^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сенбі, 25 мамыр 2019
 
     
 
Əкімшілік / Бос орындар
Төменгі болып табылмайтын «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс жариялау

«Алматы қаласы әкімінің аппараты» КММ

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

D-О-2 санатыүшін:

Жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған немесе ғылыми дәрежесі болған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес;

6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес.

Конкурс ҚР ӘМ 2017 жылғы 27 наурыздағы №14939 тіркелген, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидалары негізінде өткізіледі.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің лауазымдық жалақысы,тг.:

Санаты

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

D- O-2

411 446

536 667

«Алматы қаласы әкімінің аппараты» КММ, 050001, Алматы қаласы, Республика алаңы, 4, 4 қабат, 472 бөлме, анықтама үшін телефон/факс 271-66-88, e-mail: a.turdali@almaty.gov.kz, Алматы қаласы жергілікті атқарушы органының қызметшілері арасында «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

1. Алматы қаласы Стратегия және бюджет басқармасы басшысының орынбасары, D-О-2 санаты, 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Алматы қаласын дамытудың стратегиялық жоспарларын және бағдарламаларды әзірлеуді үйлестіру; Алматы қаласының 5 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеуді үйлестіру; Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасын, сондай-ақ Алматы қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың белгілі бір кезеңге болжамын мониторингілеу; Алматы қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытуды әртараптандыруға және құрылымдық өзгерістерге қатысты жоғары тұрған органдарға ұсыныстар дайындау; Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жетекшілік ететін мәселелер бойынша Басқарма бөлімдерінің қызметін үйлестіруді жүзеге асыру; Басқарма атынан мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда сөйлеу; Жоғары тұрған органдарға баяндамалар және ақпарат дайындау; Басқа да міндеттері бар.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары білім: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (менеджмент және/немесе қаржы және/немесе есеп және аудит және/немесе экономика және/немесе маркетинг және/немесе әлемдік экономика және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару).

2. Алматы қаласы Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы басшысының орынбасары, D-О-2 санаты, 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Қаланы теңестірілген кеңістікті-аумақтық дамыту, транзиттік-бағдарлық даму қағидаларында қала құрылыстық жоспарлау, көп орталықты, қадамды қолжетімділік, плейсмейкинг, құрылыс салудың заманауи стандарттарын енгізу бойынша қызметтің ұйымдастырылуын бақылау. Қалаларды жоспарлаудың әлемдік тәжірибесін зерделеу негізінде көп орталықты қаланы дамыту, транзиттік-бағдарлық қағидаларды есепке алып Алматы қаласының Шеберлік-жоспарын, Шеберлік-жоспар Тұжырымдамасын әзірлеу және жүзеге асыру бойынша жұмысты іске асырады. Шеберлік-жоспар Тұжырымдамасына және Алматы қаласының Шеберлік-жоспарына сәйкес халықтың аз қамтылған топтарына қолайлы жағдайлар жасау, урбанистиканың заманауи қағидаларына сай қалалық орта жайғастыру, оның ішінде урбанистика саласында үздік әлемдік тәжірибелерді есепке алып, жайлы және қауіпсіз жаяу жүргіншілердің, аула кеңістігін, көлік және қоғамдық кеңістікті көріктендіру бойынша қала құрылыстық құжаттама әзірлеуді үйлестіреді. Қаланың жайлы ортасы және цифрландыру қызметінің жүзеге асырылуын бақылау, қалалық жоспарлау және аудандар аумақтарын дамытуды үйлестіру қызметтерімен өзара іс-қимыл. Мемлекеттік қызметтер көрсету қызметі, олардың сапасын арттыру, клиентке бағдарланған қызметті жақсарту және мемлекеттік қызметтерді көрсету жүйесін цифрландыру бойынша қызметті жүзеге асырады. Қала құрылысы саласында үздік әлемдік тәжірибелер бойынша озық цифрлық технологиялардың көмегімен ұсынылатын мемлекеттік қызметтердің ашықтығын, қолжетімділігін, жеделдігін және ыңғайлылығын қамтамасыз етеді, қала аумағының инвестициялық тартымдылығын жақсарту. Бас жоспар және өзге қала құрылыстық жобаларды іске асыру.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары өнер (сәулет) саласында, техникалық ғылымдар және технологиялар (құрылыс, көлік құрылыс), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында (саясаттану).

