^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жұма, 22 наурыз 2019
 
     
 
Əкімшілік / Əкімдік құрылымы / Әкімнiң орынбасарлары / Дәрібаев Мұрат Амангелдіұлы
Әкімнiң орынбасары
   
 
Аукенов
Ерлан Муратович
Әкімнің орынбасары
 
Қабылдау күндері мен сағаты: Дүйсенбі 14.30 каб 549
 
 
     
   
 
:
+7 (727) 271-65-73
 
 
     

Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, қаланың азаматтық қорғанысы, жолаушылар мен жүкті автомобиль көлігімен, таксимен жолаушылар тасымалын ұйымдастыру, Алматы қаласындағы метрополитеннің қызмет ететін желілерін пайдалану, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қылмыстың алдын алу, оның ішінде әкімдіктердің жанынан арнайы құрылған ведомствоаралық комиссиялар арқылы құқық бұзушылықтар профилактикасы субъектілерінің өзара іс-қиымылын ұйымдастыру, еңбек және жұмыспен қамту, сонымен қатар метро құрылысы мәселелерін үйлестіреді.

Көлік, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, қоғамдық тәртіпті және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, заңнаманың, адам мен азаматтың құқықтары, бостандықтарының сақталуын қамтамасыз ету, әділеттікті жүзеге асыру, халықаралық ынтымақтастық саласындағы орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерімен және өзге де ұйымдармен келісілген түрде қызмет етуді және өзара іс-қимыл жасауды қамтамасыз етеді.

Мыналардың қызметіне басшылық етеді:

1. Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы.

2. Алматы қаласы Мемлекеттік еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасы.

3. Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы.

Мыналардың қызметіне жетекшілік етеді:

1. Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Алматы қаласының құтқару қызметі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.

2. Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Метрополитен» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

3. «Көлік холдингі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

4. «Алматыэлектркөлігі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

5. «Алматы қаласының Жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

7. «Алматы қалалық әлеуметтік бейімдеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

8. «Алматыметроқұрылыс» акционерлік қоғамы.

Мыналардың жұмысын ұйымдастырады:

1. Алматы қаласы әкімдігі жанындағы Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі ведомствоаралық комиссия.

2. Қалалық эвакуациялық комиссия.

3. Әскерге шақыру комиссиясы.

4. Дағдарысқа қарсы штаб.

5. Алматы қаласы бойынша залалды әлеуметтік маңызы бар маршруттарды субсидиялау жөніндегі комиссия;

6. Алматы қаласы әкімдігінің тұрақты қалалық, қала маңындағы, қалааралық және облысаралық жолаушыларды және багажды автомобильмен тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына конкурстарды өткізу жөніндегі конкурстық комиссия;

7. Алматы қаласы әкімдігінің Алматы қаласының автовокзалдарының, автостанциялардың және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің тізіліміне енгізуге арналған комиссиясы.

8. Алматы қаласының тұрақ инфрақұрлымын дамыту жөніндегі жұмыс тобы.

9. Балаларға «Үміт» үйі мен «Жастар үйіне» жолдама беру жөніндегі комиссия.

10. Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы қылмыстық жазаны және басқа да қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындаушы, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмек ұйымдастыру жөніндегі мекемелердің қызметіне ықпал ету жөніндегі консультативтік-кеңесші орган.

11. Алматы қаласының әкімдігі жанындағы пациенттердің құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық кеңес.

12. Алматы қаласының әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссия.

13. «Жалғызілікті зейнеткерлерге, мүгедектерге, зейнеткерлік жастағы жалғызбасты жұбайлық және отбасылық жұптарға арналған әлеуметтік тұрғын үй дирекциясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне азаматтарды қоныстандыру жөніндегі комиссия.

14. Алматы қаласының әкімдігі жанындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесі.

15. Өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамдардың (отбасыларының) өтініштерін қарау жөніндегі арнайы комиссия.

16. Алматы қаласының халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өңірлік комиссиясы.

17. Алматы қаласына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру жөніндегі комиссия.

 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2018 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13