^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сәрсенбі, 16 қаңтар 2019
 
     
 

Алматы қаласындағы төлем карточкалары және банктің электрондық қызметі бойынша ақпарат

Дүние жүзіндегі дамыған елдерде ұсақ сауда-саттықта төлемдер қолма-қолсыз есеп айырысу жолымен жүргізіледі, төлем карточкалары арқылы. Казахстанның электрондық банктік қызметтер нарығы да дүние жүзілік дамудың тәжіребиесін есепке алып жұмыс атқаруда, яғни төлем карточкалар, Интернет-банкинг, төлем терминалдары және өзге де клиенттердің қашықтықтан қызмет көрсетуінің әдістері арқылы.

Алматы қаласында, Республиканың ірі қаржылық және сауда орталығында, қазіргі уақытта бұл жерде банкоматардың және POS-терминалдармен жасақталған сауда ұйымдарының негізгі сыбағасы жиналған, сондықтан қолма-қолсыз есеп айырысуды енгізу сұрағына біраз көңіл бөлінеді. 2014 жылдың 1 мамырына сәйкес төлем карточкаларын шығаруды 25 банк және "КазПочта" АҚ жүзеге асырады.

Соңғы 5 жылдың ішінде Алматы қаласындағы төлем карточкалар нарығының дамуының жалпы жағдайын төмендегі кестеде көре аласыз.

Показатели

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2013 ж. 2010 ж. сәйкес %

2014 ж. 1 мамырына сәйкес

Айналымдағы төлем карточкалардың саны, мың бірлік

1993,6

2529,5

4075,7

7360,0

3,7 р етке

6911,6

Карточка ұстаушылардың саны, мың адам

1727,4

2291,6

3643,4

5911,4

3,4 р етке

5710,1

POS-терминалдар саны, дана

8433

9715

10662

14577

172,9

16821

Банкоматтар саны, дана

1490

1549

1625

1788

120

1749

Сауда ұйымдарының саны, төлемді карточкамен жүргізетін, бірлік

3 422

3950

4654

7350

2,1 ретке

9499

Қолма-қолсыз төлемдер:

 

 

 

 

 

 

- саны (мың транс)

10043,3

10667

7484,3

18298,9

182,2

7312,9

- сомма (млн. теңге)

106104,3

168139,4

140299,6

286003,8

2,7 р етке

100235,8

Қолма-қол ақша алу операциялары:

 

 

 

 

 

 

- саны (мың. транс)

22002,3

22957,6

16108,7

28702,9

130,5

9797,1

- сомма (млн. теңге)

687536,1

787278,8

628090

1151914,5

167,5

434049,7

Кестеден байқағандай, Алматыда төлем карточкалар нарығының көлемі 2010 жылдан кәдімгідей өсті.

Сөйтіп, 2013 жылы төлем карточканың саны 2010 жылмен салыстырғанда 3,7 ретке, карточка ұстаушыларының саны 3,4 реттке өсті. Сонымен бірге Алматы қаласының халқының саны 1434,7 мың адамнан 1507,7 мың адамға дейін немесе 5,1% өсті. Нәтиже бойынша Алматының бір тұрғынына 5 төлем карточкадан келеді.

Төлемді карточкамен жүргізетін сауда ұйымдарының саны 2,1 ретке өсті және 7350 құрды, POS-терминалдар саны 72,9%, банкоматтар саны 20% өсті.

Қолма-қолсыз төлемдердің жалпы саны 82,2% көбейді - 10043,3 мың транзакциядан 18298,9 мың транзакцияға дейін, қолданған құралдардың соммасы - 2,7 реттен 286 млрд. теңгеге дейін. Сонымен бірге қолма-қол ақша алу операциялары бойынша транзакциялар сомма бойынша 30,5% және 67,5% өсті.

Кестедегі деректерден көрініп тұрғандай ең қатты өсу 2013 жылы болды. Нарықтың дамуына түрткі болып 2013 жылдың 3 қаңтарында Қазақстан Республикасының үкіметінің «Қазақстан Республикасыңың аумағында жүзеге асыру кезінде дара кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалар өз қызметін жүзеге асыратын жерлерде төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді қабылдауға арналған жабдық (қондырғы) орнатуды қамтамасыз етуге, сондай-ақ төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді қабылдауға міндетті жекелеген қызмет түрлерін бекіту туралы» № 1743 қарары болды.

Қазіргі таңда қажетті жабдықтың қондырғысын қамтамассыз етудің бірнеше әдіс-айласы бар. Бұл банкпен келісім шартқа отыру және POS-терминалды орнату, әлде смартфон арқылы пайдалануға болатын мобильді терминалды сатып алу. Ол мини-терминалдар, олар Andriod және iOS тұғырнамаларыныдағы смартфондармен жұмыс жасай алады. Сонда коммерсантқа өзінде мобильді байланысы бар смартфон, мини-терминал және оның жұмыстеуі үшін арнаулы қосымшаның болуы баршылық.

