^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Дүйсенбі, 27 мамыр 2019
 
     
 
Əкімшілік / Бос орындар
«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс туралы хабарландыру

«Алматы қаласы әкімі аппараты» КММ

Ішкі конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптары:

D-O-3 санаты үшін: жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;

3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;

6) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

7) ғылыми дәрежесінің болуы.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

 

min

max

D - O- 3

305 771

398 831

Конкурс ҚР ӘМ 2017 жылғы 27 наурыздағы №14939 тіркелген, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидалары негізінде өткізіледі.

Алматы қаласы әкімінің аппараты» КММ, 050001, Алматы қаласы, Республика алаңы, 4, №253 бөлме, анықтама үшін телефон/факс 271-66-88, e-mail: a.turdali@almaty.gov.kz, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды:

1. Алматы қаласы Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасы

Энергияны үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бөлімінің басшысы, D-O-3 санаты, (1 бірлік).

Функционалдық міндеттері: Халықты сенімді инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге арналған шаралар кешенін орындауды қамтамасыз ету, оның ішінде: коммуналдық қызметтерді жеткізушілердің қызметін үйлестіру; авариялық инженерлік желілерді анықтау бойынша шараларды жүзеге асыруды қамтамасыз ету, инженерлік инфрақұрылымның жай-күйін талдау; қаланы тұрақты дамыту үшін қажетті газ, сумен жабдықтау жөніндегі қуаттар резервтерін талдау мен болжауды қамтамасыз ету; халықты және басқа да мүдделі тараптарды инженерлік инфрақұрылыммен жұмыс жүргізуді бастау және аяқтау мерзімдері туралы алдын ала (кемінде 3 күн бұрын) хабардар етуді қамтамасыз ету; қауіпсіздік, жеке меншікке қол сұғылмаушылық, қолайсыздықтарды азайту және мүдделері қозғалған барлық тараптардың мүдделерін құрметтеу принциптерін сақтай отырып, ҚР заңнамасына сәйкес инженерлік инфрақұрылыммен жұмыстарды ұйымдастыруды және жүргізуді қамтамасыз ету; мобильді телефондар мен мессенджерлерді қоса алғанда, барлық қол жетімді байланыс құралдары арқылы халықпен, бизнес кәсіпорындарымен, басқа да мүдделі тұлғалармен ағымдағы мәртебенің, сондай-ақ инженерлік инфрақұрылыммен жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу сапасының мониторингі бойынша жедел кері байланысты қамтамасыз ету; тәжірибе алмасу, қаланың инженерлік желілерін дамыту және жаңғырту бойынша үздік әлемдік тәжірибелерді енгізу үшін құрылыс ұйымдарымен өзара іс-әрекетке қатысу; желілердегі ықтимал ақаулар мәніне инженерлік инфрақұрылымның қашықтықтан мониторинг жүйесін қамтитын бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану бойынша ұсыныстар енгізуді қамтамасыз ету; қызметтің тиімділігін, сондай-ақ көрсетілетін қызметтердің сапасын, ашықтығын, жеделдігін және қолжетімділігін арттыру үшін бизнес-процестерді цифрландыруды қамтамасыз ету; құзыреті шегінде ведомстволық бағынысты ұйымдардың сапасыз көрсетілген қызметтеріне тұрғындардың шағымдарын қарау және оларды жою бойынша ұсыныстар енгізу жөніндегі комиссия құруды қамтамасыз ету; коммуналдық қызметтерді тұтынушылар арасында ресурстарға ұқыпты қарау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз ету; ресурстарды ұтымды пайдаланатын тұтынушыларды материалдық көтермелеу шаралары бойынша ұсыныстар енгізуді қамтамасыз ету; Алматы қаласында коммуналдық қызмет көрсету ережелерін, инженерлік коммуникацияларды ұстау ережелерін әзірлеу және бекітуге енгізу; есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын әзірлеу және бекітуге енгізу; Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасын іске асыруға қатысуды қамтамасыз ету; Алматы қаласының аумағында сұйытылған мұнай газын тұтыну болжамын уәкілетті органға ұсыну; Алматы қаласының аумағында сұйытылған мұнай газын өткізу және тұтыну жөніндегі мәліметтерді уәкілетті органға ұсыну; ШЖҚ «Алматы Су» МКК, «ҚазтрансАймақ» АҚ кәсіпорындарының қызметіне жетекшілік ету (келісім бойынша); сумен жабдықтау, су бұру және газбен жабдықтау бөлігінде бағдарламалық құжаттарда бекітілген нысаналы индикаторларға қол жеткізу жұмыстарын