^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сенбі, 15 желтоқсан 2018
 
     
 
Əкімшілік / Бос орындар
Алматы қаласы әкімінің аппараты мемлекеттік қызметшілері арасында бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру

Ішкі конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптары:

D-4 санаты үшін: жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-6, C-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) B-6, C-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

4) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.

Ішкі конкурс ҚР ӘМ 2017 жылғы 27 наурыздағы №14939 тіркелген, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидалары негізінде өткізіледі.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

 

min

max

D-4

93 263

125 826

«Алматы қаласы әкімінің аппараты» КММ, 050001, Алматы қаласы, Республика алаңы, 4, анықтама үшін телефон/факс 271-66-50, e-mail: ok_apparat@a-a.kz, Алматы қаласы әкімі аппаратының қызметшілері арасында «Б» корпусы бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

1. Құқық қорғау органдарымен жұмыс және Терроризмге қарсы комиссия бөлімінің бас маманы, D-4 санаты, 1 бірлік, (негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалысы кезеңіне 20.02.2020 ж.).

Функционалдық міндеттері: Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, қала әкімі мен әкімдігі актілерінің, әкімдік қаулыларының, сондай-ақ Алматы қаласы мәслихаты актілерінің жобаларын, діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрес мәселелері жөнінде және құқық қорғау қызметінің басқа да мәселелері бойынша қала әкімінің қатысуымен өтетін кеңестерге материалдар, бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша материалдар және жауаптар дайындау. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен, Премьер-Министрінің Кеңсесімен, Парламент аппараттарымен, орталық атқарушы органдармен және басқа да мемлекеттік органдармен және ұйымдармен, сондай-ақ ведомстволармен Алматы қаласының әкімі, оның орынбасарлары, әкім аппаратының басшысы арқылы өзара іс-қимыл жасау. Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі қалалық іс-шаралар жоспарларын әзірлеу және бақылауды жүзеге асыру. Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы Терроризмге қарсы комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) мүшелерін қажетті материалдармен, нормативтік құқықтық актілермен, өзге де құжаттармен қамтамасыз ету. Комиссия төрағасының тапсырмасы бойынша мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың өкілдерін Комиссияның жұмысына қатысуға шақыру. Террористік тұрғыдан осал объектілердің тізбесін (бұдан әрі – Тізбе) әзірлеу және қала әкімдігіне бекіту үшін енгізу, Тізбені ұлттық қауіпсіздік органдарымен және ішкі істер органдарымен келісу, атқарушы органдарды және аудандар әкімдерінің аппараттарын Тізбе объектілерін өзектендіру және мониторингілеу бойынша үйлестіру. Өз құзыреті шегінде қала әкімдігінің отырысына, қала әкімінің қатысуымен құқық қорғау органдарымен және өзге де консультативтік-кеңесші органдармен өткізілетін кеңеске материалдар дайындау. Құқық қорғау органдарына қылмыспен күрес және құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жалпы қалалық жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізуге ұйымдастырушылық көмек көрсету. Қылмыспен күрес жағдайын талдау, осы жұмысты жақсарту бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу. Қаланың құқық қорғау және атқарушы органдарының құқық бұзушылықтардың алдын алуды, қылмыспен күресті және құқықтық тәртіпті нығайтуды ұйымдастыру бойынша өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз ету. Құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелері бойынша қала әкімдігі қаулыларының, қала әкімі шешімдері мен өкімдерінің жобаларын дайындауды жүзеге асыру. Алматы қаласы ішкі істер органдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға көмек көрсету.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Құқық саласында жоғары білімі.

2. Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, D-4 санаты, 1 бірлік, (негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалысы кезеңіне 26.02.2019 ж.).

