^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жұма, 18 қазан 2019
 
     
 
Баспасөз қызметі / Әкімдіктің нормативті шығармашылық қызметі
VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму бойынша тұрақты комиссиясы отырысының хаттамасы

VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының  әлеуметтік-мәдени даму бойынша тұрақты комиссиясы отырысының хаттамасы

Алматы қаласы 14 маусым 2017 жыл

VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму бойынша тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысын, комиссия төрайымы Есенова Ханзада Әзімханқызы ашып, жүргізіп отырды.

Қатысқандар:

Депутаттардан: Есенова Х. Ә., Садықов Б. Н., Байрамуков И. И., Ниязова Н. И., Төлепов А. С.

Шақырылғандардан: Ахетов М. Қ., Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасының басшысы

Күн тәртібінде:

  • «Алматы қаласындағы атауы жоқ көшелерге атау беру туралы»

Баяндамашы:

Ахетов Мамай Қаниұлы – Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасының басшысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескерудің» № 138 қаулысымен бекітілген Қағидаларына сәйкес, халықтың пікірін ескеру үшін Тілдерді дамыту басқармасы Алматы қаласындағы атауы жоқ көшелерге атау беру бойынша қажетті материалдарды Алматы қаласы мәслихатының қарауына енгізді.

Тыңдалды: Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасының басшысы, Ахетов М. Қ.:

Алматы қаласының атауы жоқ 5 көшесіне атау беру ұсынылады: Бостандық ауданы, «Алатау» шағын ауданындағы «Квартал А1» атауы жоқ, Наурызбай ауданының «Каменка-3» шағын ауданында: 1-көше, 2-көше, 3-көше, 4-көше жобалық атауы бар көшелерге.

Бостандық ауданы, «Алатау» шағын ауданындағы «Квартал А1» атауы жоқ көшеге «Тарлан» атауын беру ұсынылып отыр.

Наурызбай ауданы, «Каменка-3» шағын ауданында атау беру ұсынылады:

«1-көше» жобалық атауы бар көшеге – «Бақыт» көшесі;

«2-көше» жобалық атауы бар көшеге – «Қыран» көшесі;

«3-көше» жобалық атауы бар көшеге – «Бұланды» көшесі;

«4-көше» жобалық атауы бар көшеге – «Самұрық» көшесі.

ШЕШІМ ЕТТІ:

  • Алматы қаласының келесі көшелеріне атау берумен келісу: Бостандық ауданы, «Алатау» шағын ауданындағы «Квартал А1» атауы жоқ атауы жоқ көшеге – «Тарлан» көшесі, Наурызбай ауданы, «Каменка-3» шағын ауданындағы «1-көше» жобалық атауы бар көшеге – «Бақыт» көшесі, «2-көше» жобалық атауы бар көшеге – «Қыран» көшесі, «3-көше» жобалық атауы бар көшеге – «Бұланды» көшесі, «4-көше» жобалық атауы бар көшеге – «Самұрық» көшесі.
  • Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасы (Ахетов М. Қ.) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескерудің» № 138 қаулысымен бекітілген Қағидаларына сәйкес, жеті жұмыс күнінің ішінде Алматы қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму бойынша тұрақты депутаттық комиссиясының хаттамасын Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін, сондай-ақ тиісті ономастика комиссияларының қарауына енгізсін.

Дауыс берді: бірауыздан

Әлеуметтік-мәдени даму бойынша

тұрақты депутаттық комиссияның

төрағасы Х. Есенова

Хатшы Ә. Сейітмұстафа

 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56