^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Дүйсенбі, 30 наурыз 2020
 
     
 
Əкімшілік / Бос орындар
«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс туралы хабарландыру

«Алматы қаласы әкімінің аппараты» КММ

 

Ішкі конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптары:

                                     

D-О-2 санаты үшін:  жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

      жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

      1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      3) А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;

      4) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;

      5) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы

      6) ғылыми дәрежесі;

      7) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес.

Конкурс ҚР ӘМ 2017 жылғы 27 наурыздағы №14939 тіркелген, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидалары негізінде өткізіледі.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы

Санаты

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

 

min

max

D-О-2

411 446

536 667

 

«Алматы қаласы әкімінің аппараты» КММ, 050001, Алматы қаласы, Республика алаңы, 4, анықтама үшін телефон/факс 271-66-88 e-mail: a.turdali@almaty.gov.kz, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурсжариялайды:

Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы басшысының орынбасары, D-О-2 санаты (1 бірлік).

            Функционалдық міндеттері: Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар аймағындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын жүзеге асыру бойынша Басқарма басшысының бұйрықтарының, жоғары тұрған органдар мен лауазымды тұлғалардың өкілеті шегінде берілген, шешімдер мен тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз етеді. "Алматы-2020" даму бағдарламасын жүзеге асырады. Еңбек нарығын дамыту бөлімінің; адами капиталды жоғарылату бөлімінің; көші-қон жүйелер бөлімінің; отбасылық әл-ауқат бөлімінің; мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді бақылау және ақпараттық технологияларды дамыту бөлімі; Алатау; Бостандық; Жетісу; Түрксіб аудандық бөлімдерінің жұмысына бақылау жасайды. Бағыттайтын бөлімдердің қызметін келесі сұрақтар бойынша үйлестіріп, бақылау жасайды: жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсету, мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмысты жүргізеді; Басқарма қызметінің тиімділігін арттыру; мүгедек – балаларды үйде оқытатын отбасыларға жәрдемақыны, 6,5 АЕК, 7 АЕК, 7,5 АЕК, 12 АЕК, 50 АЕК, 200 АЕК мөлшеріндегі әлеуметтік көмегін, тұрғын үй көмегін газбен қамтамасыз ету, арнайы әлеуметтік көмегін тағайындап, төлеу. Газ құбырын орнату және жүргізу шығындарын өтеу үшін және санаторлы-курорттық емделуге әлеуметтік көмек. Ақпараттандыру саласындағы мемлекет саясатының негізгі бағыттарын жүзеге асырады. Басқарма бөлімдерінің ақпараттық дерекқорының біртұтастығын, қорғалуын және растығын қамтамасыз етеді. Басқарманың ақпараттық әлеуметтік бағдарламаларын сүйемелдейді. Алматы қаласына шет елдік жұмыс күшін тартуға жұмыс берушілерге рұқсатты ұзартуға береді (бермейді); шет елдік жұмыс күшін тартуға жұмысшыларға рұқсатты қайтарып алады және тоқтатады; Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру бойынша КММ«Алматы қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» және аудандық жұмыспен қамту орталықтарымен өзара іс-қимылын жасайды, жеке тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсету, еңбек нарығының жағдайын талдау және болжамдау, халықты жұмыспен қамту аймақтық бағдарламасын жетілдіріп, жүзеге асыру; нысаналы топтарды жұмыспен қамтуға қолдау көрсетуді қамтамасыз ететін әлеуметтік іс-шараларды ұйымдастыру, өтінім берген жұмыссыздарды және азаматтарды тіркеп, есепке алу; еңбек нырығының талаптары мен жұмыссыз азаматтардың біліктілігін есепке ала отырып, олардың кәсіптік оқудан өтуін ұйымдастыру; жұмыссыздарды қоғамдық және әлеуметтік жұмыс орындарына жіберу, жұмыс берушілермен тиісті келісім – шартқа отыру, автоматтандырылған бос жұмыс орын (бос лауазымдар) дерек қорын құру, осының негізінде еңбек нарығының жағдайы туралы және жұмысқа орналасу мен кәсіптік оқу мүмкіндігі жөнінде халықты және жұмыс берушілерді толық және дұрыс ақпаратпен қамтамасыз ету; жұмыс берушілерге қажетті жұмысшыларды таңдап алуға көмек көрсету; жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар аясында ақпараттық жүйелерді өңдеп, бірыңғай ақпараттық бағдарламаларды тиімді қолдану. Бағыттайтын бөлімдер бойынша мемлекеттік сатып алуларды Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген тәртіпте өткізуді ұйымдастырады және Басқармамен жасалатын келісім – шарттардың орындалуына бақылауды қамтамасыз етеді, бюджет қаражатының уақытылы және нысаналы игерілуін бақылайды. «Алматы қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмысын үйлестіріп, бақылау жасайды; Басқарманың құжаттамалық жұмысын ұйымдастырады. Басқармаға келіп түскен құжаттардың қозғалысын бақылайды. Басқарманың мұрағатын және мұрағаттық құжаттарын жүргізеді. Азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарының, бостандықтарының және заңды мүдделерінің сақталуымен қорғалуын қамтамасыз етеді; азаматтардың өтініштерін қарап, қажетті шаралар қолданады; азаматтарды қабылдайды. Басқарма басшысы анықтайтын басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

            Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Техникалық ғылымдары мен технологиялар (автоматоматтандыру және басқару және/немесе есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету және/немесе ақпараттық жүйелер және/немесе математикалық және компьютерлік модельдеу); білім (құқық және экономика негіздері және/немесе математика және/немесе информатика); қызметтер (әлеуметтік жұмыс); гуманитарлық ғылымдары (халықаралық қатынастар); құқық (халықаралық құқық және/немесе кеден ісі және/немесе құқықтану және/немесе құқық қорғау қызмет); әлеуметтік ғылымдары, экономика және бизнес (менеджмент және/немесе қаржы және/немесе статистика және/немесе есеп және аудит және/немесе экономика және/немесе психология және/немесе әлеуметтану және/немесе әлемдік экономика және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару); жаратылыстану ғылымдары (математика және/немесе информатика) саласындағы жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1)   белгіленген нысан бойынша өтініш (қоса беріліп отыр);

2)   тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік отыз күн ішінде расталған қызметтік тізім.

           Құжаттарды қабылдау мерзімі 3 жұмыс күннің ішінде конкурс өткізу туралы хабарландырудың соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша Аппаратқа тапсырылуы тиіс.

           Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

           Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

           Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Алматы қаласы әкімі аппаратының (Алматы қаласы, Республика алаңы, 4) ғимаратында өтеді.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады.

Конкурстық комиссия жұмысының айқындылығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін отырысқа байқаушылардың қатысуына жол беріледі.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей біріңғай персоналды дамыту қызметіне тіркеледі. Тіркелу үшін тұлға біріңғай персоналды дамыту қызметіне жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

            Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Конкурстық комиссия тарапынан заңсыз фактілер анықталған жағдайда конкурс кандидаттары мен қатысушылары Алматы қаласы, Сейфуллин даңғылы, 555 мекенжайында орналасқан Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментіне 254-90-26, 254-90-20 байланыс телефондары арқылы шағымдануға құқылы.

 

 

 

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымдарына орналасу үшін

ЖАДЫНАМА

 

Конкурсқақатысушылар мен кандидаттарқұқылы:

- Құжаттарын (нысандағы өтініш; тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім) хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсыруға. Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірмей ұсынуға.

- Бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды беруге.

- Конкурстың өтетін уақыты және күні туралы ақпаратты электрондық мекен-жайға және ұялы телефонға хабарлама алуға.

- Хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде әңгімелесуден өтуге.

- Әңгімелесу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының өтуіне кедергі келтірмеген жағдайда техникалық жазба құралдарын қолдануға.

- Мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсынан конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімімен танысуға.

- Әңгiмелесудің оң қорытындысын алған жағдайда конкурс нәтижесiмен, ол аяқталғаннан кейiн екі жұмыс күн iшiнде танысуға.

- Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн өткеннен кейін, конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған жағдайда лауазымға қабылдануға, немесе конкурсқа бір кандидат қатысып, ол конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған жағдайда, ол конкурс комиссиясының қорытынды отырысы өткен күннен бастап тағайындалуға.

ҚОСЫМША 2

 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56