Функционалдық міндеттері: ЭҚКАЖ-да, оның ішінде ЭҚАБЖ арқылы тіркеуді жүзеге асыру және қызметтік сипаттағы хат-хабардың (бұдан әрі – Хат-хабар) қаралу барысы мен уақытылы орындалуын үйлестіру. Хат-хабар бойынша ЭҚКАЖ-да орындаушылардың жұмысы мен енгізетін ақпараттың сапасын бақылау. Қала әкімдігі басшылығының тапсырмаларына сәйкес жауапты орындаушыларға жинақтау үшін бірлесіп орындаушылардың орындалуы туралы құжаттарды жолдауын үйлестіру. Шығыс құжаттарды ЭҚКАЖ-да есептік нысанында электрондық түрде, сондай-ақ қағаз тасымалдағыштарда ресімдеу сапасын бақылау. Адресаттарға жауапты ақпараттардың белгіленген тәртіпте ЭҚАБЖ-да электрондық түрде жеткізілуіне бақылауды және ЭҚКАЖ-ға ол туралы тиісті белгінің түсуін жүзеге асыру. Телефон арқылы құжаттардың қаралу барысы туралы ақпараттық-анықтамалық сипаттағы мәліметтер беру. Басшылық бұрыштамаларының және дайындалған жауап құжаттарының негізінде орындалған тапсырмаларды ЭҚКАЖ-да бақылаудан алу.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары.

3. Ішкі аудит қызметінің бас маманы – мемлекеттік аудитордың ассистенті, D-4 санаты, 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: ҚР заңнамасына сәйкес мемлекеттік аудит жүргізуге қатысу. Жүктелген міндеттерді, тапсырмаларды, хаттамалық тапсырмаларды толық көлемде уақытылы және сапалы орындау. Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін, басшылық үшін қызметтің атқарылған жұмысы туралы жыл сайынғы есепті, қызметтің жұмыс және оқыту жоспарларын қалыптастыру үшін, сондай-ақ Мемлекеттік аудит және тәуекелдер жөніндегі кеңестің отырысына материалдар дайындау. Мемлекеттік аудит объектілеріне берілген ұсынымдардың орындалуына мониторинг жүргізу. Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органға жолданатын құжаттарды әрі қарай бақылау үшін дайындау. Өз құзыретінің шегінде өзге функцияларды жүзеге асыру.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Құқық, экономика және бизнес (менеджмент, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, есеп және аудит, экономика, мемлекеттік аудит) саласында жоғары білімі.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

  • белгіленген нысан бойынша өтініш (қоса беріліп отыр);
  • тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік отыз күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттарды қабылдау мерзімі 3 жұмыс күннің ішінде конкурс өткізу туралы хабарландырудың соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша Аппаратқа тапсырылуы тиіс.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәлеметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзгеде олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәлеметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Алматы қаласы әкімі аппаратының (Алматы қаласы, Республика алаңы, 4) ғимаратында өтеді.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдар аппаратқа құжаттарын қолма-қол тәртіпте, пошта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электрондық Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде аппараттың электрондық поштасы не "Е-gov" электрондық үкімет порталы немесе "е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлғаны конкурс комиссиясы әңгімелесуден өтуге жібермейді.

Конкурстық комиссия жұмысының айқындылығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін отырысқа байқаушылардың қатысуына жол беріледі.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлға персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Конкурстық комиссия тарапынан заңсыз фактілер анықталған жағдайда конкурс кандидаттары мен қатысушылары Алматы қаласы, Сейфуллин даңғылы, 555 мекенжайында орналасқан Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментіне 254-90-26, 254-90-20 байланыс телефондары арқылы шағымдануға құқылы.

 

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларына 2-қосымша

____________________________________
(мемлекеттік орган)

 

Өтініш

 

      Мені ______________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
___________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу
конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

      Қоса берілген құжаттар:

________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________
      Мекенжайы және байланыс телефоны _________________________________________
________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________

 

_________________                         ____________________________________
  қолы                                    (Т.А.Ә. (болған жағдайда)

 

«___»_______________ 20 __ ж.

 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2018 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13