^ наверх
 
Главная А А А
Версия для слабовидящих
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Понедельник, 27 января 2020
 
     
 
Администрация / Аким / Доклады и выступления
Выступление акима города Алматы Бауыржана Байбек на торжественном собрании, посвященном 20-летию Конституции РК

Құрметті Алматылықтар!

Ардақты ағайын!

Баршаңызды Ұлы мереке - Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Ғасырлар бойы аңсаған қасиетті Тәуелсіздікке қол жеткізіп, өз мемлекеттігін жариялаған халқымыз осыдан 20 жыл бұрын Ата Заңын - азат елдің Конституциясын қабылдады.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен бүкілхалықтық референдумда дүниеге келген Конституция халқымыздың сенімі мен үміті, арманы мен мұраты тоғысқан мемлекет өміріндегі ең басты құжат болып табылады.

«Бүгінгі біздің тәуелсіздігіміздің қайнар көзі - қазақ халқының сан ғасырлар бойы күресінде, азаттыққа ұмтылған қайсарлығында жатыр», - деп Елбасы атап көрсеткендей, еліміз өз тарихында талай тар жол, тайғақ кешулерден өтті.

Он бесінші ғасырда Әз Жәнібек пен Керей хандардан бастау алған Қазақ хандығы мен кешегі Тәуелсіздікті жариялауға дейінгі аралықта бес жарым ғасырлық шежіре жатыр. Осы 550 жыл ішінде қай заманда болмасын мемлекеттік, елдік идеясы көкейімізден еш кеткен емес, керісінше санамызда сақталып, елмен бірге өсті, жетілді.

«Есімханның ескі жолы» мен «Қасымханның қасқа жолына», Әз Тәукенің «Жеті жарғысына» сүйеніп, елішілік, мемлекетішілік қатынастарын реттеген халқымыз бүгінде өз Конституциясы арқылы заманауи міндеттерді орындап, ізгі мақсаттарға ұмтылып, мемлекетіміздің саяси-құқықтық, экономикалық нығаюын қамтамасыз етті. Ол Елбасымыздың «Нұрлы жолына» ұласып, нұрлы болашаққа жол тарттық.

Жиырма жылдың бедерінде біз сындарлы саясат пен қазақы сабырлықтың арқасында қуатты мемлекетке айналдық. Шекарамыз айқындалды. Астанамыз салынып, іргеміз мызғымастай бекітілді. Тағдыр тоғыстырған, тарих табыстырған түрлі этнос өкілдері ортақ Отанымызды өркендетуге бір атаның баласындай атсалысып, тату-тәтті ғұмыр кешуде.

Бағындырған биіктеріміз бізді асқақтата, кезіккен қиындықтар шыңдай түсті.

Осы уақыт аралығындағы әрбір жетістіктің жанында келелі басшы және оған сенім артқан келісімді ел тұрды.

Сол сияқты әр қиындықты да біз бүтін ел болып Елбасымен бірге еңсердік.

Қазіргі кезде еліміз тап болған жахандық дағдарыстан да баршамыз тастүйін болып, сапқа сызат түсірмей, бірлігімізді, елдігімізді еселей шығуымыз қажет.

Жақында өткен Президент сайлауында айрықша жеңіске жеткен Елбасымыз алда қиыншылықтар барлығын, оған қарсы қабылданар шаралардың оңай еместігін меңзей келе, «маған болашақта атқарылар күрделі реформалар мен жасалар шешімдер үшін ерекше мандат керек» деген болатын. Қашанда ынтымаққа адал, бірлікке берік халқымыз өз тағдырын сол кезде тағы да данасына тапсырды.

Әлемнің, Еуропаның небір дамыған елдерінің экономикасын күйретіп, тіпті мемлекеттігіне қауіп төндірген осынау дағдарыстан Қазақстанның мүдірмей өтетініне, уақыт сынын жұмылған жұдырықтай қарсы алатынына сеніміміз кәміл.

Сын-қатерлерден осылайша өтуге Елбасы төңірегіне топтасқан халқымыз, бейбіт сыртқы саясатымыз, асты мен үсті қазынаға толы жеріміз бар.