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының (әрі қарай - Қағидалар) 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі. «Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі. Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

3), 4), 5), 7), 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, бірыңғай персоналды дамыту қызметі құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған немесе егер конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін болған жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсыну талап етілмейді.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi: құжаттар конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 7 (жеті) жұмыс күннің ішінде «Алматы қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде (Алматы қаласы, Республика алаңы, 4, 4 қабат, 472 каб.) қабылданады.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Оларды тапсырмаған кезде конкурстық комиссия тұлғаны әңгімелесуден өтуге жібермейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар әңгімелесуге жіберілгені туралы хабардар етілген күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде «Алматы қаласы әкімінің аппараты» КММ-де әңгімелесуден өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саясипартиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей бірыңғай персоналды дамыту қызметіне тіркеледі. Тіркелу үшін бірыңғай персоналды дамыту қызметіне жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Әңгімелсуге жіберілген кандидаттардың тізімі Алматы қаласы әкімі аппаратының интернет-ресурстында, сондай-ақ ғимараттың жалпыға қолжетімді жерлерінде орналастырлады.

Конкурсты өткізу тәртібі мен құжаттардың үлгілері Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген және www.kyzmet.gov.kz ресми сайтында жарияланған.

Конкурс кандидаттары мен қатысушылары конкурстық комиссияның шешіміне уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде шағым жасай алады.

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына   
орналасуға конкурс өткізу 
қағидаларының 2-қосымшасы

____________________________________
(мемлекеттік орган)

 

Өтініш

 

      Мені ______________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
___________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу
конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

      Қоса берілген құжаттар:

________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
      Мекенжайы және байланыс телефоны _________________________________________
________________________________________________________________________________

 

_________________        ____________________________________
  қолы                                    (Т.А.Ә. (болған жағдайда)

 

«___»_______________ 20 __ ж.

 

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына   
орналасуға конкурс өткізу 
қағидаларына қосымшасы

"Б" КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОККАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА "Б"

_____________________________________________
тегі, атыжәнеәкесініңаты (болғанжағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)

 
ФОТО
(түрлітүсті/ цветное,
3х4)

_____________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болғанжағдайда/при наличии)

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1.

Туғанкүніжәнежері/
Дата и место рождения

 

2.

Ұлты (қалауыбойынша)/
Национальность (по желанию)

 

3.

Оқуорнынбітіргенжылыжәнеоныңатауы/
Год окончания и наименование учебного заведения

 

4.

Мамандығыбойыншабіліктілігі, ғылымидәрежесі, ғылымиатағы (болғанжағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)

 

5.

Шетелтілдерінбілуі/
Владение иностранными языками

 

6.

Мемлекеттікнаградалары, құрметтіатақтары (болғанжағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)

 

7.

Дипломатиялықдәрежесі, әскери, арнайыатақтары, сыныптықшені (болғанжағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)

 

8.

Жазатүрі, оны тағайындаукүні мен негізі (болғанжағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)

 

9.

Соңғыүшжылдағықызметініңтиімділігінжылсайынғыбағалаукүні мен нәтижесі, егерүшжылданкем жұмысістегенжағдайда, нақтыжұмысістегенкезеңіндегібағасыкөрсетіледі (мемлекеттікәкімшілікқызметшілертолтырады)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)

 

ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

 

Күні/Дата

қызметі, жұмысорны, мекеменіңорналасқанжері/должность, место работы, местонахождение организации

қабылданған/
приема

босатылған/
увольнения

 

 

 

 

_____________________
Кандидаттыңқолы/
Подпись кандидата

_______________
күні/дата

 

 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2018 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13