^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сейсенбі, 17 қыркүйек 2019
 
     
 
Əкімшілік / Бос орындар
«Алматы қаласы әкімінің аппараты» КММ «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс жариялайды

Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптары:

 

Е-4 санаты үшін:  жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;

      мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

      жоғары немесе жоғарыдан кеінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы

Санаты

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

 

min

max

Е-4

168 875

220 271

 

  «Алматы қаласы әкімінің аппараты» КММ, 050001, Алматы қаласы, Республика алаңы, 4, №256 бөлме, анықтама үшін телефон/факс 271-66-88, 262-16-09 e-mail: a.turdali@almaty.gov.kz, «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

            1. Алматы қаласы Алатау ауданы әкімі аппаратыҚаржы-шаруашылық бөлімінің бас Е-4 санаты, (1 бірлік).

            Функционалдық міндеттері: Аудан әкімінің аппаратының Мемлекеттік сатып алу жоспарын қалыптастыру жұмысына қатысады, техника-экономикалық қызмет көрсету негіздемесін дайындайды. Алатау ауданы әкімінің аппараты бойынша сұраныс бағасына ұсыныс және бір көзден, ашық байқау тәсілімен қызмет көрсету, мемлекеттік тауарларды сатып алуды жүзеге асыру бойынша жұмыстарды жүргізеді және дайындайды. Комиссия отырысын өткізуді ұйымдастырады, қажетті құжаттарға қол қойдырады және дайындайды, конкурстық комиссия отырысының күн тәртібін қалыптастырады, конкурстық комиссияны қажетті құжаттармен қамтамасыз етеді. Потенциалды жеткізушілерге уақытша тапсырыс, баға ұсынысын береді, конкурсқа қатысу тапсырысын тіркейді, конкурс құжаттарының көшірмелерін алған адамдарды журналға тіркейді. Келісім шарттардың тіркеуін жүргізеді, мемлекеттік сатып алуға қатысты бөлімдердің іс жүргізуін үйлестіреді. Мемлекеттік сатып алуға қажетті құжаттарды және өкімді дайындайды. Мемлекеттік сатып алу бойынша тиісті мекемелерге есеп жасайды және өткізеді. Мемлекеттік сатып алу жоспарына Алматы қаласы мәслихатының шешіміне сәйкес толықтырулар мен өзгерістер енгізеді. Келісім шарт бойынша (жеткізу мерзімі) міндеттемелердің орындалу мерзімін бақылайды және келісім шарт дайындайды. Мемлекеттік сатып алу порталына Қазақстан мазмұны бойынша деректерді енгізеді, мемлекеттік сатып алудың тіркелуінің орындалуын және келісім шарттың енгізілуін қамтамасыз етеді. Бюджетке өзгерістер енгізілген кезде аппараттың бөлімдерінен алынған бюджет жинағының тапсырысын жасайды және тиісті мекемелерге өткізеді. Мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың өтініш, арыздарын, қарастырады.   Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, есеп және аудит, қаржы) саласындағы жоғары білім.

            Жоғарыда көрсетілген салалар бойынша орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.       

            2. Алматы қаласы Алатау ауданы әкімі аппараты Мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы,Е-4 санаты, (1 бірлік).

            Функционалдық міндеттері: ҚР Конституциясының, ҚР Заңдарының, ҚР Президенті Жарлықтарының, ҚР Үкіметі Қаулыларының, Алматы қаласы мәслихаты сессиялары шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді. Алматы қаласының Тұрғын үй басқармасына және Мемлекеттік нотариалдық кеңсесіне, Алматы қаласының жылжымайтын мүлік бойынша тыйым салу және тыйым салуды алып тастау сұрақтары бойынша аудан әкімі шығарған нормативтік-құқықтық актілердің мерзімінде берілуін қамтамасыз етеді. Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау мәселесімен айналысады және құқық қорғау органдарымен бірлесіп олардың арасында қылмыстың алдын-алу, болдырмау шараларын ұйымдастырады. Аудан әкімінің кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі шешімдері мен өкімдерінің жобаларын дайындайды. Талап арыздарды дайындап, сот отырыстарына қатысады. Азаматтардың өтініштері мен қызметтік хат-хабарламаларды қарайды және оларға талдау жасайды.

            Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Құқық (құқықтану, халықаралық құқық) саласындағы жоғары білім.

            Жоғарыда көрсетілген салалар бойынша орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.       

            3. Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппараты Қаржы-шаруашылық бөлімінің бас маманы (негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалысы кезеңіне 31.12.2021 ж.),Е-4 санаты, (1 бірлік).

            Функционалдық міндеттері: Алматы қаласы Қазынашылықпен өтінім мен төлемдер бойынша жұмыс жүргізу; бекітілген қаржыландыру жоспарына сәйкес теңгерімдік есептемелер (бюджеттік) бойынша есеп жасайды; қызметкерлерге еңбек ақы есептейді, ақылы демалыс,уақытша мүгедектік куәландыру қағазын жасайды; зейнетақы және салық төлемдерін дұрыс және уақытында есептеу;негізгі құрал-жабдықтармен тауар-материалдық құндылықтар есебін жүргізеді; негізгі құрал-жабдықтарға амортизацияны уақытында есептеу; келіп отырған орындалған жұмыстардың актілерін тексереді; жабдықтаушылармен өзара есеп айырысуды салыстыру актілерін уақытында жасайды; кассалық операциялардың есебін жүргізеді; есеп берушілермен аванстық есеп дайындайды; салық басқармасына тоқсандық және статистикалық есеп дайындайды; негізгі құралдарды хаттауды орындайды; ТМЦ алуға үшін сенім хаттарды және сенім хаттардың есеп журналын жасайды; жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру. Тиісті есептік жыл аяқталғаннан кейін немесе мекеменің құрылымдық бөлімшелері жойылып немесе қайта құрылған жағдайда аудан әкімі аппаратының ведомстволық мұрағатқа құжаттардың дер кезінде тапсырылуын ұйымдастыру.

            Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында (экономика, қаржы, есеп және аудит) жоғары білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

            4. Алматы қаласы Жетысу ауданы әкімі аппараты Мемлекеттік-құқық бөлімінің бас маманы,Е-4 санаты, (1 бірлік).

            Функционалдық міндеттері: кәмелеттік жасқа толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысын ұйымдастырады. Түскен құжаттарды алдын-ала зерттеп, комиссия төрағасына немесе төрағаның орынбасарына таныстыру үшін құжаттарды береді. Материалдардың түсуіне байланысты, белгіленген мерзімде комиссия қарауына шығарады. Комиссия шешімінің орындалуын бақылайды. Кәмелеттік жасқа толмағандардың бақылаусыз және қоғамға қарсы іс-әрекеттер, құқық бұзушылықты алдын алу бойынша жұмысының жағдайы туралы, сонымен қатар, кәмелеттік жасқа толмағандардың заңды мүддесі мен құқықтардың бұзылу фактісін анықталғандығы туралы мүдделі мекемелерге хабарлайды. Кәмелеттік жасқа толмағандарға өздерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды іске асыруға жәрдемдеседі. Кәмелеттік жасқа толмағандардың заңды мүддесін және құқығын қорғау үшін заңмен белгілінген тәртіпте сотқа жолданылады. Арнайы оқу орындарынан келгендер мен аса тәртіптегі оқу ұйымдарынан, немесе қылмыстық-атқарушылық жүйеден босатылған, кәмелеттік жасқа толмағандардың тұрмысқа және еңбекке орналасуын мүдделі органдардың қызметін үйлестіреді, сонымен қатар, қиын жағдайда тұратын кәмелетке толмағандардың әлеуметтік оңалтуы бойынша қызметтерді жүзеге асырады. Жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік, қалалық Бағдарламалардың орындалуын жұзеге асырады. Бөлім басшысы болмаған жағдайда бөлім басшысының міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етеді.

            Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейнгі білім, орта техникалық білім, кәсіби білім: құқық (халықаралық құқық және/немесе құқықтану және/немесе құқық (құқықтану))

            5. Алматы қаласы Жетысу ауданы әкімі аппараты Мемлекеттік-құқық бөлімінің бас маманы,Е-4 санаты, (1 бірлік).

