^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Бейсенбі, 12 желтоқсан 2019
 
     
 
Əкімшілік / Бос орындар
«Алматы қаласы әкімінің аппараты» КММ «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс жариялайды

Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптары:

 

D-О-4 санаты үшін:  жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

      мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы

Санаты

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

 

min

max

D-О-4

195 895

255 514

 

  «Алматы қаласы әкімінің аппараты» КММ, 050001, Алматы қаласы, Республика алаңы, 4, №256 бөлме, анықтама үшін телефон/факс 271-66-88, 262-16-09 e-mail: a.turdali@almaty.gov.kz, «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

            1. Алматы қаласы Қалалық мобилділік басқармасы Жол қауіпсізідігі бөлімінің бас маманы (VISION ZERO, ITS), D-О-4 санаты, (2 бірлік).

            Функционалдық міндеттері: Жол жүрісін реттеудің техникалық құралдары мен жабдықтарын жобалауы, құрылысы, реконструкциясы, жаңғыртуы, орта және ағымдық жөнделуі, күтіп-ұстауы бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, жол жүрісін басқаруының автоматтандырылған жүйесі нысандарын дамыту, қамтамасыз ету, құрылысын жүргізу, реконструкциялау бойынша шараларды үйлестіру, оның ішінде төтенше жағдайлар туындаған кезде, пайдалануға қабылданған нысандарды коммуналдық меншікке тапсырылуын заңнамаға сәйкес қамтамасыз ету; мердігерлік мекемелермен орындалған жұмыстар сапасының техникалық қадағалауын ұйымдастыру, орындалған жұмыстар бойынша есептілікті жүзеге асыру, есептік-ақпараттық мәліметтер дайындау; іс жүргізу; жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру, орындалу мерзімін қатаң қадағалау.

            Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары білім: техникалық ғылымдары мен технологиялар (автоматоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, көлік, көліктік техника және технологиялар, технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша), көлік құрылысы, құрылыс).

  2. Алматы қаласы Қалалық мобилділік басқармасыАльтернативті көлікті дамыту бөлімінің бас маманы,D-О-4 санаты, (1 бірлік).

            Функционалдық міндеттері: Жолаушылар мен жүктерді таксимен тасымалдауды ұйымдастыру; такси тасымалдаушысы ретіндегі қызметтің басталуы немесе аяқталуы туралы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыру; такси тасымалдаушысы ретінде қызмет атқаратын тұлғалардың тізілімін енгізу; көлік инфрақұрылымы объектілерін жобалау саласындағы мердігер ұйымдармен өзара әрекеттеседі; ақылы автотұрақ жүйесін енгізу мен дамытуды жүзеге асыратын, көп деңгейлі автотұрақ құрылысын салатын кәсіпорындардың жұмысын үйлестіреді; мемлекеттік мекемелермен ақпарат алмасу және өзара іс-қимыл; ақпараттық-сараптамалық материалдарды әзірлеу; баламалы көлікті дамыту бойынша жұмыстарды жоспарлау; атқарылған жұмыс бойынша есептілікті жүргізу; азаматтар мен ұйымдардың хаттарын, өтініштері мен арыздарын қарастырып, жауабын әзірлейді, қажет болған жағдайда оқиға орнына бару арқылы қарастырады; мемлекеттік қызметті ұсыну мен орындалу мерзімін қатаң бақылау.

            Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары білім: техникалық ғылымдары мен технологиялар (автоматоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, көлік, көліктік техника және технологиялар, технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша), көлік құрылысы); қызметтер (көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру); заң (заң, халықаралық құқық); әлеуметтік ғылымдары, экономика және бизнес (экономика, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару).

  3. Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасыЖайлы қалалық орта бөлімінің бас маманы (негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалысы кезеңіне 02.07.2021 ж.), D-О-4 санаты, (1 бірлік).

