^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сенбі, 14 желтоқсан 2019
 
     
 
Баспасөз қызметі / Әкімдіктің нормативті шығармашылық қызметі
Алматы қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 23 қазандағы № 4/432 қаулысы Алматы қаласының Әділет Департаментінде 2017 жылдың 7 қарашасында тіркелген, № 1421

Алматы қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 23 қазандағы № 4/432 қаулысы Алматы қаласының Әділет Департаментінде 2017 жылдың 7 қарашасында тіркелген, № 1421

Мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін үкіметтік емес ұйымдар құратын әлеуметтік жұмыс орындарының жалақысын субсидиялау мөлшерін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңдарынажәне Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы №919 «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту және «Үкіметтік бағдарламалардың тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1136 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» қаулысына сәйкес, Алматы қаласының
әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  • Мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін үкіметтік емес ұйымдар құратын әлеуметтік жұмыс орындарының жалақысын субсидиялаудың келесі мөлшерлері белгіленсін:

65 000 теңгеге дейін - жалақының белгіленген мөлшерінен 35% мөлшерінде, бірақ айына ең төменгі жалақы мөлшерінен аспауы тиіс;

65001 теңгеден жоғары - жалақының белгіленген мөлшерінен 80% мөлшерінде, бірақ айына екі ең төменгі жалақы мөлшерінен аспауы тиіс.

2. Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен ресми мерзімді басылымдарда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және Алматы қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары М. Дәрібаевқа жүктелсін.

4. Алматы қаласы әкімдігінің осы «Мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін үкіметтік емес ұйымдар құратын әлеуметтік жұмыс орындарының жалақысын субсидиялау мөлшерін белгілеу туралы» қаулысы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Алматы қаласының әкімі Б. Байбек

 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56