^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жексенбі, 5 сәуір 2020
 
     
 
Əкімшілік / Бос орындар
«Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс жариялайды

«Алматы қаласы әкімінің аппараты» КММ

Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптары:

 

 

D-O-4 санаты үшін: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Е-4 санаты үшін:  жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жоғары немесе жоғарыдан кеінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы

Санаты

Еңбек сiңiрген жылдарына байланысты

 

min

max

D-O-4

195 895

255 514

Е-4

195 895

255 514

«Алматы қаласы әкімінің аппараты» КММ, 050001, Алматы қаласы, Республика алаңы, 4, №256 бөлме, анықтама үшін телефон/факс 271-66-88, e-mail: a.turdali@almaty.gov.kz, «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

1. Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасының Жеке тұрғын үй құрылысы бөлімінің бас маманы, D-О-4 санаты, (1 бірлік).

Функционалдық міндеттері: Жер заңнамасын жетілдіру бойынша нормативтік құқықтық актілерге ұсыныстар енгізу. Бөлім жұмысын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу. «Сауда саттықты талап етпейтін (конкурстарды, аукциондарды) мемлекеттік меншіктегі учаскелерге құқық иеленуіне» мемлекеттік қызмет көрсету. Жеке тұрғын үй құрылысы мен бағбандыққа арналған жер учаскелерін беру туралы азаматтардың туралы өтініштерін қарау. Көлікжайларға арналған жер учаскелері үшін ұзарту, жалға алу, беру мәселесі бойынша құжаттарды дайындау және қалыптастыру. Жерге орналастыру регламенттерін анықтау, қала құрылысы регламенттерін анықтау, өтініш берушінің ұсынылған құжаттарының түпнұсқалығы мен заңдылығы туралы ақпарат алу. Жер комиссиясының отырысына ұсыныстарды дайындау үшін жер учаскелерін зерттеу. Алматы қаласы жер комиссиясының қарауына материалдарды дайындау. Иесіз жер учаскелерін анықтау. Бөлім құзіретіне кіретін мәселелер бойынша қызметкерлері мен басқа да мемлекеттік орган қызметкерлеріне кеңес беру. Жүктелген міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету үшін басқа мемлекеттік органдардан белгіленген тәртіппен қажетті ақпараттық сипаттағы құжаттар мен анықтамаларды сұрату. Жеке тұрғын үй құрылысы үшін уақытша жер пайдалануға берілген шарттарының мерзімін ұзарту туралы азаматтардың өтініштерін қарау. Жер учаскесін кеңейту мен жеке тұрғын үй құрылысы үшін (ескі құрылыс) жер учаскелерін беру туралы азаматтардың өтініштерін қарау. Бөлімнің есебі үшін ақпарат пен материалдар дайындау.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білімі техникалық ғылымдары мен технологиялар (геодозия және картография); қызметтер (кадастр және/немесе бағалау және/немесе жерге орналастыру); құқық (құқықтану); әлеуметтік ғылымдары, экономика және бизнес (мемлекеттік және жергілікті басқару) саласында.

2. Алматы қаласы Қала құрылысын бақылау басқармасының Лицензиялау және аттестациялау бөлімінің бас маманы, D-О-4 санаты, (2 бірлік).

Функционалдық міндеттері: Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсыну. Заңда белгіленген лицензияланатын жұмыстар түрлерінің тізіміне сәйкес ведомстволық бағыныстағы аумақта лицензиатпен лицензия алуға ұсынылатын құжаттар мен материалдарды қарастыру. Жүзеге асыру:сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілеріне берілетін лицензияларға мониторинг, есепке алу мен тіркеуді; лицензиаттармен лицензиялық ережелер мен нормаларды сақтауын бақылауды; лицензиялау ережелері мен нормаларын бұзған заңды және жеке тұлғаларға, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында жобалау барысында бұзушылық жібергендерге қатысты заңмен қарастырылған тәртіпте шара қолдану. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызмет көрсететін сарапшыларға аттестаттау жүргізу; лицензия беру кезінде бақылаудың өзге түрін өткізу; лицензияланатын құжаттарды сақтау мен мұрағаттаужұмыстарын ұйымдастыру. Қажеттілігіне қарай нысандар құрылысы мен құрылыс өнімдерінің сапасын тексеруге қатысу, уәкілетті органда тексеруді тағайындау туралыактілерді уақтылы тіркеу. Бөліммен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы қарастыру, еңбек тәртібін сақтау. Азаматтарды қабылдауды жүзеге асыру, лицензия ізденушілермен ұдайы консультациялық жұмыс жүргізу. Уәкілеттігінің шегінде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен белгіленген өзге мәселелерді шешу.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім техникалық ғылымдары мен технологиялар (құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру және/немесе құрылыс және/немесе көлік құрылысы); құқық (құқықтану); өнер (сәулет) саласында.

