^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сейсенбі, 17 қыркүйек 2019
 
     
 
Әлеуметтік сала / Экономика / Қаланың әлеуметтік - экономикалық дамуы
Алматы қаласының 2015 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары

Өнеркәсіп өнімдерінің өндіріс көлемі 646,3 млрд. теңгені құрады. Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда жеке көлем индексі 100,2% деңгейінде.

Негізгі капиталға жалпы инвестициялар 532,7 млрд. теңгені құрады, 2014 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,3 % өскен.

Экономика саласының оң динамикасы несиелеу көлемінің өсуімен қолдау тапты. 2015 жылы екінші деңгейдегі банктер сомасы 6 трлн. 203,0 млрд. теңге несиелер берілген, 2014 жылмен салыстырғанда 6,5% өсті.

2015 жылғы депозиттер көлемі 53,7% өскен және 4 трлн. 597,7 млрд. теңгені құрады.

Құрылыс жұмыстарының көлемі (қызметтер) 277,0 млрд. теңгені немесе 2014 жылмен салыстырғанда 101,1% құрады.

Жыл басынан бері 1 млн. 373,7 мың шаршы метр тұрғын үйлер пайдалануға берілді және 2014 жылмен салыстырғанда 3,2% өсті.

Сауда саласында динамика сақталуда.

Бөлшек сауда айналымының көлемі 1,9 % өсті;

Көтерме сауда айналымының өсуі 3,8 % құрады.

Жолаушылар айналымы 4% өсті.

Байланыс қызметтерінен түскен түсім 3,8% өсіп 398,0 млрд. теңгені құрады.

2015 жылдың желтоқсан айындағы тұтыну бағаларының индексі 2014 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 114,8% құрады (ҚР бойынша 113,6%). Оның ішінде: азық-түлік өнімдері бойынша - 112,7 %; азық-түлік емес - 124,3%; ақылы қызметтер - 108,1 %. Құнсыздануды тұрақтандыру мақсатында тұрақты негізде жәрмеңкелер, бағалардың мониторингі өткізіліп, негізгі әлеуметтік мәні бар тауарлардың ұсыныстарын арттыру және бәсекелестікті кеңейту бойынша жұмыстар жүргізілуде. 2015 жылы орташа айлық еңбек ақы - 158 218 теңгені құрады; жан басына шаққандағы табыс – 119 198 теңге; жұмыссыздық деңгейі - 5,1%. 2015 жылдың басынан бері қаланың жұмыспен қамту қызметіне 18 669 адам өтініш білдірді, олардың ішінен 16 398 адам жұмысқа орналастырылды (87,8%). Жалпы, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру есебінен, сондай-ақ жұмыспен қамтуды қолдау шаралары арқылы, 2015 жылдың басынан бері 20 000 жұмыс орындардың жоспарын ескере отырып 21 808 жұмыс орындар құрылды. Күтілетін өмір сүру ұзақтығы 74,7 жыл құрайды. Туылғандардың саны 30 мың адамнан асты. Азаматтардың жалпы өлім-жітімі 2%, 1000 тұрғынға шаққанда 6,54 -ге дейін төмендеді, бұл орташа республикалық деңгейінің көрсеткішінен 4% төмен болып табылады. 2015 жылы Шоғырландырылған бюджетке 1 трлн. 363,1 млрд. теңге салықтар және басқа да міндетті төлемдер түсті. 2015 жылы Алматы қаласының нақты көзделген бюджеті 446,5 млрд. теңгені құрады, оның ішінде: жергілікті бюджеттің шығындары - 276,1 млрд. теңге;

республикалық бюджеттен трансферттер мен несиелер – 170,4 млрд. теңге.

 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56