^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Дүйсенбі, 27 мамыр 2019
 
     
 
Əкімшілік / Бос орындар
Алматы қаласы жергілікті атқарушы органының қызметшілері арасында «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған ішкі конкурс туралы хабарландыру

Ішкі конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптары:

D-O-3 санаты үшін: жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;

3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;

6) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

7) ғылыми дәрежесінің болуы.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

 

min

max

D - O- 3

305 771

398 831

Конкурс ҚР ӘМ 2017 жылғы 27 наурыздағы №14939 тіркелген, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидалары негізінде өткізіледі.

«Алматы қаласы әкімінің аппараты» КММ, 050001, Алматы қаласы, Республика алаңы, 4, №253 бөлме, анықтама үшін телефон/факс 271-66-88, e-mail: a.turdali@almaty.gov.kz, Алматы қаласы жергілікті атқарушы органының қызметшілері арасында «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

1. Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқармасы Тәркіленген мүлікпен жұмыс жөніндегі бөлімінің басшысы, D-O-3 санаты, (1 бірлік).

Функционалдық міндеттері: Бөлім жұмысын ұйымдастыру, жоспарлау және үйлестіру, бөлім қызметкерлері арасында қызметтік міндеттемелерді бөлу, олардың орындалуын және жүзеге асырылуын бақылау, бөлімді жалпы басқаруды жүзеге асыру; мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру және қабылдау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру; иесіз деп танылған және тәркіленген мүлікті Алматы қаласының коммуналдық меншігіне қабылдауды және оның кейінгі берілуін жүзеге асыру; тәркіленген мүлік болып табылатын мүлікті мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарға, мекемелерге және мемлекеттің қатысу үлесімен өзге де заңды тұлғаларға қабылдау және табыстау бойынша жұмысты заңмен белгіленген тәртіпте жүзеге асыру; техникалық және құқық белгілеуші құжаттарды рәсімдеу бойынша жұмыстарды жүзеге асыру; тәркіленген мүліктің нарықтық құнын анықтау үшін іс-шаралар жүргізу; тексеруші тараптың қаражаты есебінен тәркіленген мүліктің нақты барын және оның мақсатқа сай пайдаланылуын анықтау үшін мемлекеттік мекемелерге және кәсіпорындарға, сондай-ақ мемлекеттің қатысу үлесі бар мекемелерге барып көрулер ұйымдастыру; нормативтік құқықтық актілер жобаларын дайындау және қарауға енгізу; жоғары тұрған ұйымдарға есептерді, бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша жоғары тұрған және өзге де ұйымдардың, заңды және жеке тұлғалардың сұрауларына жауаптарды уақытылы ұсыну; басшылықпен анықталатын басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыру; Басқарманың ішкі тәртіп ережелерін және жұмыс режимін, еңбекті қорғау ережелерін, қауіпсіздік техникаларын және өртке қарсы қорғануларды сақтау.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары техникалық ғылымдары мен технологиялар (машина жасау және/немесе автоматоматтандыру және басқару және/немесе құрылыс және/немесе есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету және/немесе ақпараттық жүйелер және/немесе математикалық және компьютерлік модельдеу және/немесе көлік, көліктік техника және технологиялар және/немесе жылу энергетикасы және/немесе электр энергетикасы және/немесе технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша) және/немесе қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (сала бойынша) және/немесе стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша) және/немесе көлік құрылысы); заң (халықаралық құқық және/немесе кеден ісі және/немесе құқықтану); әлеуметтік ғылымдары, экономика және бизнес (менеджмент және/немесе қаржы және/немесе статистика және/немесе есеп және аудит және/немесе экономика және/немесе маркетинг және/немесе әлемдік экономика және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару)саласында.

2. Алматы қаласы Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы Қалалық жоспарлау және аумақтарды дамытуды үйлестіру қызметінің Медеу ауданы бойынша басшысы, D-O-3 санаты, (1 бірлік) .

Функционалдық міндеттері: Қызмет жұмысын ұйымдастыру бойынша басшылық ету. Транзиттік-бағдарлық дамыту, көпорталықты, қадамдық қолжетімділік, плейсмейкинг қағидаларында қала аумақтарын қала құрылыстық жоспарлау. Азаматтардың әлеуметтік мұқтаждықтары мен мүдделерін есепке алып, сәулет-қала құрылыстық сапаларды арттыруға бағытталған қала аумақтарында құрылыс салудың заманауи стандарттарын енгізу. Урбанистикадағы үздік тәжірибелерге сәйкес қалалық ортаны жайғастырудың бірыңғай стандарттарының сақталуын жүзеге асыруға қатысу және әзірлеу, оның ішінде жайлы және қауіпсіз жаяу жүргіншілердің, аула кеңістігін, көлік және өзге қоғамдық кеңістікті көріктендіру, оның ішінде халықтың аз қамтылған топтарына қолжетімділік. Аумақтарға жобалау алды талдау жасау, жайлы қалалық орта жоспарлау және қалыптастыру үшін партисипаторлық жобалау қағидасын енгізу арқылы азаматтарға сауалнама жүргізу. Аудандық әкімдіктер және құрылыс салудың әкімшілерімен бірлесіп нақты жоспарлау жобасы, қоғамдық кеңістік жобаларына қоғамдық тыңдалымдар жүргізу.Аудан аумақтарының инвестициялық тартымдылығын жақсарту. Аумақтардың тартымдылығын жақсарту бойынша ұсыныстар дайындау. Үздік әлемдік тәжірибелер бойынша алдыңғы цифрлық технологиялардың көмегімен ұсынылатын мемлекеттік қызметтердің ашықтығын, қолжетімділігін, жеделдігін және ыңғайлылығын қамтамасыз ету. Мемлекеттік сатып алулар көрсету қызметі, олардың сапасын арттыру, клиентке бағдарланған қызметті жақсарту және мемлекеттік қызметтерді көрсету жүйесін цифрландыру бойынша қызметті жүзеге асырады.

