^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сейсенбі, 10 желтоқсан 2019
 
     
 
Баспасөз қызметі / Әкімдіктің нормативті шығармашылық қызметі
Алматы қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 20 қазандағы № 4/423 қаулысы Алматы қаласының Әділет Департаментінде 2017 жылдың 3 қарашасында тіркелген, № 1420

Алматы қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 20 қазандағы № 4/423 қаулысы Алматы қаласының Әділет Департаментінде 2017 жылдың 3 қарашасында тіркелген, № 1420

Алматы қаласыны ң қалалық

рельсті көлі гімен жолаушылар

тасымал дауды субсидиялау

қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Заңының 9 бабына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.  Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Алматы қаласы ның қалалық рельсті көлігімен жолаушылар тасымал дауды субсидиялау қағидалары бекітілсін.

2.  Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласының метрополитенімен және жеңіл рельсті көлігімен жолаушылар тасымалын субсидиялау қағидаларын айқындау туралы» 2016 жылғы 1 сәуірдегі № 2/118 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1283 болып тіркелген, 2016 жылғы 7 мамырда «Алматы ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

3.  Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен мерзімді баспа басылымдарында, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және Алматы қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

4.  Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары М. Дәрібаевқа жүктелсін.

5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Алматы қаласының әкімі Б. Байбек
Алматы қаласы әкімдігінің

2017 жылғы « 20» қазандағы № 4/423

қаулысына қосымша

 

 

Алматы қаласының қалалық рельсті көлігімен жолаушылар

тасымалдауды субсидиялау қағидалары

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Қағидалар Алматы қаласының қалалық рельсті көлігімен жолаушылар тасымалдауды субсидиялау тәртібін айқындайды (бұдан әрі – Қағидалар).

2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) қалалық рельсті көлік – қала шекарасындағы және қала маңы аймағындағы жолдармен жолаушыларды тасымалдауға арналған көлік түрі (метрополитен, трамвай, жеңіл рельсті, монорельсті көлік);

2) метрополитен – жолаушыларды және жүкті көліктің басқа түрлерінің желілерінен және олардан жаяу жүргіншілердің өтуін оқшаулайтын (бөлінген, бір деңгейлі қиылысы жоқ) жолдар бойынша ұдайы әлеуметтік мәні бар тасымалдауды жүзеге асыратын, қалалық рельсті көліктің түрі;

3) жеңіл рельсті көлік – жеке бөлінген жолдар бойынша жолаушыларды және багажды тұрақты әлеуметтік маңызы бар тасымалдауды жүзеге асыратын және метрополитен мен темір жолға қарағанда габариттерінің, жүк көтергіштігінің және қатынас жылдамдығының аздығымен сипатталатын қалалық рельсті көлік түрі;

4) бағдар – көлік құралының бастапқы және соңғы пункті арасындағы жүру жолы;

5) тасымалдаушы – ақыға немесе жалданып жолаушыларды, багажды, жүктердi және пошта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау жөнiнде қызметтер көрсететiн және осыған белгiленген тәртiппен берiлген тиісті рұқсаты бар, меншiк құқығымен немесе өзге де заңды негiздерде көлiк құралын иеленушi жеке немесе заңды тұлға;

6) жолаушы – жол жүру құжаты (билеті) бар және метрополитенде немесе жеңіл рельсті көлікте жүретін жеке тұлға;

7) тасымалдаушының есептік тарифі – бір жолаушыны тасымалдаудың өзіндік құны;

8) жергілікті уәкілетті орган – Алматы қаласының жолаушылар көлігі саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган.

Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген.

3. Субсидиялауға тасымалдаушының қалалық рельсті көлікпен жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты залалдары жатады. 

4. Қалалық рельсті көлікпен жолаушыларды тасымалдауды субсидиялау жергілікті бюджеттен жүргізіледі.

 

2. Қалалық рельсті көлікпен жолаушылар

тасымалдауды субсидиялау тәртібі

 

5. Жергілікті уәкілетті орган мен жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушы арасындағы залалдарды субсидиялау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қалалық рельсті көлікпен жолаушыларды тасымалдауға шарт жасалады.

6. Жергілікті уәкiлетті орган ұсынылған құжаттардың дұрыстығын тексереді, тасымалдаушының залалын субсидиялау сомасын анықтайды.

7. Жергілікті уәкiлетті орган тасымалдаушының ағымдағы шотына тиесілі соманы аудару үшін төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарына және бюджеттік бағдарламаға сәйкес аумақтық қазынашылық бөлімшесіне екі данада төлем шоттарының тізілімін ұсынады.

8. Тасымалдаушы тасымалдаушының есептік тарифін қалыптастыру кезінде ескерілетін кірістер мен шығыстардың бөлек есебін жүргізеді. Тасымалдаушының шығындарын субсидиялауға жіберілетін соманың көлемін айқындау келесі көрсеткіштердің негізінде жүргізіледі:

1) жолаушылар тасымалын орындауға кірістер;

2) жолаушылар тасымалын орындауға кететін шығыстар.

9. Жолаушылар тасымалының шығыстарына мыналар кіреді:

1) жұмыскерлердің еңбекақы қоры;

2) салықтар және бюджетке төленетін басқа да мiндеттi төлемдер;

3) электр қуатына жұмсалатын шығындар;

4) жанар-жағар май материалдарына және өндірістік циклде тұрған техникаға жұмсалатын шығындар;

5) электр жылжымалы құрамның қосалқы бөлшектеріне жұмсалатын пайдалану шығындары;

6) жылжымалы құрамға , автокөлік және қосалқы техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүргізуге жұмсалатын шығындар;

7) пошта-телеграф шығыстары, телефон станцияларын, диспетчерлік, радио, бейне және байланыстың басқа түрлерінің қондырғыларын күтіп-ұстау және пайдалану шығыстары;

8) есептеу техникасын күтіп-ұстау және пайдалану шығыстары;

9) баспахана жұмыстарына шығыстар;

10)  қалалық рельсті көлі к ғимараттарын, құрылыстары мен үй-жайларын күтіп-ұстаушығыстары, сондай-ақ жерге ақы төлеуге байланысты шығыстар ,;

11) аудиторлық қызметтер ге, бағалау-сараптамалық қызметтер;

12) банк қызметі не ақы төлеу;

13) әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметін ұстау бойынша шығыстар;

14) міндетті сақтандыру бойынша төлемдер;

15) кадрларды даярлау;

16) еңбекті қорғау шығыстары;

17) тауар-материалдық қорларды сатып алуға арналған шығыстар.

10. Жылдың соңғы күнтізбелік айына бюджеттік субсидиялар төлеу 20 желтоқсаннан кешіктірілмей нақты деректер бойынша жасалған есепті кейіннен беру арқылы болжамды деректер бойынша келесі айдың 20 -на дейін кешіктірілмей жасалып, ұсынылған тасымалдау жөніндегі есеп негізінде жүзеге асырылады. Мәлімделген болжамды деректер нақты деректерден асқан жағдайда айырмасы тиісті бюджетке қайтарылутиіс.

 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56