^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жұма, 18 қазан 2019
 
     
 
Баспасөз қызметі / Әкімдіктің нормативті шығармашылық қызметі
Алматы қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 27 сәуірдегі № 2/133 қаулысы Алматы қаласының Әділет Департаментінде 2017 жылдың 10 мамырында тіркелген, № 1373

Алматы қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 27 сәуірдегі № 2/133 қаулысы Алматы қаласының Әділет Департаментінде 2017 жылдың 10 мамырында тіркелген, № 1373

Алматы қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  • Алматы қаласы әкімдігі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

1) «Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» 2014 жылғы 18 желтоқсандағы №4/1045 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1118 болып тіркелген, 2015 жылғы 22 қаңтарда «Алматы ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған);

2) «Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» 2014 жылғы 18 желтоқсандағы №4/1045 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2015 жылғы 10 ақпандағы №1/73 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1146 болып тіркелген, 2015 жылғы 12 наурызда «Алматы ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған).

2. Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен мерзімді баспа басылымдарында, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және Алматы қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ә. Жүнісоваға жүктелсін.

4. Осы «Алматы қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы» қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Алматы қаласының әкімі Б. Байбек

 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56