^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жексенбі, 15 желтоқсан 2019
 
     
 
Баспасөз қызметі / Әкімдіктің нормативті шығармашылық қызметі
Алматы қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 6 желтоқсан дағы № 4/569 қаулысы Алматы қаласының Әділет Департаментінде 2016 жылдың 15 желтоқсанында тіркелген, № 1332

Алматы қаласы әкімдігінің

«Алматы қаласы Кәсіпкерлік,

индустриалды-инновациялық

даму және ауыл шаруашылығы

басқармасы» коммуналдық

мемлекеттік мекемесінің атауын

өзгерту туралы» 2015 жылғы

3 ақпандағы №1/61 қаулысының

құрылымдық элементінің күші

жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласы Кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің атауын өзгерту туралы» 2015 жылғы 3 ақпандағы №1/61 қаулысының 2 тармағының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1122 тіркелген, 2015 жылғы 17 ақпанда «Алматы ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған)күшіжойылды деп танылсын.

2. Алматы қаласы Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасыҚазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Алматы қаласының аумағында таралатын мерзімді баспа басылымдарындаресми жариялануына жолдануын;

3) осы қаулыныңАлматы қаласы әкімдігініңресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3.Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е. Әукеновке жүктелсін.

4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Алматы қаласының әкімі Б. Байбек

 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56