жүргізу; басшылықтың, жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың тапсырмаларын орындау; сумен жабдықтау, су бұру және газбен жабдықтау саласында бюджет қаражатын ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету; тұтынушыларды сумен жабдықтау, су бұру және газбен жабдықтау мәселелері бойынша әдістемелік басшылықты жүзеге асыру; заңнамада белгіленген тәртіппен аварияларды техникалық тексеру жұмыстарына қатысу; заңнамада белгіленген тәртіппен азаматтарды қабылдауды жүзеге асыру; сумен жабдықтау, су бұру және газбен жабдықтау желілері бойынша жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының дайындығы мен жүзеге асырылуын және олардың күзгі-қысқы кезеңде жұмыс істеуін бақылауды жүзеге асыру; мемлекеттік бюджет қаражаты, Қазақстан Республикасының үкіметтік кепілдігімен берілетін сыртқы қарыздар және басқа да көздер есебінен қаржыландырылатын объектілерді жобалау мен салуға конкурстар ұйымдастыруға және өткізуге қатысу; жетекшілік ететін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне және өзге де мемлекеттік органдарға есептер беруді қамтамасыз ету; Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғаларға әдістемелік және өзге де көмек көрсету; сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу; сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға қатысу; сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу; мүдделер қақтығысын болдырмау және шешу; құрылыс-монтаждау жұмыстары кезеңінде қажетті барлық рұқсат беру құжаттарын алу; бөлімде орындаушылық және еңбек тәртібін сақтау; сумен жабдықтау, су бұру, газбен жабдықтау мәселелері бойынша комиссияларға және сот процестеріне қатысу; Басқармамен жасалған шарттарға сәйкес жұмыстарды орындайтын заңды және жеке тұлғалардан орындалған жұмыстар актілерін (2-нысан) және КС-3 нысанды (орындалған жұмыстар мен шығындар құны туралы) анықтамаларды заңнамаға және мемлекеттік нормативтерге сәйкес қабылдау, қол қою және бұрыштама қою; заңнамаға сәйкес мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдарына құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталуы, тоқтатылуы, қайта басталуы туралы хабарлау; құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу басталғанға дейін мердігерге (бас мердігерге) бекітілген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын беруге; объектіні Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық қажетті рұқсат беру құжаттарымен қамтамасыз етуге; объектінің құрылысын техникалық және авторлық қадағалаумен бірге қамтамасыз ету; техникалық және авторлық қадағалау нұсқауларын орындамағаны немесе уақтылы және сапасыз орындағаны үшін мердігерге (бас мердігерге) шаралар қабылдау; мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдары нұсқамаларының орындалуын қамтамасыз ету; техникалық қадағалау қызметін бақылау жөніндегі мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдарының лауазымды тұлғаларын объектіге жіберуді қамтамасыз ету; заңнамада белгіленген мерзімде уәкілетті органдарды құрылыс-монтаждау жұмыстарының аяқталғаны туралы хабардар етуді және объектінің техникалық сипаттамаларын, құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы және орындалған жұмыстардың бекітілген жобаға сәйкестігі туралы декларацияларды қоса бере отырып, объектіні пайдалануға қабылдаудың бекітілген актісін ұсынуды қамтамасыз ету; аяқталған объектіні коммуналдық меншікке беру және ведомстволық бағыныстағы заңды тұлғалардың балансына немесе республикалық меншікке бекіту шараларын қабылдау; заңнамада көзделген жағдайларда пайдалануға берілетін объектілерге техникалық паспорттарды ресімдеу; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді атқару.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары білім техникалық ғылымдары мен технологиялар (электр энергетикасы және/немесе жылу энергетикасы және/немесе электроснабжение (по отраслям)); заң (құқықтану); әлеуметтік ғылымдары, экономика және бизнес (қаржы және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару және/немесе статистика және/немесе экономика)саласында.

2. Алматы қаласы Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасы Жылу-энергетика кешенін дамыту бөлімінің басшысы, D-O-3 санаты, (1 бірлік).