Ата Заңда жарияланған негізгі құндылықтарды одан әрі дамытуға, азаматтарға қызмет етуші мемлекет құруға, заң үстемдігін, жемқорлықпен ымырасыз күресуді қамтамасыз етуге, болашағы біртұтас ұлт құруға бағытталған 5 институционалдық реформа мен 100 нақты қадамды жүзеге асыруға кірісіп те кеттік.

Бабалар арманы Мәңгілік Елге, әлемнің ең дамыған елдерінің қатарынан табылуға жетелейтін осы бағдарламаларды ойдағыдай іске асыру елдігімізге сын.

Олай болса біздің мақсат - Ата Заңға сүйене отырып, баянды болашақ үшін, ертеңгі ұрпақ қамы үшін тек қана алға ұмтылу!

Ардақты Алматылықтар!

Тәуелсіздік, Конституция және Алматы ажырамас ұғымдар. Азаттығымыз да, Ата Заңымыз да осы әсем Алматыда жарияланып, қабылданды. Ел тарихындағы ең маңызды шешімдер осы қалада рәсімделіп, мемлекеттігіміздің іргетасы қаланды.

Сондықтан да, елдігіміздің қайнары Алматы кемел келешекке бет алған ел дамуы жолында әрқашанда алдыңғы қатарда болмақ, үлгі көрсетпек. Оған қаламыз бен оның тұрғындарының мүмкіндігі жетіп артылады!

Уважаемые алматинцы!

Дорогие друзья!

Поздравляю Вас со знаменательной для нашей страны датой - 20-летием Конституции Республики Казахстан.

30 августа 1995 года, по инициативе Президента нашей страны Нурсултана Назарбаева, на всенародном референдуме был принят Основной Закон независимого Казахстана.

В то непростое время в течение целого месяца шло активное всенародное обсуждение проекта. Гражданами, коллективами, общественными объединениями было внесено порядка 30 тысяч предложений и замечаний. На их основе в предложенный проект Конституции были внесены 1100 поправок и дополнений.

В истории независимого Казахстана это событие стало одним из первых прецедентов широкого общественного обсуждения судьбоносного для страны и народа решения, рождением гражданского общества.

Как отметил Елбасы, «принятие Конституции на референдуме придало ей высокую степень легитимности. Можно с полным основанием сказать, что творцом Конституции является народ Казахстана. И это придает ей не только высшую юридическую, но и духовно-нравственную, моральную силу».

Народ Казахстана в новой Конституции высшими ценностями определил такие фундаментальные понятия, как Человек, его Жизнь, Права и Свободы.

Наше главное достояние - это Независимость страны.

Наши базовые принципы - это общественное согласие, политическая стабильность, экономическое развитие, казахстанский патриотизм.

Новая Конституция, вобрав в себя лучший мировой опыт, создала условия для перехода к рыночной экономике, реализации принципа разделения властей, системы сдержек и противовесов, формирования институтов гражданского общества. Тем самым, заложив основу современной государственности и устойчивого развития.

Благодаря дальновидной и взвешенной политике Первого Президента, заложенные в Конституции принципы воплотились в повседневную реальность.

Одним из главных достижений нашей Конституции является создание правовой базы для равноправного развития всех этносов многонационального Казахстана.

Наша формула согласия и толерантности по праву стала визитной карточкой страны на мировой арене.

Имеющая конституционный статус Ассамблея народа Казахстана, которой в этом году также исполнилось 20 лет, стала подлинным фактором консолидации общества.

Об огромном авторитете Казахстана также свидетельствует председательство в крупных международных организациях, направленные на укрепление мира и стабильности глобальные инициативы нашего Президента.

Именно Конституция стала главным фактором казахстанского успеха. Об этом неоднократно говорил Глава государства.

Сегодня, в период новых вызовов и глобальных угроз, важнейшей задачей является укрепление фундаментальной ценности нашего народа - Независимости, обеспечение дальнейшего устойчивого развития страны.

Единство и сплоченность казахстанцев, консолидация вокруг Лидера позволят, несмотря на трудности, не только сохранить достигнутое, но и достичь новых высот.

Взаимное доверие общества и государства является ключевым фактором успеха. Именно доверие определяет запас нашей прочности перед лицом трудностей, позволяя принимать зачастую трудные, но необходимые решения.