3. Алматы қаласы Қала құрылысын бақылау басқармасының Алатау және Бостандық аудандары бойынша қала құрылысын бақылау бөлімінің бас маманы, D-О-4 санаты, (1 бірлік).

Функционалдық міндеттері: Құрылыс нысандарының (тұрғын және тұрғын емес жайлар) және желілік ғимараттар және құрылыс өнімдерінің сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауды жүзеге асыру; жүргізу: салынып жатқан және салынуы жоспарланған объектілер мен кешендерге (қайта жаңғыртылатын, кеңейтілетін, жаңғыртылатын, күрделі жөнделетін); мониторинг; құрылыс сапасын тексеру нәтижелерін талдау және жалпылау, есепке алу; құрылыс индустриялар кәсіпорындары бойынша құрылымдар,бұйымдар, құрылыс материалдарын шығару бойынша мониторинг, құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталуы туралы (құрылыстың басталуына)хабарламаларды қабылдау; сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында жойылмайтын бұзушылықтарға жол берген заңды, жеке және лауазымды тұлғаларға қатысты заңға қарастырылған тәртіпте шара қолдану; уәкілетті органда тексеруді тағайындау туралы актілерді өз уақытысында тіркеу, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін өз уақытысында қарау; еңбек тәртібін сақтау. Азаматтарды қабылдауды жүзеге асыру, өтініш берушілермен ұдайы консультациялық жұмыс жүргізу. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен белгіленген өзге де мәселелерді өкілеттігінің шегінде шешу.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім техникалық ғылымдары мен технологиялар (құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру және/немесе құрылыс және/немесе көлік құрылысы); өнер (сәулет) саласында.

4. Алматы қаласы Цифрландыру басқармасының «Ақылды» қала жобаларын басқару бөлімінің бас маманы, D-О-4 санаты, (1 бірлік).

Функционалдық міндеттері: Алматы қаласы бойынша «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысын, «Электрондық үкімет» бағдарламасын іске асыру шеңберінде «электрондық әкімдіктің» енгізілуі мен дамуын талдау, үйлестіру және бақылау. Ақпараттық қауіпсіздік саясатының сақталуын қамтамасыз ету. «Ақпараттық технологияларды қолдану» бағыты бойынша жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар қызметінің тиімділігін бағалау. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, олар бойынша жауаптар дайындау. Өз құзыреті шегінде өзге функцияларды жүзеге асыру.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білімі техникалық ғылымдары мен технологиялар (автоматоматтандыру және басқару және/немесе есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету және/немесе ақпараттық жүйелер); әскери ісі және қауіпсіздік (ақпараттық қауіпсіздік жүйелері); әлеуметтік ғылымдары, экономика және бизнес (менеджмент және/немесе статистика және/немесе экономика және/немесе қызмет көрсету және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару және/немесе жобаны басқару); жаратылыстану ғылымдары (информатика және/немесе математика) саласында.

5. Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының Коммуникациялық іс-тәжірибелер бөлімінің бас маманы, D-О-4 санаты, (1 бірлік).

Функционалдық міндеттері: БАҚ-да қала қызметі жайындағы сұрақтар бойынша ақпараттың жариялануын қамтамасыз ету; бөлім жетекшілік ететін бағытына қарай қызметтік ақпараттар, басылымдар, ұсынымдар, аналитикалық хаттар дайындау; БАҚ басылымдарына мониторинг жасау, мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып қаланың өзекті мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру кампанияларын әзірлеу және іске асыру; «Қазақстан-2050» Стратегиясын, жыл сайынғы Елбасының Қазақстан халқына жолдауын және басқада бағдарламалық құжаттарды насихаттау бойынша БАҚ-та материалдардың жариялануын ұйымдастыру; бөлім басшысының тапсырмаларын орындау; мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру бойынша есепті қамтамасыз ету, жетекшілік ететін бағытына қарай мемлекеттік және басқада мекемелермен хат алмасуды жүзеге асыру; жоғары тұрған органның сұранысына анықтама және ақпарат беру; мемлекеттік тілді меңгеру.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білімі білім беру саласындағы (құқық және экономика негіздері, философия) немесе гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар, тарих, аударма ісі) немесе құқық саласы (халықаралық құқық, құқықтану, құқық қорғау қызметі) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (менеджмент, статистика, журналистика, саясаттану, экономика, психология, әлеуметтану, аймақтану, әлемдік экономика, қоғаммен байланыс, мемлекеттік және жергілікті басқару) немесе өнер саласындағы (баспа ісі) саласында.

6. Алматы қаласы Білім басқармасының Алатау аудандық білім бөлімінің бас маманы, D-О-4 санаты, (1 бірлік).

