^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жұма, 15 қараша 2019
 
     
 
Əкімшілік / Бос орындар
«Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс жариялайды

«Алматы қаласы әкімінің аппараты» КММ

 

Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптары:

 

D-О-4 санаты үшін:  жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

      мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы

Санаты

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

 

min

max

D-О-4

195 895

255 514

 

  «Алматы қаласы әкімінің аппараты» КММ, 050001, Алматы қаласы, Республика алаңы, 4, №256 бөлме, анықтама үшін телефон/факс 271-66-88, 262-16-09 e-mail: a.turdali@almaty.gov.kz, «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

            1. Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы өнеркәсіп кәсіпорындары қызметінің мониторингі бөлімінің бас маманы, D-О-4 санаты, (1 бірлік).

            Функционалдық міндеттері: Мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың, жүйе құраушы кәсіпорындардың тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуларындағы жергілікті қамтудың үлесін арттыру үшін жергілікті қамтуды бақылау жөніндегі комиссия мәжілістерін өткізеді. Бөлім құзыретінің шеңберінде жергілікті қамтуды бақылау жөніндегі комиссияның іс-шаралар жоспарын іске асырады. Өнеркәсіп саласында өңірлік көрмелер, форумдар ұйымдастыруға және өткізуге қатысады. Техникалық регламенттерді, стандарттарды, оның ішінде, Алматы қаласының кәсіпорындары мен ұйымдарында менеджмент жүйесінің стандарттарын енгізу жөніндегі өңірлік жоспарды іске асырады. Қазақстан Республикасында өнеркәсіп кәсіпорындарын дамыту мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеуге қатысады. Жобалық басқару шеңберінде көрсеткіштердің келешегін белгілейді және қол жеткізуді жоспарлайды. Алматы қаласының делегациясын және өңірлерді барып көруді ұйымдастыруға қатысады. Белгіленген мерзімдерге сәйкес, заңды және жеке тұлғалардың хаттарына дер кезінде жауаптар береді. Өнеркәсіп құрылымы шеңберінде Қазақстанның Үшінші модернизациясы, соның ішінде «Рухани Жаңғыру» ҚР азаматтарының қоғамдық сана-сезімін жаңғырту бойынша мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру. Саяси сәйкестікке, өнеркәсіптік басылымдарды жинау және талдау. Саяси сәйкестікке, өнеркәсіптік басылымдарды жинау және талдау. Өнеркәсіптік кәсіпорындардағы саяси жағдай туралы ақпаратты жинау және талдау.Өнеркәсіптік кәсіпорындарда мемлекеттік ақпараттық саясатты түсіндіру. 

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Құқық (құқықтану) немесе әлеуметтік ғылым, экономика және бизнес (экономика, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару) жоғары білім немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі.

           

  1. Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы сауда бөлімінің бас маманы, D-О-4 санаты, (1 бірлік).

            Функционалдық міндеттері: Жанар-жағармай мен көмірдің қорларына және бағаларына мониторинг жүргізеді. Сауда үйлерінің (дүкендерінің), базарлардың, сауда ойын-сауық орталықтарының қызметіне мониторинг жүргізеді. Құнсыздану үдерістеріне талдау жасайды және оларды ұстап тұру бойынша ұсыныстар әзірлейді. Қала ауқымында сауда және қызмет саласын жетілдіру мен дамыту бойынша ұсыныстар әзірлейді. Ішкі сауда мен қызметті дамытуды үйлестіреді. Жаңа сауда нысандары мен қызмет көрсету саласының нысандарын ұйымдастырады және олардың ашылуына қатысады. УТО нысандарына тұрақты түрде мониторинг жүргізіп отырады. Қаланың көмір базалары мен май құю станциялары (станциялар) желілерінің қызметіне мониторинг жүргізеді. Белгіленген мерзімдерге сәйкес, заңды және жеке тұлғалардың хаттарына дер кезінде жауаптар береді. Бөлімнің іс жүргізу ісін жүзеге асырады.

            Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Әлеуметтік ғылым, экономика және бизнес (экономика, әлемдік экономика, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг) немесе құқық (құқықтану) немесе гуманитарлық ғылым (халықаралық қатынастар), немесе техника және технология ғылымдары (материалтану және жаңа материалдар технологиясы) саласында жоғары білім немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі.

            3. Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасыжеке кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бөлімінің бас маманы, D-О-4 санаты, (1 бірлік).