Эффективность и подотчетность должны стать основными критериями нашей работы. Открытый диалог с населением, активное взаимодействие с гражданским обществом, бизнесом и масс-медиа - вот ключевые составляющие взаимного доверия.

Реализация озвученных Елбасы 5-ти институциональных реформ - обеспечение верховенства закона, формирование профессионального госаппарата на службе у граждан, развитие индустрии и инноваций, консолидация народа вокруг единых ценностей, подотчетное государство и активное гражданское общество - позволит нам реализовать весь потенциал Конституции и войти в число наиболее развитых государств мира.

Уважаемые алматинцы!

Наш город является колыбелью Независимости Казахстана. Сегодня Алматы - это культурный, финансовый, научно-образовательный и спортивный центр страны, локомотив национальной экономики.

Здесь проживает более 9% населения, производится 20% валового внутреннего продукта Казахстана.

Бюджет города сопоставим с бюджетами целых государств. При этом более 40% расходов приходится на социальную сферу.

За последние годы в Алматы построено большое количество новых школ, детских садов, больниц, спортивных сооружений, возведены жилые дома, введены в строй новые дороги, транспортные развязки, запущен метрополитен.

В нынешних непростых условиях наша задача - это обеспечение дальнейшего сбалансированного развития города за счет привлечения инвестиций, развития малого и среднего бизнеса, создания новых рабочих мест, обеспечения безопасной и комфортной среды для горожан. Важно в каждом районе определить точки роста, использовать незадействованные внутренние резервы.

В этом контексте большое значение имеет проведение в Алматы Всемирной зимней Универсиады в 2017 году.

Вторые по значимости после Олимпиады спортивные игры обеспечат нашему мегаполису дополнительный импульс в развитии целого ряда отраслей.

Уже сегодня за счет масштабной стройки обеспечиваются более 12 тысяч рабочих мест, свыше 1,5 тысяч субъектов малого и среднего бизнеса вовлечены в организацию и строительство. В бюджет поступит более 9 млрд. тенге налогов. В нашем городе наряду с комплексом современных спортивных объектов появится городок для 10 тысяч студентов.

Алатауский район, которому в последние годы уделялось огромное внимание, обретет свой центр, став местом притяжения молодежи, здорового досуга, спорта и образования.

Уверен, что дальнейшее развитие нашего мегаполиса возможно только при совместных усилиях, каждодневном труде и активной гражданской позиции каждого алматинца.

Қадірлі ағайын!

Жиырма жылдық мерейтойын атап өткелі тұрған Қазақстан Конституциясы мемлекетіміз алға қойған ұлы мақсаттарға қол жеткізерлік орасан әлеуетке ие.

Ел ертеңін ойлаған әрбір азаматтың міндеті - Ата Заңды қастерлеп, құқықтық мемлекет қағидаттарына берік болу, Тәуелсіздіктің баға жетпес құндылық екенін санада сақтау!

Сондықтан да әрқайсымыз Қазақстанның теңқұқылы, өз тағдырына жауапты, азат елдің азаматы екендігімізді түйсіне отырып, туған Отанымыздың баянды болашағына аянбай қызмет етейік!

Осы жолда толайым табыстар мен жоталы жетістіктер көп болсын!

Мереке құтты болсын!

По случаю 20-летия Конституции, за вклад в укрепление независимости, согласия и стабильности в казахстанском обществе, защиту конституционных прав граждан и обеспечение верховенства Основного Закона, Указом Президента Республики Казахстан Нурсултана Абишевича Назарбаева порядка 600 алматинцев награждены юбилейной медалью «Қазақстан Конституциясына 20 жыл».

Мен осы азаматтардың барлығын шын жүректен құттықтаймын!

Ал қазір осы азаматтардың ішінен бір топ зиялы қауым өкілдеріне мерейтойлық медальдарды ұсынуға рұқсат етіңіздер!

 
     
   
 
   



 
 
 
 
 
 
Все права на материалы, размещенные на этом сайте, принадлежат Акимату г. Алматы
© 2005-2019 РК , 050001 г. Алматы, площадь Республики, 4 Информационное наполнение и сопровождение: Пресс-служба акима г. Алматы Телефон Пресс-службы акима г. Алматы: +7 (727) 271-65-56
Email: smi@a-a.kz Дата обновления: 19.07.2019г.