Қазақстандықтарға POS-терминалды заңды түрде қолдануға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Төлем карточкаларын шығару және пайдалану нұсқаулығын бекiту туралы» 2000 жылғы 24 тамыздағы № 331 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 27 тамыздағы №232 қаулысы болып келеді.

Қазіргі уақытта мобильді терминалдарды қондыруды «Халық Банкі» АҚ және «Казкоммерцбанкі» АҚ ұсынып жатыр.

Сонымен қатар кәсіпкер өзі POS-терминал сатып алып және банкпен оған қызмет көрсетуіне келісім шартқа отыра алады. Бұндай жағдайда кәсіпкер POS-терминалдарды сататын компаниядан оны сатып алып, кейін банкіге оған қызмет көрсетуіне келісім шартқа отырады.

Белгілеп отейік, 2014 жылдың 10 мамырында №206-V «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңы қабылданды. Бұл заңда «Ақша төлемi мен аударымы туралы» өзгертулер енгізілген болатын. Осы өзгертулер бойынша дара кәсіпкерлер мен заңды тұлгалардың POS-терминалдарды мідетті түрде орнатудың мерзімі ұзартылды. Сонымен бірге өзгерістер сауда операциялары, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету кезінде қолма-қол ақшаны пайдаланбай ақшалай есеп айырысуды жүзеге асыратын дара кәсіпкерлерге және (немесе) заңды тұлғаларға POS-терминалдарды орнату туралы міндеттемелер қолданылмайды.

Сөйтіп, 2016 жылы Қазақстанның сауда жүйесі дүние жүзіндегі барлық дамушы елдерде сияқты төлем карточкаларының жаппай қабыл алуына мүмкіндік береді, бұл айтылмыш үдерістің барлық қатысушыларына жағымды әсерін тигізеді. Сауда (қызмет көрсету) ұйымдар үшін төлем карточкалары арқылы қолма-қолсыз төлемдерінің мүмкіндігін қолдану және жүзеге асыру – бұл айланыстың, сатып алушылардың санының өсуі, қолма-қол ақшаны өңдеуге және тасмалдауға, сақтауға арналған шығынның төмендеуі, барлық төлем операцияларын бақылауға және сапасының есептігін жақсартуы болып табылады. Мемлекет пайданы халықты қолма-қол ақшамен қамсыздандыруына кеткен шығынның төмендеунен және салық төлемдерінің көтерілунен алады.

Сонымен бірге ең көп пайданы төлем карточканың иесі алады. Басты артықшылық банктік карточканың жайлылығында – пайдалануының әмбебабында.

Картаны жоғалту. Картаны жағалту немесе ұрлану жағдайында, иесі банктің процессинг орталығына бір қоңыраумен ақ картамен операцияларды шектейді. Картаны тапқан немесе ұрлап алған онымен шектеу қойғаннан кейін пайдалана алмайды. Ал иесіне оның картасы шектеу қойғанға дейінгі барлық соманың сақталуымен қайта шығарылады.

Кеденмен проблеманың болмауы. Көп елдің заңнамасында ақшалай қаражаттардың әкеліміне/әкетіліміне қатал бақылау салады немесе шектейді. Банктік карталарға болса кедендік есепке алынбайды, сәйкесінше оның көмегімен кез келген сомаларды өткізуге болады.

Төлемдердің георафиясы. Халықаралық төлем жүйенің банктік карталарымен тауарларды және қызметтерді әлемнің көптеген елдерінде төлеуге мүмкіндік береді, сонымен қатар интернет арқылы да.

Төлемдердің жылдамдығы. Әлемнің көрінген нүктесінде тауарларды және қызметтерді төлеу немесе қолма-қол ақшаны алу банкомат немесе сауда терминалдары арқылы айтарлықтай тез болып жатады.

Шотты толтыру. Банктік картаның иесі өзінің есепшотын тез толықтырыра алады, басқа қалада немесе тіпті басқа елде боласа да.

Ұсақ ақша керек жоқ. Ұсақ ақшалардың (айрықша тиындардың) болу қажеттілігі керек жоқ. Бұл картаның ұстаушысы және сауда нүктесі үшін де тиімді.

Банктің бонустық бағдарламалары. POS-терминал жүйесінің инфрақұрылымының жақсаруымен халыққа банктің карточка өнімдерінің түрлі бонустың бағдарламалары қол жетерлік болды. Тауарды және қызметтерді төлеу кезінде төлем карталарын белсенді қолдану шығындауға жұмсаған қаражаттырды үнемдеуге немесе бонустарды жинауға мүмкіндік береді, кейін оларды керекті тауарларды немесе қызметтерді алуға жұсмауға болады. Бұндай мүмкіндік әуелі студенттерге, зейнеткерлерге және табыс деңгейі төмен адамдарға ыңғайлы.

Ақпаратты дайындаған ҚР Ұлттық Банкі Алматы қалалық филалының экономикалық талдау және статистика бөлімінің бастығы – Мухамедьянов О.Д.


 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2018 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13