^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жұма, 18 қазан 2019
 
     
 
Баспасөз қызметі / Әкімдіктің нормативті шығармашылық қызметі
Алматы қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 27 қыркүйектегі № 3/479 қаулысы Алматы қаласының Әділет Департаментінде 2016 жылдың 25 қазанында тіркелген, № 1325

Алматы қаласының коммуналдық мүлкін

иеліктен шығару түрлерін таңдау жөніндегі

критерийлерді белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 «Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы» және 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1141 «Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» қаулыларына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған коммуналдық мүлікті иеліктен шығару түрлерін таңдау жөніндегі критерийлер осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

2. «Aлматы қаласы Қаржы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қолданыстағы заңнамамен белгіленген тәртіпте:

1) Aлматы қаласының әділет органдарына осы қаулының қабылданғаны туралы хабарласын;

2) осы қаулыны ресми баспа басылымдарында жариялау бойынша шаралар қабылдасын.

3. Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласының коммуналдық мүлкін иеліктен шығару түрлерін таңдау жөніндегі критерийлерді белгілеу туралы» 2014 жылғы 18 тамыздағы № 3/683 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2014 жылғы 16 қыркүйекте № 1084 болып тіркелген, 2014 жылғы 23 қыркүйекте «Алматы ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ә. Жүнісоваға жүктелсін.

5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Алматы қаласының әкімі Б. Байбек

№ р/ с

Критерий атауы

Иеліктен шығару түрі

1

о бъектіге әрі қарай бақылау жүргізуге мемлекет мүддесінің болмауы; 

объектіні барынша мүмкін болатын жоғары бағамен сату және сауда-саттыққа қатысушыларды кеңінен тарту.

А укцион түрінде сауда-саттық өткізу

2

с ату шарттарын белгілеу жолымен белгілі б ір уақыт кезең інде объектіге мемлекетт ің бақылау ын сақта у қажеттілігі (қызмет бейінін сақтау);

объектіні барынша мүмкін болатын жоғары бағамен сату және сауда-саттыққа қатысушыларды кеңінен тарту.

тендер түрінде сауда-саттық өткізу

3

с енімгерлік басқарушының, жалға алушының (жалдаушының) кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқару, мүліктік жалдау (жалға алу) шарттарының талаптарын орындау ына белгілі бір уақыт кезеңінде мемлекеттің бақылау ын сақтау қажеттілігі.

т ікелей атаулы са ту

4

объектінің қор биржасының талаптарына сәйкестігі;

шетелдік инвесторларды қоса, сауда-саттыққа қатысушыларды кеңінен тарту қажеттілігі

қ ор биржасында сауда-саттық өткізу

5

акционерлік қоғамдардың мемлекетке тиесілі ақцияларына құқығын растайтын туынды бағалы қағаздарды сату қажеттілігі.

туынды бағалы қағаздарды сату

6

жекешелендіру объектілерін сату алдындағы дайындық пен оларды сату жөнінде консультациялық қызметтерді тарту қажеттілігі;

жекешелендіру бағасының басымдығын және (немесе) өзге де шарттарын айқындайтын қаржы кеңесшісінің қатысуымен өткізу сауда-саттықты қажеттігі.

екі кезеңдік рәсімдер арқылы конкурс

Алматы қаласы әкімдігінің

2016 жылғы « 27 » қыркүйектегі

№ 3/479 қаулысына қосымша

Коммуналдық мүлікті иеліктен шығару түрлерін таңдау

жөніндегі критерийлер

 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56