^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жексенбі, 15 қыркүйек 2019
 
     
 
Әлеуметтік сала / Экономика / Қаланың әлеуметтік - экономикалық дамуы
Алматы қаласының 2016 жылғы қаңтар - сәуір айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

Алматы қаласының 2016 жылғы қаңтар - сәуір айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

Өнеркәсіп өнімдері өндірісінің көлемі 231,9 млрд. теңгені құрады. Нақты көлемнің индексі өткен жылдың сәйкес деңгейінен -96,5%.

Негізгі капиталға салынатын инвестиция көлемі 123,5 млрд. теңгені немесе 2015 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 95,1%-ды құрады.

2016 жылғы қаңтар - наурыз айларында екінші деңгейлі банктер 1 453,2 млрд. теңге сомасында несие берді, 2015 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,4% өсті.

Шағын бизнеске берілген несиелер көлемі 267,0 млрд.теңгені құрады және 2015 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,7 есеге өсті.

Депозиттер көлемі 1,7 есеге өсті және 4 769,4 млрд.теңгені құрады.

Құрылыс жұмыстарының (қызметтер) көлемі 36,2 млрд. теңгені құрады немесе 2015 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 80%-ды құрады.

Жыл басынан 581,1 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, ал 2015 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,8%-ға артық.

Бөлшек тауар айналымының көлемі 0,5%-ға төмендеді және 623,0 млрд. теңгені құрады.

Көтерме тауар айналымы 0,6%-ға төмедеді және 2 347,2 млрд. теңгені құрады.

Жүк айналымы 5,5%-ға,жолаушы айналымы 6,9%-ға өсті.

Байланыс қызметінен түскен кіріс 4,5%-ға өсті және 131,6 млрд.теңгені құрады.

Тұтыну бағасының индексі 2016 жылдың сәуірінде 2015 жылдың желтоқсанына 103,9%-ды құрады, оның ішінде:

азық-түлік тауарлары бойынша – 104,3%;

азық-түлік емес тауарлары бойынша –106,4%;

ақылы қызметтер –100,9% -ды құрады.

Құнсыздану үдерістерін тежеу мақсатында жәрмеңкелер, бағаны мониторингілеу, бәсекелестікті кеңейту бойынша жұмыстар, негізгі әлеуметтік-маңызды тауарларына ұсыныстарды көбейту бойынша тұрақты жүргізілуде.

Орташа айлық еңбек ақы-168 724 теңге.

Жан басына шаққандағы кіріс-135 035 теңге

Жұмыссыздар деңгейі 5,3%-ды құрады.

2016 жылдың басынан қаланың жұмыспен қамту орындарына 5 605 адам өтініш жасады, оның ішінде тұрақты жұмыс орындарына 640, мемқолдау шараларысыз 2 794 адам жұмысқа орналастырылды.

Сонымен, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру есебінен, сонымен қатар жұмыспен қамтуды қолдау шараларының арқасында 2016 жылдың басынан 7 104 жұмыс орыны құрылды.

Күтілетін өмір сүру ұзақтығы 74,7 жасты құрайды.

Тууылғандар саны 9,8%-ды немесе 674 адамға өсті.

Қалалықтардың жалпы өлім деңгейі 1000 тұрғынға шаққанда 5,2%-ға, 7,52-ден 6,38-ге төмендеді, бұл орта республикалық деңгейден 20%-ға айтарлықтай төмен.

Жиынтық бюджетке 2016 жылдың 1 мамырына 546,1 млрд. теңге салықтар және басқа да міндетті төлемдер түсті.

Алматы қаласының 2015 - 2019 жылдарға арналған Өңірлік индустрияландыру картасына жалпы сомасы 120,3 млрд. теңгелік, 9 426 жұмыс орындарын құратын 55 инвестициялық жобалар енді.

2016 жылы жалпы сомасы 36,8 млрд. теңгелік, 4 344 жұмыс орнын құратын 16 жобаны іске қосу жоспарлануда.

2016 жылы Алматы қаласының нақты бар бюджеті 379,5 млрд.теңгені құрады, оның ішінде:

жергілікті бюджет шығысы – 212,2 млрд. теңге,

республикалық бюджеттен трансферттер – 167,3 млрд. теңге.

 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56