Функционалдық міндеттері: Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мәселелері бойынша заңнаманың орындалуын басқару және қадағалау. Білім беру органдарымен және ұйымдарымен мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мәселелері бойынша өзара жұмыс жасау, білім туралы заңнаманы қолдану тәжірибесін талдау және жалпылау, басшыларға, жұмыскерлерге және ата-аналарға мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мәселелері бойынша кеңес беру. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету. Басқарма басшылығымен анықталатын басқа уәкілеттіктерді жүзеге асыру. Жеке компьютермен жұмыс жасай білу.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім білім (құқық және экономика негіздері және/немесе кәсіптік оқыту және/немесе қазақ тілі мен әдебиеті және/немесе орыс тілі және әдебиеті және/немесе бастапқы оқыту педагогикасы мен әдістемесі және/немесе мектепке дейінгі оқу және тәрбие беру және/немесе педагогика және психология және/немесе қазақ тілі мен әдебиеті және/немесе орыс тілі мен әдебиеті және/немесе әлеуметтік педагогика және өзін тану) саласында.

7. Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің аппаратының Кәсіпкерлік пен өнеркәсіпті дамыту бөлімінің бас маманы, Е-4 санаты, (1 бірлік).

Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасының құқықтық актілерін, қала және аудан әкімінің тапсырмаларын орындалуын қамтамасыз етеді. Өнеркәсіп кәсіпорындарына, байланыс және банктерге жетекшілік жасайды. Өнеркәсіптік кәсіпорындарының, байланыс, банк туралы ақпараттарды дайындайды. Кәсіпкерлерге бизнесті дамыту мәселелері бойынша көмек және қолдау көрсетеді. «Бизнестің жол картасы-2020», «Өнімділік-2020», «Жібек жолы», «Кәсіпкерлерді қолдау картасы» және т.б. мемлекеттік бағдарламалар бойынша кәсіпкелермен түсіндірме жұмыстар жүргізеді.     

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары білім, , жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, орта білімнен кейнгі білім, орта техникалық білім, кәсіби білім рұқсат етіледі: заң (заң); әлеуметтік ғылымдары, экономика және бизнес (менеджмент және/немесе қаржы және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару және/немесе статистика және/немесе есеп және аудит және/немесе экономика) саласында.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі."Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі. Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығыменбекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Бірыңғай персоналды дамыту қызметі "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың:

1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

3), 4), 5), 7), 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, бірыңғай персоналды дамыту қызметі құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметші және ҚР «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 27-бабы 8-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғалар тестілеуден өтпейді.

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесiн ұсыну талап етілмейді.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күннің ішінде, «Алматы қаласы әкімі аппараты» КММ-ге (Алматы қаласы, Республика алаңы 4, 2-қабат, 256 бөлме) тапсырылуы тиіс.

 Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімдерінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде «Алматы қаласы әкімі аппараты» КММ-де(Алматы қаласы, Республика алаңы 4) өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей бірыңғай персоналды дамыту қызметіне тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар бірыңғай персоналды дамыту қызметіне жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлердің тізімі Алматы қаласы әкімі аппараты интернет-ресурсында, сондай-ақ ғимаратында көпшілікке көрінетін жерлерде орналастырылады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсты өткізу Ережесі мен құжаттар үлгісі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген және www.qyzmet.gov.kz ресми сайтында жарияланған.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар, конкурс комиссиясының тарапынан жасалған заңсыз фактілерін анықтаған жағдайда Алматы қаласы, Сейфуллин даңғылы, 555 мекен жайында орналасқан Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментіне 254-90-26, 254-90-20 байланыс телефондары немесе ҚР заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдануға құқылы.

 

 

 

 

Қатысушылары мен кандидаттары «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған жадынама

 

Конкурс қатысушылары мен кандидаттары құқылы:

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесiн ұсынбауға.

Құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде немесе "Е-gov" электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсыруға. Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi дейін бір сағаттан кешіктірмей ұсынуға.

Конкурстың өтетін уақыты және күні туралы ақпаратты қатысушылардың электрондық мекен-жайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен хабарландыруына.

Хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде әңгімелесуден өтуге.

Әңгімелесу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының өтуіне кедергі келтірмеген жағдайда техникалық жазба құралдарын қолдануға.

Мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсынан конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімімен танысуға.

Әңгiмелесудің оң қорытындысын алған жағдайда конкурс нәтижесiмен, ол аяқталғаннан кейiн екі жұмыс күн iшiнде таныстырылуға.

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн өткеннен кейін, конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған жағдайда лауазымға қабылдануға, немесе конкурсқа бір кандидат қатысып, ол конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған жағдайда, ол конкурс комиссиясының қорытынды отырысы өткен күннен бастап тағайындалуға.

Конкурстық іріктеуден өтпеген жағдайда 3), 4), 5), 7), 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттар қайтарылуына өтініш беруге.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар, конкурс комиссиясының тарапынан жасалған заңсыз фактілерін анықтаған жағдайда Алматы қаласы, Сейфуллин даңғылы, 555 мекен жайында орналасқан Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментіне 254-90-26, 254-90-20 байланыс телефондары немесе ҚР заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдануға құқылы.

 

ҚОСЫМША 2


ҚОСЫМША 3

 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56