            Функционалдық міндеттері: Кіріс хат-хабарларының дер кезінде және дұрыс орындалуын қамтамасыз ету бойынша жұмысын орындайды, жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шаралары бойынша азаматтардың және заңды тұлғалардың өтініштерін, арыздарын қарайды. «Битрикс 24» жүйесінің шеңберінде жұмысты ұйымдастыруды жүзеге асырады. «Бизнесті жүргізу жағдайларын жақсарту, қайта реттеу және бизнес шығындарын төмендету» егжей-тегжейлі жоспарының шеңберінде жұмыс әзірлемесін және бақылауын жүзеге асырады. Жоғарғы тұрған ұйымдардың хаттамалық тапсырмалары тармақтарының орындалуына мониторинг жүргізеді. «Алматы 2020» даму Бағдарламасының шеңберінде мониторинг, есеп, талдау жүргізеді. «Кәсіпкер күнін» өткізуді ұйымдастырады. Жоғарғы тұрған ұйымдардың хаттамалық тапсырмалары тармақтарының орындалуына мониторинг жүргізеді. Әлемдік экономикалық форумының бәсекеге қабілеттілігінің Жаһандық индексініің көрсеткіштерін жақсарту бойынша іс-шаралар жоспарының орындалуын қалыптастырады. Жобалық басқару шеңберінде жұмысты ұйымдастыруды жүзеге асырады. Белгіленген мерзімдерге сәйкес, заңды және жеке тұлғалардың хаттарына дер кезінде жауаптар береді. Бөлімнің іс жүргізу ісін жүргізеді. Басқарма басшысы белгілеген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

            Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Әлеуметтік ғылым, экономика және бизнес (экономика, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару, әлемдік экономика) немесе құқық (құқықтану) саласында жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

            4. Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасыжеке кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бөлімінің бас маманы (негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалысы кезеңіне 29.01.2021ж.), D-О-4 санаты, (1 бірлік).

            Функционалдық міндеттері: Шағын бизнес субъектілерімен байланысты қамтамасыз етеді. Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы консультативтік-кеңес беру органының – өңірлік маңызы бар актілер бойынша реттегіш әсерінің талдауын қарау жөніндегі комиссияның жұмысын (ведомство аралық сипаттағы) ұйымдастырады. Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы Іскерлік кеңесінің жұмысын ұйымдастыруды жүзеге асырады. Жоғарғы тұрған ұйымдардың хаттамалық тапсырмалары тармақтарының орындалуына мониторинг жүргізеді. Шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту мәселелері бойынша мемлекеттік органдар жанындағы Алматы қаласы әкімдігінің қаулысымен құрылған Сараптама кеңесінің қызметін үйлестіреді. «Қанатты әйел» жыл сайынғы жәрмеңкесін өткізіп отырады. Белгіленген мерзімдерге сәйкес, заңды және жеке тұлғалардың хаттарына дер кезінде жауаптар береді. Басқарма басшысы белгілеген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

            Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Әлеуметтік ғылым, экономика және бизнес (экономика, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару, әлемдік экономика) немесе құқық (құқықтану) саласында жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

  1. Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының Агроөнеркәсіп кешені бөлімінің бас маманы, D-О-4 санаты, (1 бірлік).

Функционалдық міндеттері: Өзіне жүктелген міндеттердің орындалуына жауапты. Қазақстан Республикасы басшылары мен Үкіметінің бұйрықтарын, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік актілерін тіркеуді, бақылауды және уақытылы орындалуын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Қызмет алушылардың қанағаттандыру деңгейін арттыру мақсатында ашықтық және есеп берушілік қағидаларын ұстану арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсетеді. Бөлім жұмыстарының номенклатураларын дайындайды. Заңнамада белгіленген мерзімде, жеке және заңды тұлғалардың хаттарына уақытылы жауап беруді қамтамасыз етеді. Басшылықтың шешімдері мен дайындалған жауап құжаттарының негізінде бақылау тапсырмаларын бақылаудан алуды жүзеге асырады. Алматы қаласындағы тұтыну нарығындағы негізгі азық-түлік қорларының қолжетімділігіне талдау жүргізеді. Агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің ассортиментіне байланысты аймақтық ауылшаруашылық жәрмеңкелерін ұйымдастырады және өткізеді. АӨК саласындағы ҚР заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді орындайды. Мемлекеттік қызметте бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруда өз құзыреті шегінде қатысады. Бөлімнің іс-қағаздарын жүргізуді іске асырады.

            Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: Ауылшаруашылығы ғылымы (агрономия, аграрлық техника және технология, өсімдік қорғау және карантин)немесе құқық (құқықтану) немесе әлеуметтік ғылымы, экономика және бизнес (мемлекеттік және жергілікті басқару немесе экономика немесе аймақтану) саласында жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі."Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі. Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығыменбекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Бірыңғай персоналды дамыту қызметі "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың:

1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

3), 4), 5), 7), 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, бірыңғай персоналды дамыту қызметі құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесiн ұсыну талап етілмейді.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күннің ішінде, «Алматы қаласы әкімі аппараты» КММ-ге (Алматы қаласы, Республика алаңы 4, 2-қабат, 256 бөлме) тапсырылуы тиіс.

 Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімдерінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде «Алматы қаласы әкімі аппараты» КММ-де өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей бірыңғай персоналды дамыту қызметіне тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар бірыңғай персоналды дамыту қызметіне жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлердің тізімі Алматы қаласы әкімі аппараты интернет-ресурсында, сондай-ақ ғимаратында көпшілікке көрінетін жерлерде орналастырылады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсты өткізу Ережесі мен құжаттар үлгісі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген және www.qyzmet.gov.kz ресми сайтында жарияланған.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар, конкурс комиссиясының тарапынан жасалған заңсыз фактілерін анықтаған жағдайда Алматы қаласы, Сейфуллин даңғылы, 555 мекен жайында орналасқан Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментіне 254-90-26, 254-90-20 байланыс телефондары немесе ҚР заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдануға құқылы.

 

 

 

 

 

Қатысушылары мен кандидаттары "Б" корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған жадынама

 

Конкурс қатысушылары мен кандидаттары құқылы:

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесiн ұсынбауға.

Құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде немесе "Е-gov" электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсыруға. Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi дейін бір сағаттан кешіктірмей ұсынуға.

Конкурстың өтетін уақыты және күні туралы ақпаратты қатысушылардың электрондық мекен-жайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен хабарландыруына.

Хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде әңгімелесуден өтуге.

Әңгімелесу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының өтуіне кедергі келтірмеген жағдайда техникалық жазба құралдарын қолдануға.

Мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсынан конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімімен танысуға.

Әңгiмелесудің оң қорытындысын алған жағдайда конкурс нәтижесiмен, ол аяқталғаннан кейiн екі жұмыс күн iшiнде таныстырылуға.

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн өткеннен кейін, конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған жағдайда лауазымға қабылдануға, немесе конкурсқа бір кандидат қатысып, ол конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған жағдайда, ол конкурс комиссиясының қорытынды отырысы өткен күннен бастап тағайындалуға.

Конкурстық іріктеуден өтпеген жағдайда 3), 4), 5), 7), 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттар қайтарылуына өтініш беруге.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар, конкурс комиссиясының тарапынан жасалған заңсыз фактілерін анықтаған жағдайда Алматы қаласы, Сейфуллин даңғылы, 555 мекен жайында орналасқан Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментіне 254-90-26, 254-90-20 байланыс телефондары немесе ҚР заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдануға құқылы.

 

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларына 2-қосымша 

                 ____________________________________

(мемлекеттік орган)

 

Өтініш

 

      Мені ______________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________ ___________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

     Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

      Қоса берілген құжаттар:

________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________

Мекенжайы және байланыс телефоны _________________________________________ ________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________

 

_________________                                                    ____________________________________                   қолы                                                                                      (Т.А.Ә. (болған жағдайда)

 

«___»_______________ 20 __ ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

"Б" корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымынаорналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 3-қосымшасы

 

Форма

 

"Б" КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ  ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА "Б"

_____________________________________________

тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) / фамилия, имя, отчество (при наличии)

 ФОТО(түрлітүсті/ цветное,3х4)

_____________________________________________

лауазымы/должность, санаты/категория (болғанжағдайда/при наличии)

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

 

Туған күні және жері/Дата и место рождения

 

Ұлты (қалауы бойынша)/Национальность (по желанию)

 

Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы/Год окончания и наименование учебного заведения

 

Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)

 

Шетел тілдерін білуі/Владение иностранными языками

 

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /Государственные награды, почетные звания (при наличии)

 

Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)

 

Жазатүрі, оны тағайындау күні мен негізі (болғанжағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)

 

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)

ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

 

Күні/Дата

қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место работы, местонахождение организации

қабылданған/приема

босатылған/увольнения

_____________________Кандидаттыңқолы/Подпись кандидата

_______________күні/дата

 

 

 

 

 

 

 

 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56