^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сенбі, 25 мамыр 2019
 
     
 
Əкімшілік / Бос орындар
«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс туралы хабарландыру

«Алматы қаласы әкімі аппараты» КММ

Ішкі конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптары:

D-4 санаты үшін:

жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) қызмет өтілі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

4) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

5) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

6) ғылыми дәрежесінің болуы.

Конкурс ҚР ӘМ 2017 жылғы 27 наурыздағы №14939 тіркелген, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидалары негізінде өткізіледі.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

 

min

max

D - 4

195 895

255 514

Алматы қаласы әкімінің аппараты» КММ, 050001, Алматы қаласы, Республика алаңы, 4, анықтама үшін телефон/факс 271-66-88, e-mail: a.turdali@almaty.gov.kz, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды:

1. Құқық қорғау органдарымен жұмыс және Терроризмге қарсы комиссия бөлімінің бас маманы (негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалысы кезеңіне 20.02.2020ж.), D-4 санаты, 1 бірлік .

Функционалдық міндеттері: Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі қалалық іс-шаралар жоспарларын әзірлеу және бақылауды жүзеге асыру. Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы Терроризмге қарсы комиссияның жұмысын қамтамасыз ету. Алматы қаласы әкімі мен әкімдігі, мәслихаты актілерінің жобаларын, діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрес мәселелері жөнінде және құқық қорғау қызметінің басқа да мәселелері бойынша қала әкімінің қатысуымен өтетін кеңестерге материалдарды дайындау. Террористік тұрғыдан осал объектілердің тізбесін қала әкімдігіне бекітуге енгізу үшін әзірлеу, Тізбенің объектілерін өзектендіру және мониторингтеу бойынша жұмыс жүргізу. Құқық қорғау органдарына қылмыспен күрес және құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жалпы қалалық жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізуге ұйымдастырушылық көмек көрсету. Қылмыспен күрес жағдайын талдау, осы жұмысты жақсарту бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу. Қаланың құқық қорғау және атқарушы органдарының құқық бұзушылықтардың алдын алуды, қылмыспен күресті және құқықтық тәртіпті нығайтуды ұйымдастыру бойынша өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз ету. Алматы қаласы ішкі істер органдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға көмек көрсету. 2018-2020 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі бағдарламаның іске асырылуына бақылауды жүзеге асыру. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарларының орындалуына талдау жасау. Алқабилерге кандидаттардың бірыңғай және қосалқы тізімдерін қалыптастыру. Өз құзыреті шегінде қала әкімдігінің отырысына, Алматы қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияға қала әкімінің сот органдарында қатысуымен сот органдарымен және өзге де консультативтік-кеңесші органдармен өткізілетін кеңеске материалдар дайындау. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жағдайына талдау, осы жұмысты жақсарту бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша атқарушы органдарының мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасауын ұйымдастыру. Өз құзыретінің шегінде Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі өңірлік комиссияның және өзге де консультативтік-кеңесші органдардың отырыстарына материалдарды дайындау және талдау. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, олар бойынша жауаптар дайындау. Өз құзыреті шегінде өзге функцияларды жүзеге асыру.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Құқық, әскери іс және қауіпсіздік, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару, экономика) саласында жоғары білімі.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

  • белгіленген нысан бойынша өтініш (қоса беріліп отыр) ;
  • тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік отыз күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттарды қабылдау мерзімі 3 жұмыс күннің ішінде конкурс өткізу туралы хабарландырудың соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша Аппаратқа тапсырылуы тиіс.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Алматы қаласы әкімі аппаратының (Алматы қаласы, Республика алаңы, 4) ғимаратында өтеді.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Конкурстық комиссия жұмысының айқындылығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін отырысқа байқаушылардың қатысуына жол беріледі.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей бірыңғай персоналды дамыту қызметіне тіркеледі. Тіркелу үшін тұлға бірыңғай персоналды дамыту қызметіне жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Конкурстық комиссия тарапынан заңсыз фактілер анықталған жағдайда конкурс кандидаттары мен қатысушылары Алматы қаласы, Сейфуллин даңғылы, 555 мекенжайында орналасқан Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментіне 254-90-26, 254-90-20 байланыс телефондары арқылы шағымдануға құқылы.

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына   
орналасуға конкурс өткізу 
қағидаларына 2-қосымша 

____________________________________
(мемлекеттік орган)

 

Өтініш

 

      Мені ______________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
___________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу
конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

      Қоса берілген құжаттар:

________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
      Мекенжайы және байланыс телефоны _________________________________________
________________________________________________________________________________

 

_________________        ____________________________________
  қолы                                    (Т.А.Ә. (болған жағдайда)

 

«___»_______________ 20 __ ж.

 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2018 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13