^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Бейсенбі, 24 қазан 2019
 
     
 
Баспасөз қызметі / Әкімдіктің нормативті шығармашылық қызметі
Алматы қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 18 сәуірдегі № 2/121 қаулысы Алматы қаласының Әділет Департаментінде 2017 жылдың 16 мамырында тіркелген, № 1374

Алматы қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 18 сәуірдегі № 2/121 қаулысы Алматы қаласының Әділет Департаментінде 2017 жылдың 16 мамырында тіркелген, № 1374

 

Алматы қаласының мектепке дейінгі

ұйымдарындағы 2017 жылға арналған

мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға

мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, жан

басына шаққандағы қаржыландыру және

ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекiту туралы

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi «Бiлiм туралы» Заңының 6 бабы 3 тармағының 7-1) тармақшасына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Алматы қаласының мектепке дейінгі ұйымдарындағы 2017 жылға арналған мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.

2. Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмгерлерi тиiстi бiлiм беру ұйымдарының ағымдағы шығындарын өтеудi 2017 жылға арналған бекiтiлген қаржыландыру жоспарлары шегiнде жүзеге асырсын.

3. Алматы қаласы әкімдігінің « Алматы қаласының мектепке дейінгі ұйымдарындағы мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекiту туралы» 2016 жылғы 4 ақпандағы № 1/42 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1255 болып тіркелген, 2016 жылғы 5 наурызда «Вечерний Алматы»,«Алматы ақшамы» газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

4. Алматы қаласы Білім басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен мерзімді баспа басылымдарында және Алматы қаласы әкімдігінің интернет ресурсында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

5. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары А. Қырықбаевқа жүктелсін.

6. Осы « Алматы қаласының мектепке дейінгі ұйымдарындағы 2017 жылға арналған мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекiту туралы» қаулысы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі

Алматы қаласының әкімі Б. Байбек

 

 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56