^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жексенбі, 15 қыркүйек 2019
 
     
 
Әлеуметтік сала / Экономика / Қаланың әлеуметтік - экономикалық дамуы
Алматы қаласының 2012 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

Алматы қаласының 2012 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

Өнеркәсіп. Өнеркәсіп өнімдері 521,5 млрд. теңгеге өндірілді, ол 2011 жылмен салыстырғанда 3,3%-ға өсті.

Электр энергиясын, газды және ауаны концициялауды өндіру және таратудың үлес салмағы шамамен 16,5%-ды құрды, 85,9 млрд. теңге өнім өндірілді, нақты көлем индексі 101,6%.

Осыған сәйкес өңдеу өнеркәсібі – 80,1%, 418,0 млрд. теңге және 103,4%.

Шағын және орта кәсіпкерлік . Шағын және орта бизнес субъектілері 1936,9 млрд. теңге шамасындағы сомаға өнімдер (жұмыстар, қызметтер) шығарды, ол 2011 жылмен салыстырғанда 0,7 %-ға өсті.

Жұмыспен қамтылғандардың саны 4,1 %-ға өсті, 364,8 мың адамды құрады.

Шағын және орта кәсіпкерліктің 88,4 мың белсенді субъектілері тіркелді, ол 2011 жылмен салыстырғанда 8,5 %-ға өсті.

ОШК несиелеу 2011 жылмен салыстырғанда 14,7%-ға өсті және 363,8 млрд. теңгені құрды.

Әкімшілік кедергілерді жою бойынша тетіктер жұмыс жасауда және өнімді сертификаттаудың халықаралық жүйесі енгізілуде.

Негізгі капиталға салынатын инвестиция көлемі 6,1%-ға өсті және 457,6 млрд. теңгені құрды, оның ішінде мемлекеттік бюджет қаражаты –118,7 млрд. теңге, кәсіпорынның өз қаражаты – 239,0 млрд. теңге, шет елдік – 2,0 млрд. теңге, қарызға алынған – 97,8 млрд. теңге.

2011 жылы құрылыс жұмыстарының (қызметтердің) көлемі 231,9 млрд. теңгені құрды және 2011 жылмен салыстырғанда 7,1 %-ға өсті.

Өсім көлік жол айрықтарының, метрополитеннің екінші кезегінің, тұрғын үй құрылысының белсенді құрылысы, білім беру мен денсаулық сақтау нысандарының құрылысы және сейсмикалық күшейту есебінен қамтамасыз етіледі.

Тұрғын үй құрылысы көлемінде тұрақты өсу үрдісін айта кету керек. 2012 жылы 786,3 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылды, ол 2011 жылмен салыстырғанда 1,5%-ға артық.

Банк секторындағы жағдай біршама тұрақты көрінуде. 2012 жылы 3858,3 млрд. теңге сомаға несие берілді, ол 2011 жылмен салыстырғанда 23,0%-ға өсті.

Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаментінің мәліметтері бойынша сыртқы сауда айналымы (Кедендік Одақ елдерін қоспағанда) 2012 жылы 17865,4 млн. АҚШ долларын құрды және 2011 жылмен салыстырғанда 14,7%-ға өсті, оның ішінде импорт- 23,6 %-ға (12409,3 млн. АҚШ долларын) құрды. Экспорт 1,4 %-ға төмендеді және 5456,1 млн. АҚШ долларын құрды.

Бөлшек тауар айналымының көлемі 6,7 %-ға өсті және 1268,6 млрд. теңгені құрды. Көтерме тауар айналымы 16,7 %-ға көбейді және 5214,1 млрд. теңгені құрды.

Тұтыну бағасының индексі 2012 жылдың желтоқсаны 2011 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 106,1% деңгейінде қалыптасты. Азық-түлік тауарлары бағасының индексі 104,2%-ды, азық-түлік емес тауарлар – 102,9%-ды, ақылы қызметтер – 112,1% құрды.

Азық-түлік тауарлары тобы бойынша жылдың басынан бастап келесі тауарларға бағаның ең көп өсуі байқалады: өнімді жеткізушілердің босату бағасын көбейтулері салдарынан шошқа еті (16,4%), қой еті (10,2%), күріш (11,7%), шай (9,9%); маусымдық сипатына байланысты жеміс-жидектер (6,6%); акциздердің өсуінен алкогольдік ішімдіктер (3,5%), темекі өнімдері (11,0%).

Азық-түлік емес тауарлар тобында жеке тазалық тауарларына (4,5%), маталарға – 3,7% бағаның ең көп өсуі байқалады.