Функционалдық міндеттері: Перспективалық және ағымдағы жұмыс жоспарларын, сондай-ақ жетекшілік ететін мәселелер бойынша есептерді жасау; Басқарманың негізгі қызметі бойынша жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдауды, тіркеуді, есепке алуды және орындаушыларға уақытында жеткізуді жүзеге асыру және олардың мерзімінде орындалуын бақылау; директивтік және қызметтік хат-хабарларды пошта, оның ішінде электрондық пошта арқылы қабылдауды (жөнелтуді) жүзеге асыру, орындаушыларға уақтылы жеткізу; басшылықтың кіріс құжаттарын уақытында қарауды ұйымдастыру; басшылыққа қол қоюға ұсынылатын құжаттардың ресімделуіне бақылауды жүзеге асыру; құжаттардың орындалу барысы мен нәтижелері туралы мәліметтерді жинақтау, осы мәселелер бойынша басшылықты жүйелі түрде хабардар ету; Алматы қаласының әкімдігіне есептерді және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитетіне «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы» № 1-ОЛ нысанды статистикалық есепті дайындау және тапсыру; басқарманың істер номенклатурасын әзірлеу және бекітуге енгізу; ведомстволық мұрағаттың жұмысын ұйымдастыру, белгіленген тәртіппен ведомстволық мұрағат туралы ережені әзірлеу және келісу; құжаттардың орындалу жағдайы мен құжат айналымының көлемі туралы Басшылыққа арналған ақпарат дайындау; басқарма басшысының және оның орынбасарларының азаматтарды қабылдауын ұйымдастыру; қабылдау кезінде берілген тапсырмалардың мерзімінде орындалуына бақылауды жүзеге асыру, орындалуын талдау; Басқармадағы «Lotus» бағдарламасы бойынша хат-хабарларды жеткізуді, жіберуді жүзеге асыру және байланысты қамтамасыз ету; телефонхаттар мен факсограммаларды қабылдау; баспасөз материалдарын талдау; басқарманың қысқа, орта және ұзақ мерзімді жұмыс жоспарларын әзірлеу бойынша жұмысқа қатысу; Басқарма басшылығының қарауына қызмет құзыретіне жататын мәселелер бойынша ұсыныстар енгізу; атқарушылық және еңбек тәртібін сақтау; жоспарлы және есептік құжаттарды құру; жұмыс жоспарларын орындау және оларды орындау бойынша есептерді дайындау, құзыреті шегінде азаматтарды қабылдауды жүзеге асыру; басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғаларға әдістемелік және өзге де көмек көрсету; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді атқарады.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары білім техникалық ғылымдары мен технологиялар (құрылыс және/немесе мұнайгаз ісі және/немесе жылу энергетикасы және/немесе электр энергетикасы және/немесе электроснабжение (по отраслям)).

Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

  • белгіленген нысан бойынша өтініш (қоса беріліп отыр) ;
  • тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік отыз күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Қ ұжаттарды қабылдау мерзімі 3 жұмыс күннің ішінде конкурс өткізу туралы хабарландырудың соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша Аппаратқа тапсырылуы тиіс.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Алматы қаласы әкімі аппаратының (Алматы қаласы, Республика алаңы, 4) ғимаратында өтеді.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады.

Конкурстық комиссия жұмысының айқындылығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін отырысқа байқаушылардың қатысуына жол беріледі.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей бірыңғай персоналды дамыту қызметіне тіркеледі тіркеледі. Тіркелу үшін тұлға бірыңғай персоналды дамыту қызметіне тіркеледі жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Конкурстық комиссия тарапынан заңсыз фактілер анықталған жағдайда конкурс кандидаттары мен қатысушылары Алматы қаласы, Сейфуллин даңғылы, 555 мекенжайында орналасқан Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментіне 254-90-26, 254-90-20 байланыс телефондары арқылы шағымдануға құқылы.

 

«Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымдарына орналасу үшін ЖАДЫНАМА

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар құқылы:

- Құжаттарын (нысандағы өтініш; тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім) қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсыруға. Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не «Е-gov» электрондық үкімет порталы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірмей ұсынуға.

- Бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды беруге.

- Конкурстың өтетін уақыты және күні туралы ақпаратты электрондық мекен-жайға және ұялы телефонға хабарлама алуға.

- Хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде әңгімелесуден өтуге.

- Әңгімелесу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының өтуіне кедергі келтірмеген жағдайда техникалық жазба құралдарын қолдануға.

- Мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсынан конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімімен танысуға.

- Әңгiмелесудің оң қорытындысын алған жағдайда конкурс нәтижесiмен, ол аяқталғаннан кейiн екі жұмыс күн iшiнде танысуға.

- Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн өткеннен кейін, конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған жағдайда лауазымға қабылдануға, немесе конкурсқа бір кандидат қатысып, ол конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған жағдайда, ол конкурс комиссиясының қорытынды отырысы өткен күннен бастап тағайындалуға.

 

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларына 2-қосымша

____________________________________
(мемлекеттік орган)

 

Өтініш

 

      Мені ______________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
___________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу
конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

      Қоса берілген құжаттар:

________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
      Мекенжайы және байланыс телефоны _________________________________________
________________________________________________________________________________

_________________ ____________________________________
қолы (Т.А.Ә. (болған жағдайда)

«___»_______________ 20 __ ж.

 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2018 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13