ауыл шаруашылық жануарларының идентификациясын жүргізуге қажет атрибуттарды сақтау;

- әкімшілік- аймақтық бірлікке сай мал және ауыл шаруашылық жануарларын соятын орындарды белгілеу, ретке келтіру;

- ветеринарлық анықтаманы беру;

- ауыл шаруашылық жануарларының идентификациясы бойынша базаны жасау және оның көшірмесін беру;

- биологиялық материалды алу және оны ветеринарлық зертханаға жеткізу;

- ауру малдардың көзін жою үшін тасымалдау қызметін көрсету;

жоғары

Все права на материалы, размещенные на этом сайте, принадлежат Акимату г. Алматы
© 2005-2019 РК , 050001 г. Алматы, площадь Республики, 4
Информационное наполнение и сопровождение: Пресс-служба акима г. Алматы
Телефон Пресс-службы акима г. Алматы: +7 (727) 271-65-13
Email: smi@a-a.kz
Қаз   Рус   Eng