Ақылы қызметтер бойынша ыстық суға 27,7%-ға, жылу-9,2 %-ға және көлік қызметтеріне 28,8%-ға бағалар көтерілді.

Салықтар және бюджет . Мемлекеттік бюджетке 1212,2 млрд. теңге салықтар және басқа да міндетті төлемдер түсті немесе болжамға 114,7%, оның ішінде республикалық бюджетке 843,4 млрд. теңге (101,0%), жергілікті бюджетке – 231,3 млрд. теңге (105,0%) түсті.

2012 жылы Алматы қаласының қолындағы нақты бюджеті 305,7 млрд. теңгені құрды, оның ішінде жергілікті бюджет кірісі – 187,3 млрд. теңге, республикалық бюджет трансферттері – 118,4 млрд. теңге.

ҮИИДМБ және Индустриализациялау картасы шеңберінде қалада жалпы сомасы 540,4 млрд. теңгеге 31 индустриалдық-инновациялық жобалар, оның ішінде 226,7 млрд.теңгеге 18 жоба іске асырылуда.

2012 жылы жалпы соммасы 2,4 млрд. теңге 5 жоба іске асырылды, оның ішінде 2 жоба бойынша «Бизнестің жол картасы- 2020» бағдарламасы бойынша қаржыландырды:

2013 жылы жалпы сомасы 18,4 млрд. теңге 4 жаңа жоба іске қосу жоспарлануда.

Бизнестің жол картасы 2020 шеңберінде Алматы қаласының Аймақтық үйлестіру кеңесімен 2013 жылдың 1 қаңтардағы жағдай бойынша 122 жоба мақұлданды, олардың:

113 жобаның пайыздық мөлшерлемесін субсидиялауға сомасы 43,1 млрд. теңге, субсидиялаудың жалпы сомасы 10,4 млрд. теңгені құрайды, оның ішінде 4 жобаға жалпы сомасы 196,4 млн. теңге кепілдеме бойынша.

Инфрақұрылымды (индустриалдық) дамыту үшін 9 жобаға жалпы сомасы 1,6 млрд. теңге.

Құрылатын жұмыс орындарының саны -7483.

Денсаулық сақтау. 2012 жылы денсаулық сақтау саласын дамытуға 38,3 млрд. теңге бөлінді.

Ағымдағы жылы «Ұлжан» шағынауданы мен Түрксіб ауданында екі емхана, Бостандық ауданындағы № 12 емханаға және «Дружба» шағынауданындағы №15 емханаға қосымша құрылыс, диагностикалық орталыққа қосымша корпус құрылыстары іске қосылды.

«Алтай» шағынауданындағы ЖДА және «Дархан» шағынауданында емхананың құрылысы жалғасуда.

8 денсаулық сақтау нысандарына сейсмокүшейтілген күрделі жөндеу жүргізіледі.

Білім беру . Білім беру саласын дамытуға 77,2 млрд. теңге бөлінді.

2012 жылы 9 балабақша және 6 мектеп салынды, 22 мемлекеттік емес балабақшасы ашылды.

4 жалпы білім беретін мектеп құрылысы мен Қазақстан Республикасы Бірінші Президентінің 2 интеллектулдық мектебінің құрылысы жалғасуда.

Сейсмокүшейту бойынша білім беру саласының 18 нысандарында жұмыстар аяқталды.

Экономикалық өсу өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. 2012 жылғы қарашада бір қызметкердің орташа еңбек ақысы 132972 мың теңге болды.

Халықтың тұрмыс деңгейі. Тіркелген жұмыссыздардың деңгейі 0,1%-ды құрап, 2011 жылдың көрсеткішінен 0,3 пайыздық тармаққа төмен.

Жыл басынан бері қалалық жұмыспен қамту орындарына 6693 адам жүгінді, ол 2011 жылмен салыстырғанда 1312 адамға (16,4 %) төмен.

Тұрақты жұмыс орындарына 2519 адам, қоғамдық жұмысқа 3496 жұмыссыздар, әлеуметтік жұмыс орындарына 539 адам, қайта даярлау және біліктілікті жетілдіру курстарына 1223 адам жіберілді.

2013 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 1073 жұмыссыздар тіркелді, 2011 жылмен салыстырғанда 31,2%-ға төмен.

2013 жылдың 1 қаңтарына жалпы соммасы 63,5 млн.теңге құрайтын 609 жанұяға аталған әлеуметтік көмек төленді. АӘК-нің орташа мөлшері 2803 теңгені құрады.

Тұрғын үй көмегі 55,0 млн. теңге сомасында 3287 алушыларға төленді.

 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56