Алматы қаласын дамытудың Бас жоспарын және қала құрылыстық жоспарлау аумақтарының Алматы қаласына ықпал ету аймағының кешенді схемасын әзірлеу және жүзеге асыруға қатысу.Эскиздік жобаны келісу, көтергіш және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге қатысы жоқ бұрыннан тұрған ғимараттар, жайларды (жекелеген бөліктерін) қайта жаңғыртуға (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) шешім беру, діни ғимараттар (имараттар) құрылысы, олардың орналасқан орындарын анықтау туралы шешім, ғимараттарды (имараттар) діни ғимараттар (имараттар) етіп бейінін өзгерту туралы шешім беру, елді мекеннің сызығында объект құрылысы үшін жер учаскесін беру бойынша ұсынылатын мемлекеттік қызмет көрсетулердің мерзімдерін, сапасын бақылау. Қаланың тиісті ауданының аумақтарында мемлекеттік сәулет, қала құрылысы және құрылыстық саясатты жүргізу; қала құрылыстық тәртіпті, құрылыс салу ережелерін сақтай отырып, бекітілген қала құрылыстық құжаттамаға сәйкес құрылыс жобаларының жүзеге асырылуына мониторинг жүргізу, бөлімнің жұмысы бойынша ай сайынғы және жылдық есеп берулерді дайындау. Өз құзыреті шегінде қойылған міндеттердің орындалуы, оның ішінде кіріс корреспонденцияларының сапасы және қарау мерзімдеріне және мемлекеттік қызмет көрсетулер қызметі бойынша дербес жауап береді. Қызметке қатысты мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғаларды қабылдауды жүзеге асырады.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары өнер (сәулет) немесе техникалық ғылымдар және технологиялар (құрылыс ) саласында.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

  • белгіленген нысан бойынша өтініш (қоса беріліп отыр) ;
  • тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік отыз күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Қ ұжаттарды қабылдау мерзімі 3 жұмыс күннің ішінде конкурс өткізу туралы хабарландырудың соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша Аппаратқа тапсырылуы тиіс.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Алматы қаласы әкімі аппаратының (Алматы қаласы, Республика алаңы, 4) ғимаратында өтеді.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады.

Конкурстық комиссия жұмысының айқындылығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін отырысқа байқаушылардың қатысуына жол беріледі.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей бірыңғай персоналды дамыту қызметіне тіркеледі тіркеледі. Тіркелу үшін тұлға бірыңғай персоналды дамыту қызметіне тіркеледі жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Конкурстық комиссия тарапынан заңсыз фактілер анықталған жағдайда конкурс кандидаттары мен қатысушылары Алматы қаласы, Сейфуллин даңғылы, 555 мекенжайында орналасқан Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментіне 254-90-26, 254-90-20 байланыс телефондары арқылы шағымдануға құқылы.

 

«Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымдарына орналасу үшін ЖАДЫНАМА

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар құқылы:

- Құжаттарын (нысандағы өтініш; тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім) қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсыруға. Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не «Е-gov» электрондық үкімет порталы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірмей ұсынуға.

- Бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды беруге.

- Конкурстың өтетін уақыты және күні туралы ақпаратты электрондық мекен-жайға және ұялы телефонға хабарлама алуға.

- Хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде әңгімелесуден өтуге.

- Әңгімелесу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының өтуіне кедергі келтірмеген жағдайда техникалық жазба құралдарын қолдануға.

- Мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсынан конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімімен танысуға.

- Әңгiмелесудің оң қорытындысын алған жағдайда конкурс нәтижесiмен, ол аяқталғаннан кейiн екі жұмыс күн iшiнде танысуға.

- Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн өткеннен кейін, конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған жағдайда лауазымға қабылдануға, немесе конкурсқа бір кандидат қатысып, ол конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған жағдайда, ол конкурс комиссиясының қорытынды отырысы өткен күннен бастап тағайындалуға.

 

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларына 2-қосымша

____________________________________
(мемлекеттік орган)

 

Өтініш

 

      Мені ______________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
___________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу
конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

      Қоса берілген құжаттар:

________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
      Мекенжайы және байланыс телефоны _________________________________________
________________________________________________________________________________

_________________ ____________________________________
қолы (Т.А.Ә. (болған жағдайда)

«___»_______________ 20 __ ж.

 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2018 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13