            Функционалдық міндеттері: Нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік, қалалық бағдарламалардың орындалуын қамтамасыз етеді. Нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес штабының отырыстарын өткізуді ұйымдастырады. Түскен материалдарды қарастырып, белгіленген мерзімде штаб қарауына шығарады. Штабт шешімінің орындалуын бақылайды. Аудан әкімі аппаратының қызметкерлері үшін жалпыға бiрдей құқықтық оқуды жүргізуді ұйымдастырады. Қылмысқа қарсы күрес аясында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу арқылы, заңдылықты, құқық тәртіптілігін және қоғам қауіпсіздігін әрі қарай күшейтуіне, қылмыстылыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік, қалалық Бағдарламасының орындалуын жүзеге асырады. Құқықбұзушылықтың профилактикасы және қылмысқа қарсы күреске барлық мемлекеттік органдарды, қоғамдық құрылымдарды және аудан тұрғындарын жұмылдырып, құқыққорғау және басқа да мемлекеттік органдардың жауаптылығын және рөлін көтереді. Діни экстремизм және терроризмге қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік, қалалық бағдарламалардың орындалуын қамтамасыз етеді. Сотта азаматтық, қылмыстық істер бойынша, сондай-ақ басқа да органдарда құқықтық сұрақтар бойынша аудан әкімі аппаратының мүддесін өкілдік етеді. Бөлімде іс-қағаздарын жүргізеді.

            Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейнгі білім, орта техникалық білім, кәсіби білім: құқық (халықаралық құқық және/немесе құқықтану және/немесе құқық (құқықтану)).

            6. Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімі Қаржы-шаруашылық бөлімінің бас маманы,Е-4 санаты, (1 бірлік).

            Функционалдық міндеттері: Жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің, тауарларды мемлекеттік сатып алудың тиісті қаржы жылына арналған жылдық жоспарын әзірлеу; мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу, электрондық мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасасу; өткізілетін мемлекеттік сатып алу бойынша есептерді тапсыру; бюджет қаражатын жұмсау кезінде құжаттардың уақтылы және дұрыс ресімделуіне және жасалған операциялардың заңдылығына алдын ала бақылауды жүзеге асыру; материалдық құндылықтарға түгендеу жүргізуге қатысу, түгендеу нәтижелерін уақтылы және дұрыс анықтау және оларды есепте көрсету. Активтердің, арзан бағалы және тез тозатын заттардың және басқа да материалдық құндылықтардың сақталатын және пайдаланылатын орындарында сақталуын бақылауды жүзеге асырады; құжаттарды сақтау, сондай-ақ оларды белгіленген мерзімде мұрағатқа тапсыру; Бөлімнің құзіретіндегі қызметтік хат-хабарларды, өтініштерді, хаттарды, шағымдарды, хаттамаларды белгіленген мерзімде қарау және орындау. Ғимараттың санитарлық жағдайын және іргелес аумақтың күзетін қамтамасыз етуді бақылау, коммуналдық қызметтерді тұтынуды бақылау. Әкім аппаратының қызметін жүзеге асыру үшін, қызметкерлер мен қызметшілерді қажетті кеңсе және шаруашылық тауарларымен, ұйымдастыру техникасымен және оларды толықтыратын жабдықтармен, жиhазбен, фирмалық бланктермен және басқа да керек-жарақтармен, сондай-ақ ұйымдастыру техникасының, байланыс желілері мен құралдарының дұрыстығын уақытында қамтамасыз ету.  

            Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі білім немесе техникалық және кәсіптік білім: әлеуметтік ғылымдары, экономика және бизнес (қаржы және/немесе есеп және аудит және/немесе экономика және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару).

            Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі."Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі. Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығыменбекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Бірыңғай персоналды дамыту қызметі "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың:

1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

3), 4), 5), 7), 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, бірыңғай персоналды дамыту қызметі құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесiн ұсыну талап етілмейді.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күннің ішінде, «Алматы қаласы әкімі аппараты» КММ-ге (Алматы қаласы, Республика алаңы 4, 2-қабат, 256 бөлме) тапсырылуы тиіс.

 Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімдерінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде «Алматы қаласы әкімі аппараты» КММ-де өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей бірыңғай персоналды дамыту қызметіне тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар бірыңғай персоналды дамыту қызметіне жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлердің тізімі Алматы қаласы әкімі аппараты интернет-ресурсында, сондай-ақ ғимаратында көпшілікке көрінетін жерлерде орналастырылады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсты өткізу Ережесі мен құжаттар үлгісі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген және www.qyzmet.gov.kz ресми сайтында жарияланған.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар, конкурс комиссиясының тарапынан жасалған заңсыз фактілерін анықтаған жағдайда Алматы қаласы, Сейфуллин даңғылы, 555 мекен жайында орналасқан Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментіне 254-90-26, 254-90-20 байланыс телефондары немесе ҚР заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдануға құқылы.

 

 

 

 

 

Қатысушылары мен кандидаттары "Б" корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған жадынама

 

Конкурс қатысушылары мен кандидаттары құқылы:

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесiн ұсынбауға.

Құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде немесе "Е-gov" электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсыруға. Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi дейін бір сағаттан кешіктірмей ұсынуға.

Конкурстың өтетін уақыты және күні туралы ақпаратты қатысушылардың электрондық мекен-жайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен хабарландыруына.

Хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде әңгімелесуден өтуге.

Әңгімелесу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының өтуіне кедергі келтірмеген жағдайда техникалық жазба құралдарын қолдануға.

Мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсынан конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімімен танысуға.

Әңгiмелесудің оң қорытындысын алған жағдайда конкурс нәтижесiмен, ол аяқталғаннан кейiн екі жұмыс күн iшiнде таныстырылуға.

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн өткеннен кейін, конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған жағдайда лауазымға қабылдануға, немесе конкурсқа бір кандидат қатысып, ол конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған жағдайда, ол конкурс комиссиясының қорытынды отырысы өткен күннен бастап тағайындалуға.

Конкурстық іріктеуден өтпеген жағдайда 3), 4), 5), 7), 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттар қайтарылуына өтініш беруге.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар, конкурс комиссиясының тарапынан жасалған заңсыз фактілерін анықтаған жағдайда Алматы қаласы, Сейфуллин даңғылы, 555 мекен жайында орналасқан Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментіне 254-90-26, 254-90-20 байланыс телефондары немесе ҚР заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдануға құқылы.

 

 

 

 

 

 

 

"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының 2-қосымшасы

 

Нысан

                                                              

 

 

 

__________________________

(мемлекеттік орган)

 

 

 

Өтініш

 

      Мені______________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      _______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына

      қатысуға жіберуіңіздісұраймын.

      "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу

      қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға

      міндеттеме аламын.

      Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

      Қоса берілген құжаттар:

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Мекенжайыжәнебайланыс телефоны_______________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________                                          ____________________________________

       (қолы)                                          (Тегі, аты, әкесініңаты (болғанжағдайда))

      "___"_______________ 20 __ ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

"Б" корпусының мемлекеттікәкімшілік лауазымынаорналасуға конкурс өткізуқағидаларының 3-қосымшасы

 

Форма

 

"Б" КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ  ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА "Б"

_____________________________________________тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) / фамилия, имя, отчество (при наличии)

 ФОТО(түрлітүсті/ цветное,3х4)

_____________________________________________лауазымы/должность, санаты/категория(болғанжағдайда/при наличии)

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

 

Туған күні және жері/Дата и место рождения

 

Ұлты (қалауы бойынша)/Национальность (по желанию)

 

Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы/Год окончания и наименование учебного заведения

 

Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)

 

Шетел тілдерін білуі/Владение иностранными языками

 

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /Государственные награды, почетные звания (при наличии)

 

Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)

 

Жазатүрі, оны тағайындау күні мен негізі (болғанжағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)

 

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)

ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

 

Күні/Дата

қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место работы, местонахождение организации

қабылданған/приема

босатылған/увольнения

_____________________Кандидаттыңқолы/Подпись кандидата

_______________күні/дата

 

 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56