^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Бейсенбі, 24 қазан 2019
 
     
 
Баспасөз қызметі / Әкімдіктің нормативті шығармашылық қызметі
Алматы қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 4/602 қаулысы Алматы қаласының Әділет Департаментінде 2017 жылдың 10 қаңтарында тіркелген, № 1339

Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласында көрсетілетін геология және су ресурстарын пайдалану саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы № 4/635 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

 

 

Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 50 бабына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласында көрсетілетін геология және су ресурстарын пайдалану саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы № 4/635 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1237 болып тіркелген, «Алматы Ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде 2016 жылғы 14 қаңтарда жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

1 тармақтағы:

3) тармақша алынып тасталсын.

2. Алматы қаласы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы заңнамамен белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн;

2) осы қаулы мемлекеттiк тiркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Алматы қаласының аумағында таралатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолдауды;

3) осы қаулыны Алматы қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы «Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласында көрсетілетін геология және су ресурстарын пайдалану саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы

2

№ 4/635 қаулысына» өзгеріс енгізу туралы» қаулысының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е. Әукеновке жүктелсін.

4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Алматы қаласының әкімі Б. Байбек

 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56