            Функционалдық міндеттері: Өзінің қызметін «Мемлекеттік қызмет туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы», «сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңдарының, Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі және Су кодексі талаптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 3 тамыздағы «Мемлекеттік қызметтер реестрін жүргізудің қағидаларын бекіту туралы» №779 қаулысына, ҚНжЕ, Алматы қаласы аумағындағы құрылыс ережелеріне сәйкес жүзеге асырады. Бөлімнің жұмыс жоспарын әзірлеу, Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша қолданыстағы заңнамалық, нормативтік және нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізуге ұсыныстар дайындауға қатысу. Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік және басқа да атқарушы органдармен бірлесіп әрекет етеді. Уәкілетті органдармен бірлесіп әрекет ету кезінде табиғатты қорғау     іс-шараларын орындау мәселелерін қарайды. Жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының «Жер қойнауын пайдалану туралы» Заңымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. Басқарманың және бөлімнің жұмысын ағымдағы және перспективті жоспарлауға ұсыныстар енгізеді, бөлімнің құзырлығына кіретін іс-шараларды іске асыруды бақылайды. Бөлімге орындауға келіп түскен қаулылар, шешімдер, өкімдер, тапсырмалардың орындалуына бақылау жасайды және оның есебін жүргізеді. Табиғатты қорғау іс-шараларын орындаудың, сондай-ақ бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жоспарлы және басқа да тексерулерге қатысады. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы бағдарламалар, ережелер және басқа да құжаттарды әзірлеу. Басқарма басшылығының тапсырмасы бойынша ақпараттық материалдарды, әкімдіктің, мәслихаттың нормативтік-құқықтық актілерінің жобаларын дайындайды. Бөлімнің жоспар жобаларын және іс-шараларды қаржыландыру сметаларын жасауға қатысады, бөлімнің құзыретіне кіретін іс-шаралардың іске асырылуына бақылау жүргізеді. Объектілерді пайдалануға қабылдау жөніндегі комиссияның жұмысына қатысады. Белгіленген нормативтерді және қоршаған ортаны қорғау саласындағы ережелерді бұзушыларды жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс енгізеді. Аудандар бойынша арық желілері мен нөсер кәріздерін тазалау бойынша жұмыстарды үйлестіреді және жалпы бақылау жасайды. Аумақтарды абаттандыру және санитарлық тазалау бойынша жалпықалалық және маусымдық (күзгі және көктемгі) іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу бойынша жұмыстардың жоспарларын әзірлейді. Арық желілерін ағымдағы жөндеу жұмыстарының барысына бақылау жасайды. Арық желілерін ағымдағы жөндеу жұмыстарына ашық конкурстар өткізу үшін есептер жасайды. Субұрқақтарды күтіп ұстау, пайдалану және жарықтандыру жұмыстарына бақылау жүргізеді. Субұрқақтарды күтіп ұстау, пайдалану және жарықтандыру жұмыстарына жоспарлы тапсырмалар, техникалық ерекшеліктер іс-қимыл жоспарларын әзірлейді, субұрқақтарды күтіп ұстау, пайдалану және жарықтандыру жұмыстарына ашық конкурстар өткізу үшін есептер жасайды. Аудандар бойынша көшелік жарықтандыруды күтіп ұстау бойынша жұмыстардың орындалу барысына жалпы бақылау жасайды және үйлестіреді. Сыртқы жарықтандыруды күтіп ұстау, ағымдағы және күрделі жұмыс жүргізуге конкурс өткізуге техникалық шарттар жасайды. Коммуналдық меншікке сатып алынған коммуналдық техника, құрал-жабдықтарды қабылдайды. Ведомстваға қарасты ұйымдарға жалпы бақылау жасайды және үйлестіреді. Бақылау-қадағалау функцияларын орындайтын бөлімдермен бірлесіп әрекет етеді. Жиындар өткізуге материалдар дайындау. Заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау, орындау мерзімдерін қатаң сақтау.  

            Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары білім: техникалық ғылымдары мен технологиялар (биотехнология және/немесе органикалық заттардың химиялық технологиясы және/немесе құрылыс және/немесе есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету және/немесе бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы және/немесе ақпараттық жүйелер және/немесе материалтану және жаңа материалдар технологиясы және/немесе көлік, көліктік техника және технологиялар және/немесе технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша) және/немесе қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (сала бойынша) және/немесе қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі және/немесе гидрогеология және инженерлікгеология және/немесе метрология және/немесе гидротехникалық құрылыс және ғимарат және/немесе металлургия); ауыл шаруашылық ғылымдары (агрономия және/немесе топырақтану және агрохимия және/немесе су ресурстары және суды пайдалану және/немесе орман ресурстары және орман шаруашылығы және/немесе жерді мелиорациялау, баптау және қоргау және/немесе өсімдік қорғау және карантин); құқық (халықаралық құқық және/немесе құқықтану); жаратылыстану ғылымдары (өсімдіктану және/немесе химия және/немесе экология және/немесе гидрология және/немесе метеорология); әлеуметтік ғылымдары, экономика және бизнес (қаржы және/немесе экономика және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару).

  4. қаласы Жасыл экономика басқармасыЖайлы қалалық орта бөлімінің бас маманы, D-О-4 санаты, (1 бірлік).

            Функционалдық міндеттері: Өзінің қызметін «Мемлекеттік қызмет туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы», «сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңдарының, Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі және Су кодексі талаптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 3 тамыздағы «Мемлекеттік қызметтер реестрін жүргізудің қағидаларын бекіту туралы» №779 қаулысына, ҚНжЕ, Алматы қаласы аумағындағы құрылыс ережелеріне сәйкес жүзеге асырады. Бөлімнің жұмыс жоспарын әзірлеу, Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша қолданыстағы заңнамалық, нормативтік және нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізуге ұсыныстар дайындауға қатысу. Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік және басқа да атқарушы органдармен бірлесіп әрекет етеді. Уәкілетті органдармен бірлесіп әрекет ету кезінде табиғатты қорғау     іс-шараларын орындау мәселелерін қарайды. Жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының «Жер қойнауын пайдалану туралы» Заңымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. Басқарманың және бөлімнің жұмысын ағымдағы және перспективті жоспарлауға ұсыныстар енгізеді, бөлімнің құзырлығына кіретін іс-шараларды іске асыруды бақылайды. Бөлімге орындауға келіп түскен қаулылар, шешімдер, өкімдер, тапсырмалардың орындалуына бақылау жасайды және оның есебін жүргізеді. Табиғатты қорғау іс-шараларын орындаудың, сондай-ақ бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жоспарлы және басқа да тексерулерге қатысады. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы бағдарламалар, ережелер және басқа да құжаттарды әзірлеу. Басқарма басшылығының тапсырмасы бойынша ақпараттық материалдарды, әкімдіктің, мәслихаттың нормативтік-құқықтық актілерінің жобаларын дайындайды. Бөлімнің жоспар жобаларын және іс-шараларды қаржыландыру сметаларын жасауға қатысады, бөлімнің құзыретіне кіретін іс-шаралардың іске асырылуына бақылау жүргізеді. Объектілерді пайдалануға қабылдау жөніндегі комиссияның жұмысына қатысады. Белгіленген нормативтерді және қоршаған ортаны қорғау саласындағы ережелерді бұзушыларды жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс енгізеді. Аудандар бойынша арық желілері мен нөсер кәріздерін тазалау бойынша жұмыстарды үйлестіреді және жалпы бақылау жасайды. Аумақтарды абаттандыру және санитарлық тазалау бойынша жалпықалалық және маусымдық (күзгі және көктемгі) іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу бойынша жұмыстардың жоспарларын әзірлейді. Арық желілерін ағымдағы жөндеу жұмыстарының барысына бақылау жасайды. Арық желілерін ағымдағы жөндеу жұмыстарына ашық конкурстар өткізу үшін есептер жасайды. Субұрқақтарды күтіп ұстау, пайдалану және жарықтандыру жұмыстарына бақылау жүргізеді. Субұрқақтарды күтіп ұстау, пайдалану және жарықтандыру жұмыстарына жоспарлы тапсырмалар, техникалық ерекшеліктер іс-қимыл жоспарларын әзірлейді, субұрқақтарды күтіп ұстау, пайдалану және жарықтандыру жұмыстарына ашық конкурстар өткізу үшін есептер жасайды. Аудандар бойынша көшелік жарықтандыруды күтіп ұстау бойынша жұмыстардың орындалу барысына жалпы бақылау жасайды және үйлестіреді. Сыртқы жарықтандыруды күтіп ұстау, ағымдағы және күрделі жұмыс жүргізуге конкурс өткізуге техникалық шарттар жасайды. Коммуналдық меншікке сатып алынған коммуналдық техника, құрал-жабдықтарды қабылдайды. Ведомстваға қарасты ұйымдарға жалпы бақылау жасайды және үйлестіреді. Бақылау-қадағалау функцияларын орындайтын бөлімдермен бірлесіп әрекет етеді. Жиындар өткізуге материалдар дайындау. Заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау, орындау мерзімдерін қатаң сақтау.

            Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары білім: техникалық ғылымдары мен технологиялар (биотехнология және/немесе органикалық заттардың химиялық технологиясы және/немесе құрылыс және/немесе есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету және/немесе бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы және/немесе ақпараттық жүйелер және/немесе материалтану және жаңа материалдар технологиясы және/немесе көлік, көліктік техника және технологиялар және/немесе технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша) және/немесе қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (сала бойынша) және/немесе қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі және/немесе гидрогеология және инженерлікгеология және/немесе метрология және/немесе гидротехникалық құрылыс және ғимарат); ауыл шаруашылық ғылымдары (агрономия және/немесе топырақтану және агрохимия және/немесе су ресурстары және суды пайдалану және/немесе орман ресурстары және орман шаруашылығы және/немесе жерді мелиорациялау, баптау және қоргау және/немесе өсімдік қорғау және карантин); құқық (халықаралық құқық және/немесе құқықтану); жаратылыстану ғылымдары (өсімдіктану және/немесе химия және/немесе экология және/немесе гидрология және/немесе метеорология); әлеуметтік ғылымдары, экономика және бизнес (қаржы және/немесе экономика және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару).

  5. Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы Жер комиссиясының материалдарын дайындау және оның шешімдерін орындау бөлімінің бас маманы,        D-О-4 санаты, (1 бірлік).

              Функционалдық міндеттері:     Бөлім қызметін ұйымдастыру, жалпы басшылық ету және бөлімге жүктелген тапсырманың орындалуын бақылау. Бөлімнің жұмыс жоспарын әзірлеу, міндеттерді қызметкерлер арасында үлестіру, бөліммен атқарылған жұмыс туралы есептеме ұсыну және талдау жүргізу. Алматы қаласы Жер комиссиясының мәжілісінде қаралуға қажетті құжаттардың (Жер комиссиясының хаттама шешімін және анықтаманы дайындау және т.б.) дайындалуы мен қалыптасуын ұйымдастыру; жер учаскелерінің мақсатты тағайындамаларының өзгеруі және құқық ұсыну туралы қаулының жобаларын дайындау бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметті бақылау. Жер комиссиясы мәжілісінде қарастырылған материалдарды талдау, сондай-ақ, жер қатынасы мәселесі бойынша уәкілетті органдармен және белгіленген тәртіп бойынша қоныстандыру жұмысымен айналысатын ұйымдармен өзара қарым- қатынас жасау. Алматы қаласы әкімдігімен қабылданған қаулыларды тіркеу және жер учаскелеріне деген құқығын ресімдеу жөніндегі қабылданған қаулыға хабарлама дайындау. Басқарма басшылығына тоқсан сайын есептің ұсынылуын бақылау. Орындалу мақсатында азаматтардан келіп түсетін өтініштер, арыздардың, сондай-ақ, қызметтік хаттардың уақытында орындалып жүргізілуін бақылау. Істің мемлекеттік тілде жүргізілуін бақылау. Бөлім қызметкерлерінің еңбек тәртібінің орындалуын бақылау.

              Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: техникалық ғылымдары мен технологиялар (геодозия және картография); қызметтер (кадастр және/немесе бағалау және/немесе жерге орналастыру); құқық (құқықтану); әлеуметтік ғылымдары, экономика және бизнес (мемлекеттік және жергілікті басқару).

  1. Алматы қаласы Тұрғын үй саясаты басқармасы Тұрғын үй инспекциясы және тұрғын үйді жаңғырту бөлімінің бас маманы,D-О-4 санаты, (1 бірлік).

              Функционалдық міндеттері:     Басқарманың қысқа-орта және ұзақ мерзімге арналған жоспарларын дайындауға қатысады; бөлімнің құзыретіне қатысты мәселелер бойынша ұсыныстарды Басқарма басшылығының қарауына енгізеді; қаланың тұрғын үй қорын жаңғырту бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шаралар жүргізеді; аулалық аумақтарды абаттандыру және жаңғырту бойынша қалада жүргізілетін жұмыстарды үйлестіреді; қаланың тұрғын үй қоры мен аула аумақтарының жағдайына талдау жүргізеді; басқару органдарының қызметін электрондық форматқа ауыстыру бойынша жұмысты ұйымдастырады; кондоминиум объектілерін басқару органдары қызметінің тиімділігіне мониторинг және талдау жүргізеді; кондоминиум басқару органдары мен халық арасында тұрғын үй заңнамасы мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді; ортақ мүлікті сақтау бойынша тұрғын үй иелерінің жауапкершілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар кешенін өткізеді; тұрғын үй саласын дамыту мәселелері бойынша азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастықта болады; қаланың тұрғын үй қорының энергия аудитін өткізеді; энергия үнемдеу және тұрғын үй қорын цифрландыру бойынша кешенді ұсыныстар әзірлейді; тұрғын үйді, аула аумақтарын жаңғырту, тұрғын үй саласында энергия тиімді және цифрлық технологияларды енгізу бойынша кешенді ұсыныстар әзірлейді; Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексерулер жүргізеді; мемлекеттің және азаматтардың бұзылған құқықтарын қорғау мақсатында сот органдарына талап арыздарды беру құқығымен процесуалды заңнамамен қарастырылған тәртіпте сот органдарында Басқарманың және жергілікті атқарушы органның мүдделерін білдіреді.

              Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары білім: техникалық ғылымдары мен технологиялар (автоматоматтандыру және басқару және/немесе құрылыс және/немесе есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету және/немесе ақпараттық жүйелер және/немесе инженерлік жүйелер және желілер және/немесе құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру); заң (халықаралық құқық және/немесе құқықтану); әлеуметтік ғылымдары, экономика және бизнес (қаржы және/немесе есеп және аудит және/немесе экономика және/немесе әлемдік экономика және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару); өнер (сәулет).

              Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі."Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі. Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығыменбекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Бірыңғай персоналды дамыту қызметі "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың:

1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

3), 4), 5), 7), 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, бірыңғай персоналды дамыту қызметі құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесiн ұсыну талап етілмейді.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күннің ішінде, «Алматы қаласы әкімі аппараты» КММ-ге (Алматы қаласы, Республика алаңы 4, 2-қабат, 256 бөлме) тапсырылуы тиіс.

 Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімдерінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде «Алматы қаласы әкімі аппараты» КММ-де өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей бірыңғай персоналды дамыту қызметіне тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар бірыңғай персоналды дамыту қызметіне жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлердің тізімі Алматы қаласы әкімі аппараты интернет-ресурсында, сондай-ақ ғимаратында көпшілікке көрінетін жерлерде орналастырылады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсты өткізу Ережесі мен құжаттар үлгісі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген және www.qyzmet.gov.kz ресми сайтында жарияланған.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар, конкурс комиссиясының тарапынан жасалған заңсыз фактілерін анықтаған жағдайда Алматы қаласы, Сейфуллин даңғылы, 555 мекен жайында орналасқан Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментіне 254-90-26, 254-90-20 байланыс телефондары немесе ҚР заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдануға құқылы.

 

 

 

Қатысушылары мен кандидаттары "Б" корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған жадынама

 

Конкурс қатысушылары мен кандидаттары құқылы:

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесiн ұсынбауға.

Құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде немесе "Е-gov" электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсыруға. Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi дейін бір сағаттан кешіктірмей ұсынуға.

Конкурстың өтетін уақыты және күні туралы ақпаратты қатысушылардың электрондық мекен-жайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен хабарландыруына.

Хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде әңгімелесуден өтуге.

Әңгімелесу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының өтуіне кедергі келтірмеген жағдайда техникалық жазба құралдарын қолдануға.

Мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсынан конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімімен танысуға.

Әңгiмелесудің оң қорытындысын алған жағдайда конкурс нәтижесiмен, ол аяқталғаннан кейiн екі жұмыс күн iшiнде таныстырылуға.

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн өткеннен кейін, конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған жағдайда лауазымға қабылдануға, немесе конкурсқа бір кандидат қатысып, ол конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған жағдайда, ол конкурс комиссиясының қорытынды отырысы өткен күннен бастап тағайындалуға.

Конкурстық іріктеуден өтпеген жағдайда 3), 4), 5), 7), 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттар қайтарылуына өтініш беруге.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар, конкурс комиссиясының тарапынан жасалған заңсыз фактілерін анықтаған жағдайда Алматы қаласы, Сейфуллин даңғылы, 555 мекен жайында орналасқан Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментіне 254-90-26, 254-90-20 байланыс телефондары немесе ҚР заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдануға құқылы.

 

 

"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының 2-қосымшасы

 

Нысан

                                                              

 

__________________________

(мемлекеттік орган)

 

 

 

Өтініш

 

      Мені______________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      _______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына

      қатысуға жіберуіңіздісұраймын.

      "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу

      қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға

      міндеттеме аламын.

      Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

      Қоса берілген құжаттар:

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Мекенжайыжәнебайланыс телефоны_______________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________                                          ____________________________________

       (қолы)                                          (Тегі, аты, әкесініңаты (болғанжағдайда))

      "___"_______________ 20 __ ж.

 

 

 

 

 

"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының 3-қосымшасы

 

Форма

 

"Б" КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ  ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА "Б"

_____________________________________________

тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) / фамилия, имя, отчество (при наличии)

 ФОТО(түрлітүсті/ цветное,3х4)

_____________________________________________

лауазымы/должность, санаты/категория(болғанжағдайда/при наличии)

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

 

Туған күні және жері/Дата и место рождения

 

Ұлты (қалауы бойынша)/Национальность (по желанию)

 

Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы/Год окончания и наименование учебного заведения

 

Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)

 

Шетел тілдерін білуі/Владение иностранными языками

 

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /Государственные награды, почетные звания (при наличии)

 

Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)

 

Жазатүрі, оны тағайындау күні мен негізі (болғанжағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)

 

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)

ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

 

Күні/Дата

қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место работы, местонахождение организации

қабылданған/приема

босатылған/увольнения

_____________________

Кандидаттыңқолы/Подпись кандидата

_______________

күні/дата

 

 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56