^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сәрсенбі, 16 қаңтар 2019
 
     
 
Әлеуметтік сала / Экономика / Өндiрiс және сауда / Бизнестің жол картасы 2020

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа Жолдауын жүзеге асыру мақсатында «Бизнестің Жол картасы-2020» (әрі қарай Бағдарлама) бағдарламасы өмірге келіп, еліміздің 2020 жылға дейінгі Стратегиялық жоспарын айқындап берді. Бағдарлама Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылға дейінгі индустриалды- инновациялық дамуының Мемлекеттік бағыты болып табылады.

Бағдарламаның мақсаты - экономиканың шикізатсыз секторында өңірлік кәсіпкерлікті тұрақтандыру, жаңа жұмыс орындарын қалыптастыру, ашу.

«Бизнестің Жол картасы- 2020» бағдарламасын жүзеге асыруға қатысты 254 жоба қаралды, олардың жалпы құны 72 млрд. 091 млн. теңге, оның 200 жобасы бойынша үш жақты келісімшарт жасалды, олардың жалпы құны 48 млрд. 740 млн.теңге. Мемлекеттік қолдаудың жалпы құны (субсидия) 2010 жылы 4 млрд. 569 млн. теңге болды. Нәтижесінде жаңадан 7 мың жұмыс орны ашылып бұрыннан бар 17 мың жұмыс орны сақталып қалынды. Жүзеге асқан бағдарламалардан түскен салық көлемі - 7 млрд. 697 млн. теңге.

Жобаларды субсидирлеу құрылымында өнеркәсіпте басымдылық бар – 35%, транспорт пен қойма секторы – 26%, денсаулық сақтау секторының жобалары - 13%, мәдениет – 7%, қоныстану мен тамақтану – 5%, білім – 4%, ақпарат және байланыс – 2%.


 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2018 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13